+7 (72336) 4-27-00

         2019 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша 1 131,3 млн. теңгеге 64 конкурс жоспарланған. Барлық конкурстар мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған. 208,4 млн. теңге сомасына 19 конкурс өткізілді және олар бойынша 15 өнім берушімен келісім-шарт жасалды, оның ішінде: Риддер қаласынан 5 өнім беруші, Өскемен қаласынан 4 өнім беруші, қалғандары Астана, Семей, Талғар, Қарағанды қалаларынан. Қалған 45 конкурс бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр.

          1 тоқсанда өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша үнемделген сома 7,1 млн. теңгені құрады.

         ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 1 бұзушылығын анықтады:

  1. «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ – 5 (бұзушылық жойылды, мемлекеттік сатып алу жойылды және қайта өткізілді)

         Сонымен қатар, 2019 жылғы 3 айда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және Риддер қаласының ведомстволық бағынысты мекемелерімен 708 басқа да мемлекеттік сатып алулар бір көзден және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 201,9 млн.теңге сомасына өткізілді, соның ішінде 42,1 млн. теңге сомасына тауарлар, 4,5 млн. теңге сомасына жұмыстар және 155,3 млн. теңге сомасына қызметтер өткізілді.