+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының  ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.12.2018 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 57113  адамды құрайды, оның ішінде 53874 адам қалада, 3239 адам - ауылдық жерде тұрады. 2018 жылдың (57541 адам) басында халық саны 428 адамға азайды.

2018 жылға халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 185 адамды құрады. Аталған кезеңде 672 бала туылды (2017 ж. көрсеткішіне қарағанда 94% – 715 бала), 882 адам (2017 ж. көрсеткішіне қарағанда 102,9% – 857 адам) қайтыс болды.

clip_image002.jpg

01.01.2019 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 574 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санынан – 554 (96,5%) – шағын, 17 (3,0%) – орташа, 3 (0,5%) – ірі кәсіпорындар.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

 

Өнеркәсіп

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2017 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне 0,6% өсумен 134355,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 93,4% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

  • «Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;
  • «Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы

Риддер өңірі бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, ол 2017 жылдың (6170,1 млн.теңге) тиісті кезеңінің деңгейіне 4,5% жоғары, оның ішінде мал шаруашылығы саласында – 1361,1 млн.теңге (2017 ж. – 1276,5 млн.теңге) 2017 жыл деңгейіне қарағанда 106,6% дейін өсумен, өсімдік шаруашылығы саласында – 5086,7 млн.теңге (2017 ж. - 4893,6 млн.теңге) 2017 жыл деңгейіне өсумен 103,9%) 6447,8 млн.теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі – 103,3%, оның ішінде мал шаруашылығы саласында – 101,4%, өсімдік шаруашылығында – 103,8%.

Малдарды және құстарды сойып өткізу 2017 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 983,8 тонна немесе 99,8% іске асырылды. Жұмыртқа өндірісі 1736,8 мың дананы құрап, 2,3% артты. Сүт өндірісі 3,7% артып, 5037,1 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы мал басының келесі түрлері өсті:

- ІҚМ 4874 басқа өсіп, 1 басқа, оның ішінде сиыр 1992 басқа өсіп, 52 басқа;

- қой және ешкі 1556 басқа өсіп, 7 басқа;

- шошқа 1614  басқа өсіп, 1 басқа;

- жылқы 1611  басқа өсіп, 265 басқа;

- құстар 13070 басқа өсіп, 335 басқа өсті.

clip_image004.jpg

2018 жылы жалпы егіс көлемі 2017 жыл деңгейіне қарағанда 29 га немесе 0,8% өсіп 3819 га құрады. 2017 жыл деңгейіне қарағанда егіс құрылымында 1105,8 га құрап, дәндi, дәндi-бұршақты дақылдар алаңы 15,8% ұлғайды, мал азығы дақылдарының алаңы 1330,1 га құрап, 8,3% азайды. Картоп алаңы 1,3% азайды, алайда көкөніс алаңы 1,7% ұлғайды. Сондай-ақ 2018 жылы күзгі бидай үшін егіс алаңы 288,9 га құрап, 4,7 есеге, арпа 546,8 га құрап, 23,2% ұлғайғаны белгіленді.

Астық жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша:  

- бидай 308,9 га немесе 100%, 969 тонна бастырылды, өнімділігі 31.4 ц / га, бұл 2017 жылғы деңгейден 37,1% - ға жоғары (22,9 ц / га);

- арпа 546,8 га немесе 100%, 1391 тонна бастырылды, өнімділігі 25,4 ц/га, бұл 2017 жылғы деңгейден 3,2% - ға жоғары (24,6 ц/га);

- сұлы 250 га немесе 100%, 801 тонна, өнімділігі 32 ц / га, бұл 2017 жылғы деңгейден 21,2% - ға жоғары (26,4 ц / га);

- картоп 1110 га немесе 100%, 33300 тонна жиналды, өнімділігі 300 ц/га, бұл 2017 жылғы деңгейден 3,4% жоғары (290 ц / га);

- көкөніс және бақша дақылдары 268,5 га немесе 100%, 9227 тонна жиналды, өнімділігі 343,6 ц/га, бұл 2017 жылғы деңгейден 38,2% - ға жоғары (248,7 ц/га).

Дайындалған азықтар:

- жоспар 13 мың тонна болғанда 15,0 мың тонна шөп (115,4%)

- 4,4 мың тонна пішендеме жоспар бойынша 4,4 мың тонна (100%);

- жоспар бойынша 4,0 мың тонна сүрлем (100%);

- жоспар бойынша 4,0 мың тонна сабан (100%).

         Кәсіпкерлік

Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2017 жылға қарай (418 субъект) 9 бірлікке немесе 2,2% төмендеумен 409 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2017 жылға (266 субъект) 4,1% - ға немесе 11 бірлікке өсумен 277 субъектіні құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2758 бірлікті құрайды, ол өткен жыл деңгейіне 5,5% немесе 143 субъектіге (2615 бірлік) жоғары.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2017 жыл ұқсас кезеңінің көрсеткішіне (28390,3 млн.теңге) нақты бағаларда 13,9%, салыстырмалы бағада 7,1% ұлғаюмен 32348,2 млн.теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 80,1% немесе 25906,1 млн.теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.  

 

Негізгі капиталға салынатын инветициялардың жалпы көлемі 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (20817,9 млн.теңге) қарағанда 4390,3 млн. теңгеге немесе 21,1% өсіп 25208,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 114,0% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (11773,3 млн. теңге)  4,7% өсумен 12331,8 млн.теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі – 100,6%.

