+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының  ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.06.2019 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 56908 адамды құрайды, оның ішінде 53614  адам қалада, 3294 адам - ауылдық жерде тұрады. 2018 жылдың (57107 адам) басында халық саны 199 адамға азайды.

2019 жылғы қаңтар-маусымға халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 113 адамды құрады. Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда 292 бала туылды (2018 ж. көрсеткішіне қарағанда 87,4% – 334 бала), 405 адам (2018ж. көрсеткішіне қарағанда 83,0% – 488 адам) қайтыс болды.

522

01.07.2019 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 584 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Жалпы санынан – 563 (96,4%) – шағын кәсіпорындар, 18 (3,1%) – орта, 3 (0,5%) – ірі кәсіпорындар.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

 

Өнеркәсіп

2019 жылғы қаңтар-маусымға Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2018 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне 4,3% қысқарумен 72691,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 98,3% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

  • «Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;
  • «Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2019 жылғы қаңтар-маусымға 585,6 млн.теңгені құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 12,7% жоғары (519,6 млн. теңге), барлық көлем мал шаруашылығы саласына жатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің индексі - 100,6%.

Малдарды және құстарды сойып өткізу 2018 жыл көрсеткішіне қарағанда 244,6 тонна немесе 100,4% іске асырылды. Жұмыртқа өндірісі 855,2 мың дананы немесе 102,8% құрады. Сүт өндірісі 0,8% өсумен 2437,2 тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы мал басының келесі түрлері:

- ІҚМ 6342 басқа өсіп, 31 басқа, оның ішінде сиыр 2054 басқа өсіп, 5 басқа;

- қой және ешкі 2283 басқа өсіп, 33 басқа;

- шошқа 1863 басқа өсіп, 60 басқа;

- жылқы 1807 басқа өсіп, 272 басқа;

- құстар 17450 басқа өсіп, 65 басқа өсті.

         Кәсіпкерлік

Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарай (424 субъект) 4 бірлікке немесе 0,9% төмендеумен 420 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2018 жылға (269 субъект) 11,9% немесе 32 бірлікке өсумен 301 субъектіні құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша 2918 бірлікті құрайды, ол 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 4,7% немесе 132 субъектіге (2786 бірлік) жоғары.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 14497,5 млн.теңгені құрап, 2018 жылдың көрсеткішіне (13635,3 млн. теңге) нақты бағада 6,3% өсіп, салыстырмалы бағада 99,6% құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 87,0% немесе 12612,5 млн. теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 14670,1 млн. теңгені құрады, 2018 жылдың көрсеткішіне (9756,5 млн. теңге) 4913,6 млн. теңгеге немесе 50,4% өсті. Нақты көлемінің индексі 147,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6433,1 млн.теңгені құрады, 2018 жылдың деңгейіне (5310,2 млн. теңге) 21,1% өсті. Нақты көлем индексі -117,6%.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 2519 шаршы метрді құрап, 75,7% немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 1085 шаршы метрге (1434 шаршы метр) өсті.

        

Еңбек нарығы

01.07.2019 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 244 жұмыссыз тіркелді;

- 699 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 69,8%;

- 224 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 17 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 18 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 157 жұмыссыз тартылды;

- 274 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.07.2019 жылғы жағдай бойынша аз қамтылған отбасы ретінде, өңір бойынша 166 отбасы/697 адам есепте тұр, бұл 2018 жылдың басынан 103 отбасына және 485 адамға артық (63 отбасы/212 адам). Кедейшілік шегі 20789 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қалалық бюджет қаражатынан 80714,1 мың теңге төленді, бұл 2018 жылдың (22591,4 мың теңге) ұқсас кезеңінен 3,6 есе жоғары.

Бюджет

2019 жылғы қаңтар-маусымға барлық деңгейдегі бюджетке 3232,1 млн. теңге түсті, 2018 жыл ұқсас кезеңіне 114,4% құрайды.

Қалалық бюджеттің меншікті кірісінің болжамы 101,5% орындалды. Жоспар бойынша 1589,3 млн. теңге, нақты 1613,5 млн.теңге түсті. 2018 жылдың салыстырмалы кезеңіне түсімдер 2,2% немесе 34,5 млн. теңгеге ұлғайды.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2019 жылғы бірінші жартыжылдыққа 100,0% орындалды.

