+7 (72336) 4-27-00

Террористік көріністі насихаттау аясында жарияланады

Әлеуетті қауіп немесе терроризм актісін жасау жағдайларында, сондай – ақ терроризмге қарсы шұғыл операциялар жағдайларында азаматтардың әрекеттеріне  арналған жалпы әдістемелік ұсыныстыр

  • Күдікті адамдарға, заттарға, кез келген күдік тудыратын ұсақ-түйекке назар аударыңыз. Барлық күдікті нәрселер туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлаңыз;
  • бейтаныс адамдардан ешқашан пакеттер мен сөмкелерді алмаңыз, өз жүгіңізді қараусыз қалдырмаңыз;
  • отбасыда төтенше жағдайларға іс-әрекет жоспары болуы тиіс, барлық отбасы мүшелерінде телефон нөмірлері, электрондық почта мекенжайлары болуы тиіс;
  • шұғыл жағдайда өз отбасыңыздың мүшелерімен кездесе алатын кездесу орынын белгілеу қажет;
  • эвакуация жағдайында, бірінші қажеттіліктегі заттар жиынтығын және құжаттарды өзіңізбен алыңыз;
  • әрқашан үй-жайдан резервтік шығулар қайда екенін біліп, жүріңіз;
  • лифтіні қолданбаңыз;
  • қандай жағдайда да байбалам салмаңыз.

Террорлық телефонмен қоқан-лоққы көрсеткен жағдайда хабарлама алу тәртібі

  • Қағаз бетіне берілген хабарламаларды мүлтіксіз жаттап жазып алыңыз.
  • әңгіме барысында хабарласқан адамның жасы мен жынысын анықтаңыз;
  • артындағы дыбыстарды (автокөлік немесе темір жол көлігі, теледидар немесе радио құрылғылары т.с.с) міндетті түрде аңғарыңыз;
  • қалалық немесе қалааралық қоңырауларды аңғарыңы;
  • қандай да бір шешімге келуге немесе қандай да бір әрекет жасау үшін мүмкіндігінше қоңырау шалушының уақытын ұзақ алуға тырысыңыз;
  • нөмірді автоматты түрде анықтау (НАА) бар болған жағдайда,анықталған нөмірді дәптерге жазып алыңыз, бұл оны кездейсоқ жоғалтып алудың алдын-алады;
  • қозғалғанда, аяқты барынша жоғары көтеріңіз, аяқты нықтап басыңыз, аяқты жыбырлатпаңыз,аяғыңыздың ұшымен жүруге тырыспаңыз;
  • қалың топтан сақтануға залдың бұрышы немесе қабырға жаны жақсы, бірақ ол жақтан шығысқа жету қиын;
  • сіріңкенің шиі, тас немесе қабырғадағы сызық арқылы міндетті түрде өткен күн, уақыт есебін жүргізіңіз;
  • күмән тудырған жағдайда, көрші жолаушылардың әрекетіне назар аударыңыз;
  • егер олармен келіссөз нәтиже бермегендігін байқасаңыз, мүмкіндігінше ұшақты босату бойынша арнайы операцияның басталу сәтіне дайын болыңыз;
  • егер арнайы операция қабылданған болса, террористер ұстап алып, тірі қалқан ретінде қолдана алмайтындай етіп орналасыңыз: төменге жатыңыз немесе басыңызды қолыңызбен қапсырып, орындықтың арқасына тығылыңыз, көтерілуге рұқсат бермегенше сонда қала беріңіз (қауіпсіздік күштері қозғалғанның кез-келгенін террорист деп қабылдап қалуы мүмкін);
  • мүмкіндік туындаған жағдайда, ұшақты барынша тез арада тастап кетуге тырысыңыз. Жеке заттарыңызды іздеп, кідіріп қалмаңыз.
  • жаңа опырылуды болдырмау үшін абайлап қозғалыңыз, сырттан келетін ауаның қозғалысымен бет алыңыз. Мүмкіндігіңіз бар болса, қол астындағы заттар(тақтай, кірпіш) арқылы төбені опырылмас үшін бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты шөлдеген жағдайда аузыңызға кішкентай тас салып, оны мұрныңызбен дем ала отырып сорыңыз.
  • әңгімені кідірмей құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
  • әңгімеңізді ешкімге жарияламаған жөн;
  • хабардар адамдардың санын барынша қысқартыңыз;
  • дыбыс жазғыш құрылғы қолданған кезде жедел касетаны (шағын дискіні) алып, сақтап қойыңыз, орнына міндетті түрде басқасын ауыстырып салыңыз.

