+7 (72336) 4-27-00

         2018 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша 742,22 млн. теңгеге 148 конкурс жоспарланған. Барлық конкурстар мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған. 661,43 млн. теңге сомасына 140 конкурс өткізілді және олар бойынша 45 өнім берушімен келісім-шарт жасалды, оның ішінде: Риддер қаласынан 25 өнім беруші, Өскемен қаласынан 9 өнім беруші, қалғандары Қостанай, Орал, Семей, Астана, Алматы, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қалаларынан.8 конкурс бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр.

9 ай ішінде өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша үнемделген сома 40,8 млн. теңге.

         ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 28 бұзушылығын анықтады.Бұзушылықтар бойынша келіп түскен хабарламалар саны:

  1. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ – 5 (ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді);
  2. «Риддер қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 5 (барлық бұзушылықтар жойылды, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді, сатып алулар жойылды және қайтадан өткізілді);
  3. «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ – 5(бұзушылықтар жойылды, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді)
  4. «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ – 12 (барлық бұзушылықтар жойылды, мемлекеттік сатып алулар жойылды және қайта өткізілді, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді, қорытындылар қайта қаралды)
  5. «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ – 1 (бұзушылық жойылды, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді)

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қазанына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және Риддер қаласының ведомстволық бағынысты мекемелерімен 3248 басқа да мемлекеттік сатып алулар бір көзден және 749,8 млн.теңге сомасына баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, соның ішінде 158 млн. теңге сомасына тауарлар, 68,3 млн. теңге сомасына жұмыстар және 523,5 млн. теңге сомасына қызметтер өткізілді.