+7 (72336) 4-27-00

«Незабудка»әйелдерді қолдау орталығы» мекемесі

«Гендерлік мәселелерді шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер»

 

2018 жылғы 13 наурыздағы №40 келісімшарт

 

Келісімшарт сомасы: 493000 теңге

2018 жылғы 22 қарашаға орындалған сома: 440000 теңге

ЖОБАНЫҢ І КЕЗЕҢІ: Отбасыны және балалық шақты қорғау бойынша кабинеттің қызметі (кеңестік пункт және сенім телефоны)

Әр дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 10.00-ден сағат 14.00-ге дейін әйелдер мен балаларды қабылдау жүргізіледі. Клиенттен оған ыңғайлы уақытта кеңесшімен кездесу туралы сұрау түскен кезде, қабылдау уақыты қосымша белгіленеді. Өтінішпен келген азаматтарға құқықтық және психологиялық қолдау ақысыз ұсынылады. Қабылданған шаралар туралы құпиялық пен ақпараттандыру міндетті шарт болып табылады.

2018 жылы 152 кеңес берілді.

ӨТІНІШТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

  • Отбасылық маскүнемдік
  • Отбасыдағы физикалық, психологиялық, экономикалық, сексуалды зорлық-зомбылық.
  • Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен күту жауапкершілігінің жоғалуы.
  • Әкелік институтының болмауы.
  • Балаларды күтуге арналған алименттерді төлеу проблемасының жыл сайынғы шиеленісуі.
  • Құқықтың әр түрлері бойынша заңдық кеңестің қажеттілігі.
  • Тұрғын үйдің/ құжаттардың/ ақшалай қаражаттың болмауы.
  • Жасөспірімдердің өз құрбыларымен, ата-аналары және педагогтармен күрделі өзара қатынастары.

ҚІІБ бірлесіп тәуекел топтардағы отбасыларға рейдтер және алдын алу мақсатымен АӨЖ-ге тап болған адамдармен (өз-өзіне қол жұмсау) кездесулер өткізілді. Сондай-ақ жыл ағымында Орталық қызметкерлері «Быт» ШПШ –ға, адам саудасын болдыртпау және алдын алу, отбасылық зорлық-зомбылық мәселелер бойынша акцияларға белсенді қатысты.

ЖОБАНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған мәдени-сауықтыру іс-шараларды өткізу болып табылады.

  • 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған «Мама, папа, я - спортивная семья» мерекесі. Қатысушылар- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп жатқан отбасылар. Көшпелі іс-шара «Громотуха»д/б өтті.
  • Қыркүйектің екінші жексенбісі- Республикалық отбасы күні. Қалалық отбасылық форум- байқауын ұйымдастыруына және өткізуіне қатысты. Конкурстық комиссия Мәдениет Сарайына мерекеге қатысу үшін іріктеу кезеңнің нәтижесінде бес отбасын белгіледі. Байқау кезінде олар өз отбасылық таланттарын көрсетіп, өз әулетінің тарихы және отбасылық дәстүрлерімен бөлісті.

Осы уақытта жобаның соңғы кезеңіне дайындық өтіп жатыр- «Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықсыз 16 күн» халықаралық ақпараттық кампанияның шеңберінде іс-шаралардың ұйымдастыруына және өткізуіне қатысу.

 

 3322 55223 55663