Қоңырау шалған адамның сөйлеу мәнерін аңғарыңыз:

Дауысы  ащы (баяу, төмен, жоғары).

Сөйлеу мәнері: айқын, тұтығып, сыбырлап, акцент, диалект.

Сөз қарқыны: жылдам, баяу

Сөйлеу тәсілі: дөрекі, келемеж, былапыт айту.

Сөйлесу барысында мынандай сұрақтарға жауап  алуға тырысыңыз:

  • Бұл адам қайдан, кімге, қандай телефоннан қоңырау шалып тұр?
  • Нақты қандай талап қойып тұр?
  • Нақты талапты жеке өз немесе біреудің қайталауымен айтып тұр ма немесе басқа да бір топтың атынан ба?
  • Олар немесе ол қандай жағдайда ойлаған мақсаттарынан бас тартады?
  • Қашан және қалай онымен байланысуға болады?
  • Кімге аталған қоңырау туралы айта аласыз немесе айтуыңыз керек?

Жарылғыш құрылғы болып табылуы мүмкін күдікті затты табу

Соңғы уақытта азаматтармен күдікті заттарды табу жағдайлары жиі кездеседі, олар жарылғыш құрылғы болуы мүмкін. Күдікті заттар көлікте, саты алаңдарында, пәтерлер, мекемелер мен қоғамдық орындардың есіктері алдында табылуда. 

Оларды тапқанда өзіңізді қалай ұстау және қандай іс-әрекет жасау қажет?

  • Егер Сіздің пікіріңізше табылған зат бұл орында жатпауы тиіс болса, бұл фактіні назарсыз қалдырмаңыз;
  • қоғамдық көлікте ұмытылған немесе иесіз затты тапсаңыз, қасыңыздағы адамдардан сұрастырыңыз. Ол кімдікі және оны кім қалдыруы мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз;
  • егер белгісіз затты өз үйіңіздің кіреберісінде тапсаңыз, көршілеріңіздер сұрастырыңыз, мүмкін оларға тиісілі шығар, егер иесі анықталмаса дереу полицияның тірек пунктіне хабарлаңыз;
  • егер белгісіз затты мекемеде тапсаңыз, дереу ол туралы әкімшілікке немесе күзет қызметіне хабарлаңыз;

Барлық баяндалған жағдайларда:

  • табылған затты қозғамаңыз, жылжытпаңыз, ашпаңыз;
  • тапқан уақытты анықтап белгілеңіз;
  • табылған заттан адамдардың алысырақ кетуі үшін барлық мүмкіншілікті жасаңыз;
  • жедел-тергеу тобының келуін міндетті түрде күтіңіз (есіңізде болсын, сіз маңызды куәгерсіз).

Есіңізде болсын: заттың сыртқы әлпеті оның ішкі мазмұнын жасыруы мүмкін. Жарылғыш құрылғы үшін камуфляж ретінде ең қарапайым тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, қораптар, ойыншықтар және т. б. қолданылады.

Жарылғыш құрылғыны немесе жарылғыш құрылғы болып шығуы мүмкін күмәнді заттарды көрген жағдайда кеңес берілетін эвакуация белдеуі

1.

РГД-5 гранатасы

50 метрден кем емес

2.

