+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан, солтүстікте Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шекараласады. Риддер қаласы – Шығыс Қазақстан облысының көлемі бойынша үшінші өнеркәсіптік орталығы болып табылады, 1786 жылы кент ретінде қаланды және кен орындарын алғаш ашқан тау инженері Филипп Риддердің есімі берілді.

            Әкімшілік аумағы - 3,39 мың шаршы метрді құрайды, 10 елді мекенді қамтиды. Халық саны 01.12.2018 ж. 57113 адамды, оның ішінде ауыл тұрғындары – 3239 адам (5,7%) құрайды. Облыс орталығы Өскемен қаласына дейінгі қашықтық 135 км құрайды.

            Климаты  күрт континентальды, сипатты белгілері – қысы ұзақ, суық, жазы шамалы салқын, ауа температурасы көп жылдық және тәуліктік ауытқу. Лениногор ойысында таулы, орманды дала ландшафты дамыған: қоңыр-қылқанды тайга, аралас ормандар, бұталар және биік бойлы шөп түрлері. Риддер қаласы маңайының басым бөлігін шыршалы орман алып жатыр. Жер бедері таулы болғандықтан шаруашылық мақсатында кеңінен пайдалануға қиындық келтіреді. Өңірде жақсы дамыған өзендер желісі, көп таяз су ағындары мен бастаулар бар. Барлық өзендер таудан ағатындықтан ағыны қатты, жағалаулары тасты болып келеді. Риддер қаласының сумен жабдықтау көзі таулы қазаншұңқырда орналасқан Кіші Үлбі су қоймасы болып табылады. Айдын алаңы – 3,7 км2, көлемі – 84 млн.м3.  Өңір аумағында емдік мақсатында пайдалануға болатын суық родон сулары анықталды.

            Риддер қаласы Өскемен агломерат құрамына кіреді, түрлі түсті металдардың перспективалы кен орындары бар, су және орман ресурстарымен, құрылыс материалдарын өндіру ресурстарымен қамтамасыз етілген.         

            Түрлі түсті металдар кен орындарының ішінде алтын араласқан қорғасын-мырыш кендері, күміс, кадмий, сүрме, күшәлә, қалайы, темір, күкірт және басқа элементтер басым. Құрылыс материалдарының ішінде кірпіш шикізаттары, түйіршек-құмқоспалары және құмдар мол.  Ауылшаруашылық әлеуеті шектелген, бірақ бар табиғи-рекреациялық ресурстар туризмді дамытуға мүмкіндік туғызады.

            Өңірдің экономикасы түрлі түсті металлдардың кен ошақтарын дамытуға және рудалық қайта өңдеуге, жылу- және су энергетикасы салаларының, шағын бизнес ортасының дамуына беттелген. Өнеркәсіптің айқын көрсетілген бағыттылығы тау-кен өндіру саласы мен түсті металлургияның  үстемділігімен түсіндіріледі, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі олырдың үлесі 84,8%. Осы секторға қызмет көрсетуге көп дәрежеде машина жасау, энергетика кәсіпорындары, шағын бизнес субъектілері бағытталған.

            01.01.2019 жылғы жағдай бойынша статистикалық есепте меншіктің барлық түрінде 574 шаруашылық ететін субъектілер тұр, оның ішінде 3 – ірі кәсіпорын, 17 – орта, 554 субъектілер – саны 100 адамға дейін жететін шағын кәсіпорындар. Сонымен қатар салық есебінде дербес кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын 2404 жеке тұлға тұр.

Қала құраушы «Казцинк» ЖШС мен оның еншілес кәсіпорындары негізгі жұмыс беруші және қалалық бюджетті қалыптастыру көзі болып табылады.

            Тау-кен өндіру саласы құрамына үш кеніш және байыту фабрикасы кіретін Риддер тау-кен байыту кешені «Казцинк» ЖШС ұсынылған. Металлургия кешені металл мырышын, кадмий, күкірт қышқылын, рольдік қорғасын өндірумен «Казцинк» ЖШС Риддер металлургия кешенімен ұсынылған.

            Машина жасау саласында болат, металл құрылымдарын, болат құймаларын және басқа да түсті металлдарды, пластмассадан жасалған бұйымдарды өндіретін «Казцинкмаш» ЖШС өндірістік кешені, «Казцинк» ЖШС РТБК және «Казцинк» ЖШС РМК, «Казцветметремонт» ЖШС, «Востокмонтаж» ЖШС және «Аил» ЖШС металл бұйымдарын өндірумен жабдықтарды жөндеу бойынша қызмет көрсететін «Казцинк-Ремсервис» өндірістік кешені қызметін жүзеге асырады.

            Энергетикалық кешен гидроэнергетикалық («Компания «ЛК ГЭС» ЖШС) және жылу станциясымен («Риддер ТЭЦ» АҚ) ұсынылған. Электрмен жабдықтау қызметін жеткізушілер «ВК РЭК» ЖШС, «Шыгыэнерготрейд» ЖШС, жылумен жабдықтау қызметтерін - «Риддер ТЭЦ» АҚ, кәріз және сумен жабдықтау қызметтерін - «Водоканал» КМК, «Л-ТВК» ЖШС болып табылады.

            Риддер өңіріндегі ауылшаруашылық өндірісі саласы жұмыс істейтін 67 шаруа қожалығымен ұсынылған, оның 2 ірі тауар өндірісімен және тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығымен айналысады.

            2019 жылдың басына қалалық білім беру ұйымдарының желісі 33 бірлікті құрайды - 14 жалпы білім беру, 1 «балабақша-мектеп»,12 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар, 3 қосымша білім беру ұйымы.

            Қаланың денсаулық сақтау саласында 2 аурухана («Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК және «Психоневрологиялық диспансер» КМҚК) және 10 жеке меншік емдеу мекемелері медициналық қызметтер көрсетеді.

            Қалада 9 мәдениет мекемесі, оның 1 тарихи-өлкетану мұражайы (облысқа бағынысты), 6 кітапхана, 1 клуб мекемесі, Халықтар достығы үйі жұмыс істейді.

            Спорттық құрылыс желісі 67 спорт объектісімен ұсынылды, оның ішінде: «Сокол» стадионы, дене шынықтыру кешені, Спорт модульі, 2 жүзу бассейні, 17 спорт залы,                          1 жапсарлас салынған спорт залы, 22 ашық спорт алаңы, 2 ату орны, 4 шаңғы базасы,                     12 хоккей корттары және мұз айдыны.

            Қалада 21 үкіметтік емес ұйым, 9 діни бірлестік қызмет етеді.

            Теңдессіз табиғи-рекреациялық ресурстардың (Риддер қ. маңайындағы ландшафтар) болуы өңірдің туристік әлеуетін анықтайды. Қалаға жататын аумақтарда көптеген туристерді тартатын Рудный Алтайдың негізгі табиғи көрнекті жерлері шоғырланған. Өңірде туристік бағыттағы 2 үкіметтік емес ұйым, 9 қонақүй, 4 тау-шаңғы базасы, 10 демалу базасы, Батыс-Алтайлық мемлекеттік табиғат қорығы, Алтай ботаникалық бағы жұмыс істейді.

            Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақты сектор мен әлеуметтік сала көрсеткіштерінің оң динамикасымен сипатталады.