+7 (72336) 4-27-00

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сомасы – 500 мың теңге.

Есептік кезең ішінде келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Компьютерлік курстар.
  2. «Шаш сәндеу модельдеуінің негіздері»
  3. «Офис-менеджер »курстары
  4. «Киімді модельдеу негіздері»
  5. «Шаш сәндеу мен бояу» курстары
  6. «Өз-өзіне заңгер» курстары
  7. «Жаңа бизнести ұйымдастыру»
  8. «Кешкі бейне» сәнді шаш байқауы
  9. «Біз салауатты өмір салты үшін» дөңгелек үстел

Компьютерлік курстар – жастар қатарынан оқытуды 15 адам өтті. Курс аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушылар куәліктер алды.

Курсанттар Microsoft Word, Ecxel, PowerPoint, Publisher, базалық рфистік бағдарламалардың негіздерімен танысты. Оқу кезінде тыңдаушылар үлестірме материалдар алды. Курс біткен соң тыңдаушыларға куәліктер тапсырылды. Жұмысқа орналасқанда артықшылыққа ие болады, адам нақты салада өзінің білімін дәлелдей алады.

         «Шаш сәндеу модельдеуінің негіздері» курсы- оқуға 39 адам қатысты. Курс бағдарламасы үш блокты қамтиды:

  1. Блок. Бояу.
  2. Блок. Шаш сәндеуін орындау техникасы.
  3. Блок. Шаш сәндеуді жасау.

Курс аяқталған кейін барлық тыңдаушылар сертификаттар алды.

«Офис-менеджер. Хатшы. Кадрлар» курсының мазмұны:

  • Іс жүргізудің нормативтік - құқықтық базасы
  • Құжаттарды дайындау және ресімдеу ережелері
  • Құжаттардың деректемелерін ресімдеуге қойылатын талаптар
  • Бұйрықтарды дайындау және ресімдеу ерекшеліктері
  • Құжаттаманы басқару тәртібі (кірістік, шығыстық құжаттама, ішкі құжаттама)
  • Офис – менеджердің, хатшының, кадр қызметшінің лауазымдық міндеттері. Телефон арқылы қатынасу ережелері. Телефон этикеті.
  • Офис – менеджерге арналған бизнес этикеті
  • Түгендеу тәртібі
  • Қызметшіні қабылдау және жұмыстан шығарудың қадамдық ресімдері
  • Еңбек кітапшасын толтыру

Бүгінгі таңда кәсіпорындарда офис-менеджер хатшының, сондай-ақ кадр қызметшінің фоункцияларын орындайды. Біліктілік талаптары әртүрлі болса да, бұл үш кәсіптің жалпы маңызы бар. Қызметші- әмбебап жұмыс берушімен қолданады, сондықтан жұмысқа тұрудың мүмкіндігі көп. Бұл оқудан 31 адам өтті. Тарату материалдан басқа, курсанттар практикалық сабақтарда өту мүмкіндігін алды, Яғни: кадрлық операциялардың барлық түрлері, бұйрықтарды ресімдеу, еңбек кітапшаларын толтыру, жұмысқа қабылдау және шығару, кірістік және шығыстық құжаттама бойынша есепке алу журналдарын толтыру компьютер арқылы құжаттамалармен жұмыс істеу және т.б. Офис-менеджер кәсібі жастар үшін старттың бірі болып табылады. Жаңадан бастаған, офис саласында жұмыс істеуге ниет білдірген қызметкерлерге осы білімдер өте қажет.

Мастер-класс киімдерді модельдеу негіздері»

Барлығы 15 адам қатысты. Қазіргі таңда пішіп тігу кеңінен танымал болып келеді. Жастарда киімдерді өздері жасау қызығушылықтары туындайды. Киімдерді өздері пішіп тігу дүкендерден қарағанда арзан болып келеді. Курстарда тыңдаушылар пішіп тігу бойынша таратылатын ақпараттық материалдар, сондай-ақ белдемшелердің көптеген түрлерін өздері тігуге болатын сызба үлгілерін өз бетінше құруға мүмкіндік береді. Өз қолдарымен жасалған белдемшелердің сызба үлгілерінен басқа аталған қолөнеріне қызығулықтар танытуға мүмкіндік берді.

Курсы «Сам себе юрист - как защитить свои права» курстары

Тренитгке барлығы 14 адам қатысты. Курс барысында тыңдаушыларға тұсаукесерлер, ақпараттық материалдар ұсынылып, тренинг аяқталған соң тарату материалдары мен сертификаттар алды. Нәтижесінде тыңдаушылар әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, еңбек, отбасылық және неке туралы 6 кодек мазмұны бойынша түсінік алды. Тыңдаушылар қандайда бір салада құқықтары бұзылған жағдайда өз бетінше сотқа жүгіне алады, талап арыз жасауға, өз бетінше заңнаманы зерделеуге және бұдан әрі сотқа немесе басқа сатыға жүгіне алатын болады.

«Жаңа бизнесті ұйымдастыру» курсы, бағдарлама:

Курс барысында тыңдаушыларға тұсаукесер және ақпараттық материалдар ұсынылған. Курс аяқталған сон, нәтижесінде ЖК, ТО қалай құру, қандай құжаттар қажет, өз бизнесіңді құру алдында нені білу керек, өздерінің нақты мүмкіндіктерін бағалау, шағын бизнесті қолдау үлгілері, есептілік, құжаттама, қызметтерді ұсынудың қадамдық алгоритмі, өз құзыретін бағалау туралы тыңдаушылар таныс болды. Оқудан барлығы 17 адам өтті. Тренинг аяқталған соң тыңдаушылар қатысушылар сертификаттарын және тарату материалдарын алды.

«Біз салауатты өмір салты үшін» дөңгелек үстелі. Дөңгелек үстелге 12 адам қатысты. Дөңгелек үстелде СӨС-ті алдын алу, қоғамдық ұйымдардың, жастардың мүмкіндіктері туралы сұрақтар қаралды, бұдан әрі СӨС-ті алдын алу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Барлығы жобамен қамтылғандар: 143адам.

Жұмыспен қамтылғандар: 12

 

image20180828 174641 20180821 10530720180712 17013420180918 18542120180925 162146