Ф-1 гранатасы

200 метрден кем емес

3.

200 граммдық тротил шашкасы

45 метр

4.

400 граммдық тротил шашкасы

55 метр

5.

0,33 литрлік сыра банкасы

60 метр

6.

МОН-50 минасы

85 метр

7.

Шабадан (кейс)

230 метр

8.

Жол шабаданы

350 метр

9.

«Жигули» типіндегі автокөлік

460 метр

10.

«Волга» типіндегі автокөлік

580 метр

11.

Микроавтобус

920 метр

12.

Жүк көлігі (фургон)

1240 метр

Қауіп төнген жағдайда  немесе терроризм актісі орын алған жағдайда, сондай-ақ, терроризмге қарсы операцияны жүргізген жағдайларда эвакуациялау туралы ақпараттар алу

Билік өкілдерінен немесе құқық қорғау органдарынан жедел көшіру туралы ақпарат алсаңыз барынша сабыр сақтап, берген тапсырмаларын тиянақты орындауға тырысыңыз.

Егер сіз пәтерде болсаңыз келесі әрекеттерді жасаңыз:

  • жеке басыңызды растайтын құжаттарды, ақшаларды, бағалы заттарды алыңыз;
  • электр қуатын, газ бен суды ажыратыңыз;
  • қарт адамдарды және ауыр науқас жандарды көшіруге көмектесіңіз;
  • міндетті түрде кіру есігін құлыптаңыз.

Тастап кеткен ғимаратыңызға тек қана жауапты тұлғалардың, уәкілетті  немесе жергілікті атқарушы органдар рұқсат берген жағдайда ғана оралыңыз.

Есіңізде сақтаңыз, Сіздің анық қимылдарыңыз көптеген адамдардың денсаулықтары мен өмірлерімен байланысты.

Әлеуетті қауіп немесе терроризм актісін жасау жағдайларында, сондай – ақ терроризмге қарсы шұғыл операциялар жағдайларында адамдар көп шоғырланатын объектілердегі әрекеттер

  • Адамдардың шамадан тыс шоғырлануынан аулақ болыңыз;
  • орын алып жатқан оқиғаларға қанша жерден қарағыңыз келсе де топ ортасына кірмеңіз;
  • егерде топ ортасына кіріп кетсеңіз одан барынша шығуға тарысыңыз;
  • терең тыныс алып, жиналған қолдарыңызды жазыңыз, кеудеңіз бос болуы тиіс;
  • үсті үстіне үйілген заттар мен үлкен сөмкелері бар адамдардан аулақ кетуге тырысыңыз;
  • кез-келген жағдайда аяғыңызда нық тұруға тырысыңыз;
  • қолдарыңызды қалтаңызда ұстамаңыз;
  • егер топ қауіпті болып кетсе, ойланбастан қандай да болсын сөмкелерден, мойынорағыштардан құтылуға асығыңыз;
  • егер де бір затыңызды түсіріп алсаңыз аса қажеті болмаса еңкеймеуге тырысыңыз;
  • егер құлап қалсаңыз, шамаңыз келгенше аяғыңызға тұруға тырысыңыз. Тұратын кезде қолыңызға сүйенбеңіз, себебі топ қолыңызды басып кетуі және сындыруы мүмкін. Бір сәтке болса да аяғыңызбен тұрып кетуге тырысыңыз.
  • егер орныңыздан тұрып кету мүмкін болмаса, жиырылып жіліншігіңіз бен басыңызды, алақаныңыз бен басыңыздың артқы жағын қорғауға тырысыңыз;
  • адамдар көп шоғырланған орындарға кірсеңіз алдын ала экстремистік оқиғалар орын алған жағдайда ең қауіпті орындар қайсы екенін анықтаңыз (алаңдардың арасы, концерт залдарында шыны есіктер және қалқалар және т.б), апаттан құтқару есіктерін көзбен тауып сол жолдармен өтіңіз;
  • дүрбелең орын алған кезде барынша сабыр сақтауға және оқиғаны саралауға тырысыңыз.

