+7 (72336) 4-27-00

2019 жылғы қаңтар-наурызға Риддер қаласының

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп

 

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.03.2019 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 57004 адамды құрайды, оның ішінде 53736 адам қалада, 3268 адам - ауылдық жерде тұрады. 2018 жылдың (57097 адам) басында халық саны 93 адамға азайды.

2019 жылғы қаңтар-наурызға халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 94 адамды құрады. Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда 118 бала туылды (2018 ж. көрсеткішіне қарағанда 76,1% – 155 бала), 212 адам (2018 ж. көрсеткішіне қарағанда 88,3% – 240 адам) қайтыс болды.

 

01.04.2019 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 577 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Жалпы санынан – 556 (96,4%) – шағын кәсіпорындар, 18 (3,1%) – орта, 3 (0,5%) – ірі кәсіпорындар.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

 

Өнеркәсіп

2019 жылғы қаңтар-наурызға Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2018 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне 14,0% қысқарумен 33893,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 97,5% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

  • «Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;
  • «Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 218,5 млн.теңгені құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 15,4% жоғары (189,4 млн. теңге), Барлық көлем мал шаруашылығы саласына жатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің индексі - 101,1%.

Малдарды және құстарды сойып өткізу 2018 жыл көрсеткішіне қарағанда 97,3 тонна немесе 101,5% іске асырылды. Жұмыртқа өндірісі 229,5 мың дананы немесе 100% құрады. Сүт өндірісі 1,0% өсумен 868,9 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы мал басының келесі түрлері өсті:

- ІҚМ 5360 басқа өсіп, 34 басқа, оның ішінде сиыр 1991 басқа өсіп, 42 басқа;

- қой және ешкі 1865 басқа өсіп, 72 басқа;

- шошқа 1722 басқа өсіп, 55 басқа;

- жылқы 1655 басқа өсіп, 262 басқа;

- құстар 12547 басқа өсіп, 227 басқа өсті.

 

         Кәсіпкерлік

Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарай (421 субъект) 8 бірлікке немесе 1,9% төмендеумен 413 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2018 жылға (266 субъект) 8,9% - ға немесе 24 бірлікке өсумен 293 субъектіні құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2905 бірлікті құрайды, ол 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 8,0% немесе 215 субъектіге (2690 бірлік) жоғары.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2018 жыл көрсеткішіне (5833,4 млн.теңге) нақты бағаларда 8,8%, салыстырмалы бағада 2,1% ұлғаюмен 6343,8 млн.теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 84,4% немесе 5353,7 млн.теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.

 

Негізгі капиталға салынатын инветициялардың жалпы көлемі 2018 жыл көрсеткішіне (5160,2 млн.теңге) қарағанда 1213,9 млн. теңгеге немесе 23,5% қысқарып 3946,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 75,2% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жыл деңгейіне (1591,6 млн. теңге) 58,5% өсумен 2522,1 млн.теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі – 153,4%.

Тұрғын үйлерді беру 1009 шаршы метрді құрады (2018 жылғы қаңтар-наурызға 883 шаршы метр), бұл 2018 жылғы деңгейден 14,3% - ға жоғары.

         Еңбек нарығы

01.04.2019 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 276 жұмыссыз тіркелді;

- 368 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 75,1%;

- 138 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 9 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 11 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 113 жұмыссыз тартылды;

- 279 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.04.2019 жылғы жағдай бойынша өңір бойынша аз қамтылғандар ретінде есепте 64 отбасы/223 адам тұр, бұл 2018 жылға (50 отбасы/172 адам) 14отбасыға және 51 адамға көп. Кедейшілік шегі 14849 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қалалық бюджет қаражатынан 8637,3 мың теңге төленді, бұл 2018 жыл ұқсас кезеңінен (7796,7 мың теңге) 10,8% жоғары.

Бюджет

2019 жылғы қаңтар-наурызға барлық деңгейдегі бюджетке 1630,1 млн. теңге түсті, 2018 жыл ұқсас кезеңіне 115,9% құрайды.