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізімі бойынша 2019 жылғы бірінші тоқсанда орташа айлық жалақы мөлшері 169854 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі орташа айлық жалақы мөлшерінен 14,1% жоғары және ШҚО өңірлері арасында екінші болып табылады.

2019 жылғы бірінші тоқсанда жалақы қоры 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 12,0% өсімді белгілеп, 7908,9 млн.теңгені құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың нақты саны 2018 жылдың тиісті тоқсанына 1,8% төмендеп, 15521 адамды құрады.

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.07.2019 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1176 бала тұр.         

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

Риддер қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметтері бойынша 2019 жылғы қаңтар-маусымда 2018 жылдың деңгейіне 5 ауру түрі бойынша өсім белгіленді.     

Туберкулез ауруымен 15 науқас тіркелді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,0% (12 жағдай) жоғары. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 26.2 құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (20.8) 26,0% жоғары.

2018 жылы 5 жағдайда 3 нәресте өлімі тіркелді. Ана өлімі жоқ.

Есепке алынған онкологиялық науқастардың саны 113 адамды құрады, бұл 2018 жылдан (99 адам) 14,1% немесе 14 адамға жоғары. Онкологиялық аурулардан 48 адам қайтыс болды, бұл 2018 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 2 адамға немесе 4,0% аз (50 адам).

Қылмыскерлік

Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2018 жылға қарай (644 жағдай) 9,0% төмендеумен 586 жағдайды құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 226,6 салыстырғанда 206,9 құрады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 78,6% құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары (78,4%).

Келесі қылмыс түрлері бойынша төмендеу байқалады:

- кісі өлтіру саны 20,0% (2018 жылы 5-тен 2019 жылы 4-ке дейін);

- орташа ауырлықтағы 12,6% 2018 жылы 438-ден 2019 жылы 383-ге дейін, ашылуы 70,7%;

- ауыр емес 17,1% - ға (2018 жылы 82-ден 2019 жылы 68-ге дейін), ашылуы 83,6%;

- ұрлық 5,0% (2018 жылы 360-дан 2019 жылы 342-ге дейін);

- алаяқтық 35,6% (2018 жылы 45-тен 2019 жылы 29-ға дейін);

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 37,5% (2018 жылы 16-дан 2019 жылы 10 дейін);

- бұзақылық 33,3% (2018 жылы 24-тен 2019 жылы 16-ға дейін);

- топпен жасалған 10,2% (2018 жылы 59-дан 2019 жылы 53-ке дейін);

- қоғамдық орындарда 20,9% (2018 жылы 172-ден 2019 жылы 136-ға дейін);

- кәмелетке толмағандар 38,5% (2018 жылы 13 - тен 2019 жылы 8 - ге дейін);

- көшелерде 1,2% (2018 жылы 84-тен 2019 жылы 83-ге дейін);

- бұрын сотталғандар 7,3% - ға (2018 жылы 289-дан 2019 жылы 268-ге дейін).

Жол-көлік оқиғаларының саны 16 жағдайды құрады, бұл 2018 жыл ұқсас кезеңі деңгейінен (11 оқиға) 45,4% жоғары, зардап шеккендер саны – 20 адам (2018 жылы-15 адам), бұл 33,3% немесе 5 адамға жоғары. Жол-көлік оқиғалары салдарынан 2019 жылдың басынан 3 адам қайтыс болды, бұл 2018 жылдың салыстырмалы кезеңінен 2 есе төмен (6 адам).

2019 жылдың басынан бастап Риддер аймағының аумағында 44 өрт болды, бұл 2018 жыл ұқсас кезеңімен салыстырғанда (46 өрт) 2 оқиғаға немесе 4,3% төмен.

Табиғи және техногендік сипаттағы 6 төтенше жағдай тіркелді, бұл 2018 жылдың салыстырмалы көрсеткішінен (7 оқиға) 1 жағдайға немесе 14,3% төмен.

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                           А. Рамазанова