Тұтқынға алыну.

Кез келген адам бір оқиғаларға себепті тұтқынға айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда  тұтқынға алушылар саяси мақсаттардың орындалуын және төлем алуды талап етулері мүмкін.

Барлық жағдайларда Сіздің өміріңіз террористтер үшін сауда затына айналады.

Басып алу пәтерде, көлікте немесе көшеде орын алуы мүмкін.

Егер Сіз тұтқынға түссеңіз, келесі жүріс-тұрыс ережесін сақтауды сұраймыз:

  • Оқыс қимыл немсе айқау-шу террористтер тарапынан қатыгез тойтарысқа жол беруі мүмкін. Мүмкіндігіңізше террористтер тарапынан қару қолдануға және адамдар құрбандығына орын алдыруға жеткізбеңіз;
  • террористтердің көзіңізді таңуына, кісен салуына немесе жіппен байлауына дайын болыңыз;
  • қамауға, балағат сөздерге және кемсітулерге шыдаңыз, қылмыскердің көзіне тура қарамаңыз (жүйкесі шамалы адам үшін бұл агрессияға белгі болуы мүмкін), шамданбауға тырысыңыз;
  • қарсы тұрмаңыз, қажет емес «қаhармандық» күш көрсетпеңіз, Сіз тұтқында екендігінізді айтып, қылмыскердің қаруды Сізге тура кезенбеуін өтініңіз;
  • егер Сіздің жаныңызда балалар болса, оларды қауіпсіз жерге жасыруға тырысыңыз, оларды шамаңыз келгенше оқтан сақтауға, мүмкіндігінше қастарында табылуға тырысыңыз;
  • қажет болған жағдайда талаптарды орындаңыз, оларға қарсы шығып айналаңыздағылардың, соның ішінде өзіңіздің өміріңізге қауіп төндірмеңіз;
  • егер медициналық көмек қажет болған жағдайда анық айтыңыз, қылмыскерді өшіктірмеңіз және ол рұқсат бермейінше еш әрекет қолданбаңыз;
  • қылмыскерлердің заттарын, ерекше белгілерін, киімін, есімдерін, лақап есімдерін, тыртықтарын, татуировкаларын, қылықтарын, сөйлеу мәнерін есте сақтауға тырысыңыз;
  • егер Сізге туыстарыңызбен сөйлесуге рұқсат берсе, жыламаңыз, айғайламаңыз, қысқа әрі анық сөйлеңіз;
  • күзетшілермен байланыс орнатуға тырысыңыз. Сіз де адам екенініңізді түсіндіріңіз. Отбасы мүшелеріңіздің суретін көрсетіңіз. Оларды алдауға тырыспаңыз;
  • оқиғаның жақсы аяқталуынан ешқашан да үмітіңізді үзбеңіз;
  • есіңізде болсын, қаншалықты көп уақыт өтсе, құтқарылуыңызға соншалықты мүмкіндік бар;
  • есіңізде болсын, Сіздің тұтқынға түскендігіңіз туралы арнайы қызмет хабарлаған сәттен бастап, олар Сізді шығарып алу мақсатында әрекеттене бастайды;
  • есіңізде болсын Сіздің мақсатыңыз - тірі қалу!

Сізді босату мақсатында антитеррорлық оқиға кезінде арнайы  қызмет өкілдерінің келесі тапсырмаларын орындаңыз:

  • Жерде төмен қарап жатыңыз, басыңызды қолыңызбен жауып, қозғалмаңыз.
  • ешқашан арнайы қызмет өкілдеріне қарай жүгірмеңіз немесе олардан қашпаңыз, себебі олар, Сізді қылмыскерлермен шатыстырып алулары мүмкін;
  • егер мүмкіндік болса есіктерден, терезелерден аулақ болыңыз.

