+7 (72336) 4-27-00

Риддердің көрнекі жерлерінің аясында демалып жатқан, саяхат жасауға, жаңа әсерлер алуға Ресей Федерациясынан келген спортшы-туристтерден құрылған бір топ 21.02.2019 ж. қалалық тарихи-өлкетану музейіне келді. Біздің қаламыз, оның тарихы, табиғи байлықтары, яғни осы секілді туризм түрлері жандарына жақын көптеген елдерден келген адамдардың қызығушылықтарын артады. Әрине, тарихи-өлкетану музейі туристтердің бірден бір маңызды бағыттарының бірі болды.

Өскелең ұрпақ үшін жиналып, сақталғаны туған қаланың тарихы туралы, музейдің негізін салушылар туралы экспозиялардан білуге болады. Музей маманы С.В. Никифорованың қызықты лекциясының арқасында қонақтар қаламыздың атауы оның құрметіне аталған, алғашқы ашушы Ф.Риддер, өлкені қонықтандыру тарихы туралы, қаламыздың әйгілі адамдары туралы айтып берді. ҚР Тәуелсіздік жылдары қаланың жетістіктері, Лениногорск-Риддерге мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың келуі, қала тарихындағы оның рөлі туралы таныс болды.

Музей қорынан алынған Тәуелсіздік жылдарында қолданылған барлық қағаз ақшалар ұсынылған, ҚР валютасы мен мемлекеттік рәміздеріне арналған экспозицияны тамашалаудан келушілер жақсы әсерлер алды. Музей мамандары қала құраушы кәсіпорындар, заманауи Риддер-мега мүмкіндіктер туралы айтып өтті.

Келушілер өз кезегінде аса қызығушылықтарымен экскурсоводты тыңдап, Риддер өңірінің тарихы және бүгінгі күнгі тарихы туралы көбірек мәлімет алу үшін көптеген сұрақтарын қойды. Олар өте жақсы әсерлер алды.

ҚР қонақтарына экскурсиялық ерекшелік ретінде Катон-Қарағай тарихи-өлкетану музейінің жылжымалы көрмесінің тұсаукесері болды. «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында қаланың мектеп оқушылары 21.02.2019 ж. және 22.02.2019 ж. аралығында қолданыста болған «Ұлы даланың жеті қыры» атты Президенттің мақаласына арналған көрме жәдігерлерімен танысты.

Мәдени-танымдылық туризмі-21 ғасырда туристтік бизнес саласында екпінді дамитын бағыттардың бірі. Құрметті қонақтар біздің қаламызға келіңіздер, қаламыз сіздерге барлық әсемділігін паш етеді. Көретін көреметтер, танымдылықтарын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер бар!

SAM 2233

vistavka