+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы әкімінің аппараты кеңсе бөлімі туралы ереже.

Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыстық әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және Қазақстан      Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің орындалуына бақылау жасау;

Қала әкімі аппараты бөлімдерінде құжаттардың орындалуына  бақылау жасау  бойынша жұмыс тәжірибесін талдау және жалпылау; Бақылау күнін өткізуге құжаттарды дайындау;
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Электрондық үкіметті» құру мемлекеттік бағдарламасы іс-шараларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Қала әкімінің жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;
Қала әкімі аппаратында, Пригородный ауылдық және Үлбі кенттік округтері әкімдерінің аппараттарында азаматтардың өтініштерінің уақытында тіркелуіне және қарау мерзімдерінің сақталуына  бақылау жасайды.

 

«Риддер қаласы әкімінің апппараты» ММ кеңсесінің басшысы – Татьяна Анатольевна Баранникова.

barannikova

Өмірбаян:

Баранникова Татьяна Анатольевна 1964 жылы 28 шілдеде Ресей Федерациясының Алтай өңірінде туған. Орыс. Білімі жоғары – «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Функционалдық міндеттер:

1. Меңгеруші тікелей қала әкімі және әкім аппараты басшысының басшылығында жұмыс істейді.
2. Бөлім жұмысының тоқсандық жоспарын құрады, ұсынылатын материалдарды жинақтайды және жалпылайды, ақпараттар, анықтамалар, хаттар дайындайды.
3. Ауылдық және кенттік округтер, дербес бөлімдерінің жұмысын тексереді.
4. Қала әкімінің қабылдауын ұйымдастыруға қатысады.
5. Бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді.
6. Құпиялы іс – қағаздарын жүргізеді, құпиялы құжаттардың орындалуы мен өтуін, есепке алу мен сақталуын, оларды құпиялы құжаттармен жұмыс Ережелерімен сәйкес қолдауын бақылайды
7. Қала әкімі бақылаудан алу үшін бақылаудағы кіріс  хат – хабарларға талдау жүргізеді.
8. Қала әкімі аппараты бөлімдеріндегі құжаттардың орындалуына бақылау жөніндегі жұмыс тәжірибесін жалпылайды және талдайды және бақылауды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізеді; Бақылау күнін өткізу жөніндегі құжаттарды дайындайды.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбалы бланктерін дайындау және сақтау, есепке алу жөніндегі талаптарына сәйкес әкім аппаратының машбюросын және әкім аппаратының қабылхана хатшысы, экспедитор (құжаттардың уақытылы таратылуы) жұмысын ұйымдастырады.
10. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ сапа менеджменті жүйесінде сапа жөнінде жауапты болып табылады, тікелей СБӨ (сапа жөніндегі басшылық өкілі) бағынады және сапа менеджменті жүйесін жетілдіру және оны жұмыс қалпында сақтау, әзірлеу мәселелері бойынша орынбасары болып табылады.
11. Қала әкімі аппаратының жиынтық істер номенклатурасын құрады. Қала әкімі аппаратының бөлімдеріндегі номенклатураға сәйкес құжаттардың істерге қалыптасуын бақылайды.

Байланыстар:

Біздің мекенжайымыз: ШҚО, Риддер қ., Семенова көшесі, 19
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тел.: 8 (72336) 40567
Факс: 8 (72336) 42573

 

Кеңсе бөлімінің бас маманы - Нигметжанова Риза Советовна

nigmetganovaФункционалдық міндеттері:

1.  Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына өткізу үшін, қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінде Тұлғалардың Өтініштерін Есепке алу Бірыңғай Ақпараттық Жүйесінің жеке және заңды тұлғалардың есептік мәліметтерін жинау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

2. «Азаматтардың өтініштерін қарау туралы» №1-АӨ нысанындағы тоқсан сайынғы және жылдық статистикалық есеп дайындайды.

3.  Қала әкімі аппаратында азаматтардың өтініштерін уақытылы тіркеуді және қарау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

4. Қала әкімдігі мен қала әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдерді тіркеуді, регламентке сәйкес олардың дайындалуын бақылауды, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының тізбелерін электронды түрде қалыптастыруды жүзеге асырады.

5.  Ұсынылған сұраныстар негізінде  нормативтік құқықтық актілер көшірмелерін салыстыруды және беруді жүргізеді.

6. Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

7. Облыс әкімдігінің бақылауындағы Нормативтік актілерінің орындалу барысы туралы ай сайын және тоқсан сайын есеп дайындайды.

8. «Қаулылар мен өкімдерді есепке алу» ААЖ құжаттарды дайындау және жіберу»;

9. Сапа саласындағы саясатты білуі және қолдануы тиіс.

10. Басқа бөлімшелермен бірлесіп қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту немесе күшін жойған күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды.

11. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жақсартуға қатысады.

12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

Кеңсе бөлімінің бас маманы - Оралбаева Ардақ Жанатовна

oralbaeva

1. Іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығына сәйкес, қала әкімі аппаратында жалпы іс қағаздарын бірыңғай тәртіпте жүргізуді қамтамасыз етеді.

2. Кіріс хат-хабарларын тіркейді, компьютерге енгізеді, тіркеу-бақылау карточкаларын басады, компьютерге басшылықтың қарарларын, құжаттардың өткендігі, орындалғандығы және бақылқала алынғандығы туралы белгіні енгізеді;

3. Қала әкімі, оның орынбасарлары және бөлім меңгерушілері қарау үшін, кіріс хат-хабарларының уақытында өңделуін және жеткізілуін жүргізеді.

4. Бақылаудағы құжаттардың картотекасын жүргізеді, құжат айналымы бойынша деректер базасын құрайды және түзетеді.

5. Іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығына сәйкес шығыс хат- хабарларын тіркеуді жүргізеді және олардың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.

6. «Ұйымдастыру-өкімдік құжаттар» деректер базасы  бөліміндегі “Lotus Notes” бағдарламалық қамтумен жұмыс жасайды.

7. Мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу бойынша ай сайынғы есепті дайындайды.

8. Қала әкімі аппаратының құжатайналымы бойынша жылдық есептер дайындайды.

9. Қала әкімі аппаратының жиынтық істер номенклатурасын жасайды, қала әкімі аппаратының бөлімдерінде құжаттардың номенклатураға сәйкес істерге құрылуына бақылау жасайды.

10. Сақтауға жататын құжаттарды жыл сайын дайындайды және архивке тапсырады.

11. Келіп түскен құжаттарды ЭҚАБЖ тіркеуді жүзеге асырады.

12. Құжаттар жобаларын ЭҚАБЖ дайындау және жіберу.

13. Бөлімнің аудармашыларымен мемлекеттік тілден орыс тіліне аударудың сапасын бақылау.

14. Сапа саласындағы саясатты білуі және қолдануы тиіс.

15. Басқа бөлімшелермен бірлесіп қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту немесе күшін жойған күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды.

16. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жақсартуға қатысады.

17. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.