Әуе  көлікте  терроризм қаупі төнген жағдайда, сонымен қатар, антитеррорлық іс-әрекеттің алдын алу жағдайларында азаматтардың

іс-қимылдары туралы

  • мүмкіндік болса ұшақтың терезесінің жанынан орын алуға тырысыңыз;
  • мүмкіндігіне сай тіркеуден өту уақытын қысқартуға тырысыңыз;
  • әлде бір оқшау орындарына немесе шығу есігіне қарай жақын орналасуға тырысыңыз;
  • отбасы мүшелеріңізбен ұшақты басып алу оқиғасы туралы ақылдасыңыз;
  • қандай жағдай болмасын сабырсыздық танытпаңыз, орныңыздан оқыс тұрмаңыз, орныңызда отырыңыз. Террористтерге қарсы шықпаңыз, егер арнайы дайындығыңыз болмаса өз бетіңізбен ұшақты террористтерден босатуға тырыспаңыз, мүмкіндігіңіз болса көршіңізді де сақтандырыңыз;
  • террористтер тарапынан айтылатын дөрекі сөздерге, ғайбаттауларға көнуге тырысыңыз;
  • жолаушылармен террористтердің заттарын талқыламаңыз;
  • сізге назар аудартуға мүмкін барлық жағдайлардан аулақ болыңыз;
  • егер жолаушылар арасында жылап жатқан балалар немесе ауру адамдар болса жүйкеңізді тыныштандыруға тарысыңыз. Кез-келген жағымсыз әрекеттер онсыз да келеңсіз оқиғаны ушықтыра түсуі мүмкін;
  • Қандай оқиға болмасын кез келген жолаушыны арашалуға тырыспаңыз; Сіздің араласуыңыз жағдайды ушықтыруы мүмкін.
  • ешқашан ұшқыштың әрекеттеріне қарсы шықпаңыздар. Экипаждың қашан да талабы дұрыс. Бортсеріктің бұйрығы - жолаушылар үшін – заң;
  • террористтерге сенбеңіздер. Олар кез келген нәрсені айтулары мүмкін, бірақ көздегендері өздерінің мақсаттары;
  • Өзіңізді лайықты түрде ұстаңыз. Тек өзіңізді емес басқа да жолаушыларды ойлаңыз. Экипаждың әрекеттерін террористер байқап қалуы мүмкін;

Террористік шабуыл қаупі төнген жағдайдағы  іс-әрекеттер

Жарылыс қаупін келесі нышандар бойынша анықтауға болады:

  • Көліктегі, кіреберістегі, үй ауласындағы және тағы да басқа белгісіз құрылғылар (жарылғыш зат сыра бөтелкесінде, темекі қорабында, ойыншықта, бөтелкеде, мұржа сынығында, сүт қорабында, кез-келген орамада және жәшікте болуы мүмкін);
  • әдеттегі емес орындағы кез келген материалдар;
  • сым немесе жіп тартылған;
  • көлік астынан сымдар немесе бөгде жіп тұрса;
  • шыны құтыларда, есіктерде немесе басқа құралдардағы сызаттар;
  • әдетте болмаған жерлерде тамақтың иісі болуы, мысалы: сорпа қоспасының иісі (кейбір жарылғыш заттар осындай иіс шығарады);
  • бұрын болмаған жерлерде жаңадан жұлынған шөптердің немесе қураған шөптер пайда болуы;
  • Сіздің пәтеріңізде жаңа жөндеу жұмыстарының іздері (сырлы бояу,сылақ жұмыстары және тағы да басқалар);
  • Сіздің көлігіңіздің, үйіңіздің, пәтеріңіздің жанында пайда болған бөгде сөмке, қорап немесе басқа да заттар;

Қашан да айналаңыздағы оқиғаларды бақылауыңызда ұстаңыз әсіресе көлікте, мәдени-демалыс орындарында, спорт және сауда орталықтарында жүрсеңіз.

