+7 (72336) 4-27-00

2018 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы ақпарат

         2018 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша 756,3 млн. теңгеге 146 конкурс өткізілді. Барлық конкурстар мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған және олар бойынша 51 өнім берушімен келісім-шарт жасалды, оның ішінде: Риддер қаласынан 28 өнім беруші, Өскемен қаласынан 10 өнім беруші, қалғандары Қостанай, Орал, Семей, Астана, Алматы, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қалаларынан.

          Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша үнемделген сома 42,8 млн. теңге.

           ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 28 бұзушылығын анықтады. Бұзушылықтар бойынша келіп түскен хабарламалар саны:

  1. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ – 5 (ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді);
  2. «Риддер қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 5 (барлық бұзушылықтар жойылды, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді, сатып алулар жойылды және қайтадан өткізілді);
  3. «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ – 5 (бұзушылықтар жойылды, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді)
  4. «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ – 12 (барлық бұзушылықтар жойылды, мемлекеттік сатып алулар жойылды және қайта өткізілді, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді, қорытындылар қайта қаралды)
  5. «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ – 1 (бұзушылық жойылды, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілді)

         Сонымен қатар, 2018 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және Риддер қаласының ведомстволық бағынысты мекемелерімен 3849 басқа да мемлекеттік сатып алулар бір көзден және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 1530 млн. теңге сомасына өткізілді, соның ішінде 287 млн. теңге сомасына тауарлар, 399,5 млн. теңге сомасына жұмыстар және 843,5 млн. теңге сомасына қызметтер өткізілді.