+7 (72336) 4-27-00

Халықтың өмір сүру салтының өлшемі мен ырғағы, оның тілі дыбыстарының әуені, оның туған әндері мен әуендері ұлттың шынайы дыбысын жасай отырып, әлемнің жалпы музыкасына табиғи түрде қосылады. Марсель Галиев "рух Симфониясы" (РУХ)

Бүгінгі күні "қоғамдық сананы жаңғырту" туралы көп айтылады, бірақ бұл сөздердің артында не тұр? Сананы жаңғырту дегеніміз не? Олар – бұл ең жаңа сананы тасымалдаушы кім? Ол модернизацияланған немесе әлі үлгермегенін қалай түсінуге болады? Ақыр соңында, Рухани Жаңғыру деген не өзі?

Әдеттегі қала көшесін елестетіңізші... біз нені көреміз? Аялдамада адамдар автобус күтуде, біреу қоқыс жәшігінің жанында темекі шегеді, біреу өз ойына батып, құлаққап тағып тұрады, біреу сөйлеседі... егер біз көзімізді түсірсек, мүмкін, тротуар плиткасын, тазаланбаған қар, билеттер, түкіріктер көрерміз ... бірақ бұған ешкім де назар аудармайды...

Ал енді   басқа жағдай көзімізге елестетіп көрелік: көше таза, ешкім билеттерді қоқыс жәшіктерінің маңайына тастамайды, жердің бәрі түкірік емес, аялдама/тротуарлар тегіс, сынық плиткаларды да көрмейміз, қар күрелген, мұз басқан жердің бәріне тайғанақ болмау үшін құм төгілген, ешкім аялдамада темекі шекпейді, ол үшін арнайы орындар бар... Егер біреу қоқысты жерге тастап кетуді ойласа, оған ескерту жасалады.

Бәлкім, бұл біздің өзгергеніміздің ең қарапайым көрсеткіші болар, біз айнала жүріп жатқан нәрселерге бейжай бола алмадық, біз өз қаламызға ұқыпты қараймыз, жұмысымызды сапалы жасаймыз, яғни, көшелерді тазалаудан бастап ұйымды басқаруға дейін қызметімізді адал атқарамыз.

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасының "жүрегін" түсінуге тырысып көрейік – бұл алты негізгі принцип/бағыт: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім культі, эволюциялық даму, сананың ашықтығы. Кейбір түсініктерді өзімізше түсіндіріп көрейік... бл айтқандарымыз, әрине, ақиқат емес, бірақ біз осылай сезініп тұрмыз... біз жауаптарды осылай іздейміз, сондықтан біз Рухани Жаңғыруды күнделікті өмірімізге енгізуге тырысамыз...

Бәсекеге қабілеттілік: мені не нәрсе кәсіби білікті маман етеді? Мені өзім сияқты жүздеген мамандар қарағанда не нәрсе үздік етіп тұр? Маған өз мамандығым бойынша бірінші болуға ұмтылу керек пе?

Бәсекеге қабілеттілік – бұл адамның білімді, іскерлікті және дағдыны еңбек нарығында ең кем дегенде ең жоғары құндылық беру үшін басқару қабілеті.

Прагматизм: несиеге айфон алу немесе өз баспанаңа ақша жинау ма? Қолға түскен бар ақшаны "әдемі" өмірге жұмсаған жөн бе, әлде қолда барды ұтымды пайдалануға бола ма? 500 адамға үлкен той ұйымдастыру қалай, немесе сүйікті адаммен ел көріп қайту/балалар үйінің балаларына мереке сыйлау/пәтерге бастапқы жарна төлеу қалай?

Прагматикалық немесе үнемді = ұтымды. Бұл біздің ұлттық кодымыздың бір бөлігі болатын дәстүр туралы немесе жанымызды рахатқа бөлейтін нәрсені (клубқа бару, кештер, дәмді тағам, жақсы телефон) ұмыту керек дегенді білдірмейді, бұл өз ресурстарыңды (материалдық қана емес) бағалау және ұстау дегенді білдіреді.

Ұлттық бірегейлікті сақтау: мен кіммін? қазақ/орыс/неміс/татар немесе ҚАЗАҚСТАНДЫҚПЫН ба? Менің жерім – бұл шын мәнінде менің үйім бе немесе жай ғана өмір сүретін және керек кезде көшіп кететін қала ма? Мен бұл жерде өмір сүру үшін не істеуге дайынмын?

Қазақстан – бірегей ел. Бізде мәдениеттердің, дәстүрлердің, этностардың керемет қорытпасы бар. Біз бұл туралы күн сайын айтпаймыз және ойламаймыз да, бірақ оның ішінде Қазақстан халқының әртүрлілігінің, өрісінің бір бөлігі, әдемі және қуатты "симфониясының" бір бөлігі болу маңызды және құнды екенін нақты білеміз, оның партитурасын біз, әрқайсымыз өз істерімізбен күн сайын жазамыз.

Білім мен сананың ашықтығы: мен уақытымның әр сәтінде нені үйренгім келеді? 40 – бұл университетке түсу немесе жаңа дағдыны меңгеру үшін кеш емес пе? Мен өз саламда нендей жаңалық біле аламын, басқа салаға кірігіп, таным жолын қайта бастай аламын ба? Біздің балаға тән қызығушылығымыз бен ақыл-ойдың талпынысы қайда кетеді, ол бізге ересек өмірде қажет пе?

"Білімге ұмтылудан гөрі табиғи талпыныс жоқ..."(Мишель де Монтень). Технология әлемі жылдам және қарқынды дамып келеді, «көзіңді ашып-жұмсаң бітті, өзгелер сені басып озып кетеді», ал осы өмірден қалмай, тіпті тарих қойнауында қалып қоймай, оның бір бөлігі болу – бұл әркімнің өз таңдауы болмақ.

Рухани Жаңғыру – бұл тек абстрактілі және алыстағы қоғамдық сананы жаңғырту ғана емес, бұл әрбір қазақстандықтың ішінде жатқан күнделікті ойлары - оның уайымдары, тарих пен мәдениетке деген қызығушылығы, ұмтылысы мен армандары, болашаққа қамқорлығы, оның РУХАНИ жаңғыруы, өзін жетілдіруі.

 

Ал Сіз Рухани Жаңғыру туралы не ойлайсыз? Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білім табынуы және т. б. сөздерге қандай мағына бересіз?

rukhani 2