Дайындалып жатқан теракт туралы оқыстан біліп қалсаңыз,  дереу құқық қорғау органдарына хабар беріңіз.

Егерде қауіпсіздік күштерінің белсенділігі мен құқық қорғау органдарының іс-қимылдары басталса: 

  • қызығушылық танытпаңыз, басқа жаққа қарай кетіңіз;
  • мүмкіндігінше қауіпті аймақтан кетуге тырысыңыз;
  • кез келген қолжетімді мекемелерді пайдаланыңыз;
  • Сізді қылмыскерлермен шатастырып алмау үшін қашпаңыз;
  • егер тиімділігіне сенімсіз болсаңыз, қауіпсіздік бөлімдеріне қолдау көрсетпеңіз;

Қазіргі таңда террористтердің жарылыс жасау орындарына адамдар көп шоғырланатын орындар немесе үйлер айналып отыр. Дер кезінде жарылғыш заттарды тауып алу Сіздің және басқалардың өмірлерін сақтауға мүмкіндік береді.

Жарылыс немесе атыс кезінде жерге құлап,  бір заттардың астына тығылыңыз (ернеу, сауда орыны, көлік немесе т.б). қауіпсіздік үшін басыңызды қолыңызбен қорғаңыз.

Егер Сіз жарылыс орнында болсаңыз, есіңізден айырылмау Сіз үшін маңызды қозғалуға тырысыңыз, бірінші орында Сіз түтін мен от жоқ жерге жүруге, жылжуға тиіссіз.                                                                       

Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, алайда қасыңызда зардап шеккендер болса,  олардың жай-күйін тексеріңіз. Тамыр соғысы қандай, адам ес- түссіз бе,  әлде есін жиды ма. Ешқашан адамды мүсәтірмен ес жиғызуға тырыспаңыз.  Адамның есінен тануы - адам ағзасының сыртқы оқиғалардан сақтануы.                                                                                                                            Егер зардап шегушінің еш жері сынбаған болса (сүйектерін мұқият қарап шығыңыз), онда оны бір қырына  аударыңыз. Арқасымен жатқан кезінде жүрегі айнуы, ішімен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Тамырдан жоғалту кезінде қан қызыл түсті, тоқтаусыз ағып жатса, жараны бірінші кезекте қолмен таңу қажет, сонан соң жіппен немесе белбеумен жара орнынан сәл жоғары жерінен таңу қажет.

Ғимарат қалдықтары астында қалған кезіңіздегі  іс-шаралар

  • Даусыңызбен және әлде-бір дыбыстармен адамдардың назарын аударуға тырысыңыз. Егер Сіз терең қалдықтар астында қалсаңыз, Сізді эхопеленгатор арқылы табу үшін темір заттарды оңға-солға жылжытыңыз (жүзік, кілт т.б);
  • егер сіздің айналаңыз бос болса жанғыш заттарды қолданбаңыз. Ауадан сақ болыңыз;

Балаларға арналған арнайы ұсыныстар

Көшеде немесе кіреберісте табылған кез келген зат қауіп тудыратыны туралы балаларыңызға түсіндіріңіз.

Өздеріңіз табылғын затпен немесе күдікті құрылғылармен ешқандай әрекеттерді жасамаңыздар, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, олар жарылысқа, көптеген  құрбандарға және күйзелістерге әкелуі мүмкін.

Жастарға, ержеткендерге ата-аналар жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды үйретуі керек.

