+7 (72336) 4-27-00

         2019 жылға арналған Риддер қаласының бюджетінде қала гүлзарларында күтім жұмыстарын орындау үшін 2 800,0 мың теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған.

       «Жасыл өркен» акциясын өткізу аясында 3000-нан астам қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Аталған көшеттер Семей, Айдарханов, Островский, Круглая сопка Тауында, мектептер мен балабақшалардың, ауруханалық мекемелердің аумақтарында, үй жанындағы аумақтарда және Тұңғыш Президент саябағында отырғызылды.

Жұмыс аяқталды:

- Бутаково ауылындағы Даңқ ескерткішіне ағымдағы жөндеу-1,375 млн. теңге;

- Риддер қаласындағы Даңқ ескерткішіне ағымдағы жөндеу-1 млн. теңге;

- жол белгілерін жөндеу және ұстау-1,294 млн. теңге;

- жол белгілерін дайындау және орнату-4,64 млн. теңге;

- жол белгілерін салу-1,995 млн. теңге;

- бір жылдық гүлдердің 100 000 көшеттерін отырғызу . 11,2 млн. теңге.

     Қалалық бюджет қаражаты есебінен келесі іс-шаралар жоспарланды:

- 5 балалар ойын алаңын орнату-19,5 млн. теңге.

- көгал құрылысы-8,707 млн. теңге.

- теректерді кесу-8 млн. теңге;

- қоғамдық аумақтардан қоқыс шығару-8,5 млн. теңге;

     Облыстық бюджеттен 4 шағын ауданның, № № 32,34,35 үйлерінің аулаларын абаттандыруға 50 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

     2019 жылы Риддер қаласында автомобиль жолдарын, орамішілік аумақтар мен өтпе жолдарды ағымдағы жөндеуге және ұстауға 333,3 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Төменде көрсетілген жұмыстар бойынша мердігерлік ұйым «Фирма "ЭТАЛОН» ЖШС болып табылады.

- жолдардың асфальтбетонды жабындысын ағымдағы жөндеу-129,7 млн. теңге.

-қиыршықтас жамылғысы бар жолдарды ағымдағы жөндеу-30,1 млн. теңге.

- аяқжолдарды ағымдағы жөндеу-45,2 млн.теңге.

- аула ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу-120,3 млн. теңге.

- шұңқырларды жөндеу-2,7 млн. теңге.

- қиыршық тас жолдарын ұстау-6,7 млн. теңге.

- жолдарды жазғы күтіп ұстау-3,7 млн.теңг