Тұрғын үйлерді беру 11097 шаршы метрді құрады (2017 жылы 8045 шаршы метр), бұл 2017 жылғы деңгейден 37,9% - ға жоғары.

         Еңбек нарығы

01.01.2019 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 154 жұмыссыз тіркелді;

- 1781адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 91,6%;

- 579 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 40 адам жіберілді;

- оқуға және қайта оқуға 94 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 57 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 367 жұмыссыз тартылды;

- 188 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.01.2019 жылғы жағдай бойынша өңір бойынша аз қамтылғандар ретінде есепте 82 отбасы/276 адам тұр, бұл 2017 жылға (27 отбасы/94 адам) 55 отбасыға/182 адамға көп. Кедейшілік шегі 14797 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қалалық бюджет қаражатынан 43032,0 мың теңге төленді, бұл 2017 жылғы деңгейден (32209,6 мың теңге) 33,6% жоғары.

Бюджет

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға барлық деңгейдегі бюджетке 5861,7 млн. теңге түсті, 2017 жылдың деңгейіне 80,6% құрайды. Түсімдердің төмендеуі 1390,5 млн.теңге сомасында 2017 жылы бір жолғы төлеммен негізделді.

Қалалық бюджеттің меншікті кірісінің болжамы 102,0% орындалды. Жоспар бойынша 3137,5 млн. теңге, нақты 3201,5 млн.теңге түсті. 2017 жылға қарағанда түсімдер 5,5% немесе 166,0 млн. теңгеге өсті.   

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2018 жылға 100,0% орындалды.  

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізбесі бойынша                  2018 жылғы 9 айға орташа айлық жалақы мөлшері 157636 теңгені құрады, ол 2017 жылғы ұқсас кезеңіне орташа айлық жалақының мөлшері 10,4% жоғары және ШҚО өңірінің арасында Курчатов қаласынан кейін көлемі бойынша екінші болып табылады.  

2018 жылғы 9 айға жалақы қоры 22276,8 млн.теңгені құрай отырып, 2017 жыл деңгейіне қарағанда 9,9% өскенін көрсетеді. Жұмыс істейтіндер нақты саны 15702 адамды құрап, 2017 жыл деңгейіне 0,5% төмендеді.

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.01.2019 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1016  бала тұр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

2018 жылға Риддер қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының дерегі бойынша 2017 жыл деңгейіне қарағанда аурудың 11 түрі бойынша өсу тіркелді.

Туберкулез ауруымен 16 науқас тіркелді, бұл 2017 жылға сәйкес келеді (16 жағдай). Науқастану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 27.7 құрайды және 2017 жылғы көрсеткішке сәйкес келеді.

2017 жылы 4 жағдайда сәби өлімінің 8 жағдайы тіркелді. Ана өлімі болған жоқ.  

Онкологиялық науқастанғандар есебіне алынғандар саны 195 адамды құрады, ол 2017 жылдың (222 адам) көрсеткішіне қарағанда 27 адамға немесе 12,2% төмен. Онкологиялық науқастанудан 88 адам қайтыс болды, ол 2017 жылдың көрсеткішіне 28 адамға немесе 24,1% (116 адам) төмен.

Қылмыскерлік

Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны                         2017 жылдың (1462 оқиға) көрсеткішіне 10,9% төмендеумен 1302 оқиғаны құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2017 жылы 298,2 салыстырғанда 227,2 құрады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 69,5% құрады, ол               2017 жыл деңгейіне 2,6 пайыздық тармақтарға (66,9%) жоғары.

2017 жылмен салыстырғанда төмендеу келесі қылмыс түрлері бойынша байқалады:

- орташа ауырлықтағы 3,6% 2017 жылы 970 - тен 2018 жылы 935-ке дейін;

- ауыр емес 31,9% 2017 жылы 226-дан 2018 жылы 154-ке дейін;

- ауыр қылмыс 9,5% 2017 жылы 84-тен 2018 жылы 76-ға дейін;

- бірге ауыр және аса ауыр қылмыстар 3,1% - ға 2017 жылы 97-ден 2018 жылы 94-ке дейін;

- қоғамдық орындарда 16,5% (2017 жылы 370-тен 2018 жылы 309-ге дейін);

- алкогольдік және есірткілік масаң күйде 1,2% (2017 жылы 252-ден 2018 жылы 249-ға дейін);

- бұрын 9,0% - ға (2017 жылы 634-тен 2018 жылы 577-ге дейін));

 - кәмелетке толмағандар 38,2% (2017 жылы 34-тен 2018 жылы 21-ге дейін);

- топта -11,9% - ға (2017 жылы 134-тен 2018 жылы 118-ге дейін).

Тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 42 жағдайды құрады, ол 2017 жыл тиісті деңгейінен 31,2% (32 жағдай) жоғары, зардап шеккендер саны - 57 адам (2017 жылы – 41 адам), бұл 2017 жылғы деңгейден 39,0% - ға немесе 16 адамға жоғары. Жол-көлік оқиғалары нәтижесінде 9 адам қайтыс болды, ол 2017 жылдың көрсеткішіне 2,2  есеге (4 адам) жоғары.

Риддер өңірі аумағында 2018 жылы 106 өрт болды, ол 2017 жылдың көрсеткішінен (107 өрт) 1 фактіге немесе 0,9% төмен.

Табиғи-техногендік сипаттағы 14 төтенше жағдай тіркелді, ол 2017 жыл көрсеткішіне (35 жағдай) 21 оқиғаға немесе 2,5 есеге төмен.