  • өзінің толық атын, тегін, мекен-жайын және телефон нөмірін жадында ұстауды;
  • егер бейтаныс орында (дүкенде және т.б.) адасып қалса, көмек үшін полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, форма киіміндегі басқа адамдарға, егде жасындағы әйелдерге өтініш жасауды;
  • оқшауланған көшелерден және ойын алаңдарынан аулақ жүруді, топтасқан жерде ойнауды;
  • отбасы мүшелеріне өзінің орналасқан жері туралы хабарлауды (бұл орын қайда екені туралы білетініңізге сенімді болыңыз);
    бейтаныс адамдармен сөйлеспеуді және ешқайда бармауды;
  • бөгде адамдарға отбасы мүшелерінің табысы, жұмысқа кету мен жұмыстан келу уақыты, жоспарланған демалыстар мен ұзақ сапарлар туралы, басқа да жеке құпия ақпаратты ешкімге хабарламауды;
  • орынсыз сұрау салған және мазалаған әрекеттер туралы дереу хабарлауды, сонымен қатар, баламен байланысқа түскісі келген бейтаныс адамның киімін, сыртқы түрін және машинасын есте сақтауды тырысуды;
  • өзіне бейтаныс адамдар тарапынан қол сұғушылыққа мүмкіндік бермеуге;
  • егер бейтаныс адам күшпен баланы озімен бірге әкеткісі келсе, қарсылық білдіруге (тебуге, тістеуге, тырнауға, қашуға, айқайлауға, көмекке шақыруға («Мен сені білмеймін! Сен мені алып қашқын келеді!)-мұндай айқай міндетті түрде дайындықты талап етеді. Кіреберісте кез келген есікке қоңырау шалуға, аттандап, есікті ұруды;
  • қашқаннан кейін жақындағы қауіпсіз орынға: дүкенге, мектепке, полицияға, банкке қашуды;
  • төтенше жағдайлар туралы барлық ақпаратты есте сақтауды;
  • бейтаныс адамдарға немесе жөндеу жөніндегі шеберлерге Сіздің үйіңізге кіруге рұқсат бермеуге (кішкентай балалар үшін мүмкінді формулалар: «Барлық кішкентай балалар, үйде жалғыз болғанда, ешқашан есіктерін ашпайды», «Барлық жақсы балалар ешқашан бөгде адамдарды үйлеріне кіргізбейді»);
  • почта жөнелтімдерін ешқашан қабылдамауды;
  • егер мұндай ұсыныс таныс адамдардан шықса да (оның ішінде көршілерден, сыныптастардан), кез келген сыйлықты немесе қонаққа барудан бұрын ата-анадан рұқсат алуды;
  • бейтаныс адамдармен, жасөспірімдермен кіреберіске, лифтке ешқашан кірмеуді. Егер бейтаныс адам лифтке соңыныздан кірсе, лифттен дереу шығуға;
  • егер кіреберіске кіргенде бейтаныс ер адамды көрсе, тез артқа қарай шығуды және ересектерге көмеке жүгінуді немесе қайтадан таныстармен ғана кіруге;
  • көшеден келгенде және одан бұрын пәтердің есігін ашқанша, саты алаңында бейтаныс адамдар жоқтығына көз жеткізуге. Егер бар болса көршілерге қоңырау шалуды, ашпаса, төменге түсіп күтуге және бейтаныс адам кеткенше күтуге немесе таныстарыңызға пәтерге дейін шығарып салуға өтініш жасауға;
  • егер сені қудаласа,сенім білдіретін жүргіншілерге ұялмай баруға және қорған сұрауға;
  • қоғамдық көлікте жүргізіушінің қасына жақын отыруға және қауіп жағдайында оған көмекке жүгінуге;
  • ата-аналар берген ақыл-кеңестерді есте сақтауға, бейтаныс адамдардың көңіл білдірген белгілеріне және бұйрықтарын елемеуге.

Бұл ұсыныстар көрнекі құралдармен түсіндірілгені дұрыс. Егер балаға біреу кәмпит, сағыз, ойыншық, ақша немесе машинада қыдыруды ұсынса, баланың ,   пікіріжүріс-тұрысы қандай болатынын сұраңыз.

ШҚО ҰҚКД ТҚО бөлімімен әзірленген
Риддер қаласы әкімдігімен жарияланады