+7 (72336) 4-27-00

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде бірнеше рет мемлекеттің басымды міндеттерінің бірі ұлтты сауықтыру, спортты насихаттау және балаларды дене шынықтыруға тарту деп атап көрсетті. Елдің болашағы барлығынан бұрын дені сау, толысқан және берекелі ұлттың қолында. Ұлттың көркеюінің басты факторларының бірі отбасы болып табылады. Бүгінгі күні салауатты өмір салтын қалыптастыруда отбасына үлкен көңіл бөлінеді. Отбасы – бұл пайдалы әдеттер сіңіріліп, зиянды әдеттерден бас тарту қалыптасатын негізгі буын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында және ата-аналарды бала ағзасын сауықтыру бойынша бірлесе отырып күш салуға тарту, басты адами құндылық ретінде денсаулық түсінігін қалыптастыру мақсатында 14.11.2018 ж. «№21 балабақша» КММ мектепке даярлау тобының тәрбиеленушілерінің және ата-аналарының қатысуымен «Дені сау отбасы - дені сау ұлт-дені сау мемлекет» атты ата-аналар конференциясы өтті. Аталған шарада салауатты өмір салтын насихаттау, адамгершілік қасиеттерді дамыту және баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін СӨС маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту, СӨС құндылықтарын, денсаулық мәдениетін енгізудің жаңа нысандарын іздеу, ата-аналарды балалармен бірлесіп сауықтыру шараларына қатысуға тарту үшін жағдайлар жасау бойынша міндеттер шешілді.

Конференция біздің елімізде денсаулық сақтау және нығайту, әдет, дәстүр, өмір салтын қалыптастырудағы отбасы ролі, өз денсаулығына және айналадағылар денсаулығына қарым-қатынас мәселелеріне қалай көңіл бөлінетіндігі туралы әңгімеден басталды. Ата-аналар балалардың СӨС деген не, спортпен айналысудың қандай пайдасы бар, отбасындағы салауатты өмір салты туралы ой жүгірткен бейне сұхбатын қызығушылықпен тамашалады. Жүргізушілер денсаулығымызды күнмен салыстырып, оның әр шапағын денсаулықтың бір құрамдас бөлігі ретінде құрап, конференция барысында осы бөліктерді, олардың адам толыққанды өмір сүруі үшін маңызын анықтауды ұсынды.

Денсаулықтың әр бөлігін аша отырып, қатысушылар денсаулық еліне қызықты саяхат жасады. Балалар және ересектер сауықтырудың түрлері туралы қызықты деректерді біліп, өздері йога элементтерін, сауықтыру, тыныс алу жаттығуларын көрсетуге қатысты. Дене шынықтыру жөніндегі инструктор балабақшада ата-аналармен және балалармен жүргізілетін дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы туралы айтып берді және степ-платформаларда көңілді ширатып шынықтыру жаттығуларын өткізді. Кездесуде балалар дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы ережелері туралы білімдерін қызығушылықпен бекіте түсті. Ол кезде ата-аналарға дені сау адам моделін құрап, қорғау ұсынылды. Балалар денсаулық туралы мақал-мәтелдерді қазақ және орыс тілдерінде қайталады.

Шара қорытындысын жасай отырып жүргізушілер салауатты өмір салтының маңызы туралы тағы да еске түсірді, өз денсаулығына қатысты қарапайым қағидаларды сақтауға шақырды. Конференция «Сау болғым келеді» атты сауықтырудың түрлі нысандарын және тәсілдерін пайдалану бойынша ата-аналар және педагогтарға арналған ұсыныстар жинағын таныстырумен аяқталды. Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамалармен марапатталды.