Қалалық бюджеттің меншікті кірісінің болжамы 115,2% орындалды. Жоспар бойынша 721,7 млн. теңге, нақты 831,8 млн.теңге түсті. 2018 жылдың салыстырмалы кезеңіне түсімдер 2,1% - ға немесе 17,0 млн. теңгеге ұлғайды

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 100,0% орындалды.

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізбесі бойынша                 2018 жылға орташа айлық жалақы мөлшері 168482 теңгені құрады, ол 2017 жылғы ұқсас кезеңіне орташа айлық жалақының мөлшері 8,4% жоғары және ШҚО өңірінің арасында бірінші болып табылады.

2018 жылға жалақы қоры 31695,5 млн.теңгені құрай отырып, 2017 жылға 7,7% өскенін көрсетеді. Жұмыс істейтіндер нақты саны 15677 адамды құрап, 2017 жылға 0,7% төмендеді.

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.04.2019 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1470 бала тұр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

2018 жылғы қаңтар-наурызға Риддер қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының дерегі бойынша 2018 жыл деңгейіне қарағанда аурудың                          4 түрі бойынша өсу тіркелді.

Туберкулез ауруымен 10 науқас тіркелді, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 42,9% (7 жағдай) жоғары. Туберкулезбен науқастану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 17.3 құрайды және 2018 жыл ұқсас деңгейінен (12.1) 43,0% жоғары.

2018 жылы 2 жағдайда сәби өлімінің 3 жағдайы тіркелді. Ана өлімі болған жоқ.

Онкологиялық науқастанғандар есебіне алынғандар саны 52 адамды құрады, ол 2018 жылы (43 адам) 9 адамға немесе 20,9% жоғары. Онкологиялық науқастанудан 26 адам қайтыс болды, ол 2018 жылғы қаңтар-наурызға (24 адам) қарағанда 2 адамға немесе 8,3% көп.

Қылмыскерлік

Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны                         2018 жылға (310 оқиға) 1,9% төмендеумен 304 оқиғаны құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2018 жыл ұқсас кезеңіне 219,4 салыстырғанда 215,8 құрады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 87,2% құрады, ол              2018 жыл ұқсас кезеңіне 4,4 пайыздық тармақтарға (82,8%) жоғары.

Төмендеу келесі қылмыс түрлері бойынша байқалады:

- орташа ауырлықтағы 7,4% 2018 жылы 203-тен 2019 жылы 188-ге дейін, ашылуы 74,8%;

- ұрлық 12,3% (2018 жылы 179-дан 2019 жылы 157-ге дейін));

- алаяқтық 15,8% (2018 жылы 19-дан 2019 жылы 16-ға дейін);

- топта 18,5% - ға (2018 жылы 27-ден 2019 жылы 22-ге дейін);

- қоғамдық орындарда 32,1% (2018 жылы 81 - ден 2019 жылы 55-ке дейін));

- кәмелетке толмағандар 2,5 есе (2018 жылы 5-тен 2019 жылы 2-ге дейін));

- бұрын сотты болғандар 19,0% (2018 жылы 158-ден 2019 жылы 128-ге дейін).

Тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 8 жағдайды құрады, ол 2018 жыл ұқсас кезеңі деңгейінен 4 есеге (2 жағдай) жоғары, зардап шеккендер саны - 9 адам (2018 жылы – 2 адам), бұл 4,5 есеге немесе 7 адамға жоғары. Жол-көлік оқиғалары нәтижесінде 2019 жылдың басынан 1 адам қайтыс болды, 2018 жылы қайтыс болған жоқ.

2019 жылдың басынан бастап Риддер аймағының аумағында 24 өрт болды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен (33 өрт) 9 оқиғаға немесе 27,3% төмен, 2018 жылдың 3 айында 4 өлім жағдайында қаза болғандар жоқ.

Табиғи-техногендік сипаттағы 3 төтенше жағдай тіркелді, ол 2018 жыл салыстырмалы көрсеткішінен (5 жағдай) 2 оқиғаға немесе 40,0% төмен.

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                           А. Рамазанова