+7 (72336) 4-27-00

22.02.2019 жылы «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ҚР Президентінің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын талқылауға арналған Риддер қ. Достық үйінің іс-шарасына қатысты. Тарих маманы О.Ю. Сомова «Қазақстанның ежелгі тарихы» атты баяндамасымен шықты.

«Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында қазақстандықтардың алдында маңызды тапсырма қойылған: «Ата-бабаларымыздың мәдени және ғылыми бай мұраларын зерделеу және сақтау және бүкіл әлемде оны таныту».

Мемлекет басшысы өз мақаласында ежелгі дәуірді ұғынуды алға қойған. Біздің өлкеміз сонау Тас дәуірінде адамдармен қоныстандырылғаны анық. Бұл туралы Риддер аймақтарында табылған неолиттік қоныстар дәлел. Қола дәуірінде-өлке тау ісінің және алғашқы металлургияның ірі ошақтарының бірі болған делінеді. Б.з. І мыңжылдықта Алтай түрік тайпаларының бесігіне айналған.

Іс-шара қатысушылары Шығыс Қазақстан облысының сенсациялық археологиялық ашылуларымен танысты: Елеке Сазы Алтын адамқорғаны, ашық аспан астында Берел музейі, хандар қорғаны Шілікті, Аблай будда шіркеуі және тб.

Президенттің «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы музейліктерді Қазақстан тарихын бұдан әрі тереңдетіп зерделеу үшін бағыт берді.

SAM 2257SAM 2246