+7 (72336) 4-27-00

«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі басшысы -  Персыпко Светлана Александровна

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

3.1. Бөлімді басқаруды жүзеге асырады, қала әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарымен ақпараттық және ұйымдастыру байланысын қамтамасыз етеді.

3.2. Мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық технологиялар мониторингі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

3.3. Қала әкімі аппаратында, дербес бөлімдерде рұқсат құжаттарын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және мониторингті жүзеге асырады.

3.4.Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын ұйымдастырады және жүргізеді.

3.5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

3.6.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді. 3.7.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпарат, есептер беруді қамтамасыз етеді.

3.8. «Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша облыстық маңызы бар, қалалар, аудандар аумақтарын дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізу, жүргізілген бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің мониторингі, талдауы бойынша талдау материалдарын дайындайды.

3.9. «Мемлекеттік қызмет көрсету» және «ақпараттық технологияларды қолдану» бағыттары бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді.

3.10. Бақылау объектілерінің анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауын және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы саласындағы ұсынымдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

3.11. Қала тұрғындары арасында компьютерлік сауаттылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу бойынша жобаны іске асыруды, қала әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың функцияларын автоматтандыру бойынша іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді; ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың барлық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді; қала әкімінің сайтына арналған материалдарға талдау жүргізуді және түзетуді қамтамасыз етеді.

3.12.Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің (ЭҚАБЖ) жұмысын цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып бақылау және электрондық құжаттармен алмасу үшін Бірыңғай көлік ортасына қосу.

3.13. Кеңсе басшысы болмаған кезеңде құпия іс жүргізуді жүргізеді,құпия құжаттардың өтуі мен орындалуын,құпия құжаттармен жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес оларды есепке алуды,сақтауды, пайдалануды бақылайды.

3.14. Кеңсе басшысы болмаған кезеңде фельдъегерлік және арнайы бөлім арқылы қабылдауды және таратуды қамтамасыз етеді.

«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы - Райбаева Бекзат Изаятовна

9La6vo39Aso

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

3.1. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізеді.

3.2. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді, Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша атқарушы органдардың (қызмет берушілердің) мониторингін, ішкі бақылауын жүргізеді.

3.3. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің техникалық қорғалуына талдау жүргізеді, оларды жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлейді.

3.4. Техникалық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыру, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізеді; мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын, электрондық мемлекеттік қызметтерді құру және енгізу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

3.5. Қала әкімінің ресми сайты мен блогының жұмыс істеуі бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады.

3.6. «Электрондық әкімдіктің» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

3.7. Қала тұрғындары арасында компьютерлік сауаттылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу бойынша жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

3.8.Аумақтарды дамыту бағдарламасында бекітілген әкім аппараты қызметінің нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің іске асырылуын және қол жеткізілуін бақылауды жүзеге асырады.

3.9. Әкімшілендіруді жүзеге асырады, ақпараттандыру деңгейін арттыру және «электрондық әкімдік» жүйесін дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді.

3.10. Халықтың қоғамдық қол жетімділік пункттерінің жұмысын, облыс әкімінің ситуациялық орталығында деректерді толтыруды бақылау.

3.11. «Мемлекеттік қызмет көрсету», «ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты және «халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі» индикаторы бойынша әкімдік пен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау қорытындылары бойынша нәтижелерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар өткізеді.

3.12. «Е-әкімдік» АЖ, «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ, «Е-рұқсат» АЖ МДҚ, «Әлеуметтік көмек» АЖ МДҚ, «Е-қызмет» АЖ, «МОИП» АЖ, қаладағы «Е-еңбек» АЖ жүйелерін сүйемелдеу және Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етеді.

3.13. Қызмет алушыларды қызмет алушыларға көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

3.14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелердегі жұмыс үшін жауапты болады, қаланың мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізуге қатысады.