+7 (72336) 4-27-00

Алматы облысының қасиетті нысандары

Атауы

Қысқаша мәлімет

Орналасқан жері

1

2

3

4

1.      

Хан тәңірі тауы

2 2

«Хан-Тәңірі» шыңы Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен және Қытаймен шекарадағы ең жоғарғы нүкте. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2500 км-гежуық, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км. 

Бұлжерде негізінен биік тау туризмі дамыған. «Хан-Тәңірі» шыңы әлемдегі бірден-бір солтүстік жетімыңдық болып саналады, сондықтан, оның шыңына шығу туризмнің айрықша қауіпті түріне жататанына қарамастантуристерді көптен-көп қызықтырады. Ол, үшкіртөртқырлы пирамида түріндегі, әлемнің аса әсем шыңдарының бірі.

Алматы облысы, Райымбекауданы, Шығыс Тянь-Шаньдағы шың

2.      

Шарын каньоны

546

Жартасты табиғи өңір; палеоген дәуірінен келе жатқан бірден-бір табиғат ескерткіші. Каньон оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шарын өзінің бойымен 154 км-ге созылған. Жартастарының биіктігі 150 – 300 м-гедейін жетеді. Шарын өзенінің аңғарында Шаған тоғайы сақталған. Мұндай тоғай дүниежүзінде АҚШ-тағы Колорадо штатындағыҮлкен каньон мен осы Шарын каньонында ғана кездеседі.

Еңбекшіқазақ, Райымбек, ҰйғыраудандарындағыШарынөз-ніңтөм. ағысында.

3.      

Таңбалы (Тамғалы) археологиялықкешені

1 2

Таңбалы археологиялық кешені 9 км 2 алаңға шоғырланған қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары және жартас суреттері (петроглифтер) сияқты әр тарихи дәуірдің 100-ге   тарта ескерткіш терін құрайды. Бұл жерлерде қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің және кейінгі жүздеген жылдардың адамдары жерленген. Ескерткіштің негізгі бөлігіне желгі және орта ғасырлық көшпелілер обалары құрайды. Қазақстан аумағындағы адамдардың осынау көне тұрағының бірі ЮНЕСКО-ның дүние жүзілік мәдени мұрасының тізіміне 2004 жылы енді.

Тамғалышатқалы Алматы қаласынан 175 шақырымдайжердеҚарабастауауылынан 4 шақырымқашықтықтаАңырақайтауларындаорналасқан.

4.      

«Жаркентмешіті» сәулет- көркемөнермұражайкешені

4567

«Жаркент мешіті» кешені – ХІХ ғ. Сәулет өнері ескерткіші. Тянь-Шань шыршасынан дайындалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймыш пен нақышталған. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инженер–Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең бастыны санының маңыздысы, мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынды. Құрылыс кезінде не шегелер, не тұтқалар (скобы) қолданылмады. Кешеннің құрамына кіретіндер: мешіт ғимараты, бастыкіру – порталы, медресе, дұғаоқитынүй, қақпа – қоршаулар.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркентқаласы

5.       

Көлсайкөлі

6

«Солтүстік Тян-Шань маржандары» атанған Күнгей Алатау жотасында көрікті Көлсай көлдері орналасқан. Бұл көлдердің пайда болу тарихышамамен 1887 және 1911 жылдар. Көлдер тектоникалық жағдайлармен Қайыңды және Көлсай өзендерінің арналарында пайда болды. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан:   Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай,   Төменгі Көлсай.

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағы – Қазақстанның ең жас, аса қорғалған табиғи территориясы. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800—3500 метр биіктікте көлдер шоғыры, бай өсімдік және жан-жануарәлемі бар, бірегей ландшафт орналасқан. Табиғаттың тиісілмеген жеке аумақтары да сақталған.Ұлттық парктың көркемжерлерінің бірі – Көлсай өзені мен Шелек өзені тармағында, сұлу шатқалда орналасқан Көлсай көлдері.

Алматы облысы, Райымбекауданы

6.       

Тамшыбұлақ су көздері

5 2

Тамшыбұлақ бұлағы Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тасқабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын, жергілікті тұрғындар көне заманнан бері, әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауықысы – жазы көк шөптермен көмкерілген қалыпта, бұлақ суық атпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан.

Ш.Уалиханов осы бұлақ туралы көне көз қарттардан мынандай аңыз жазып алған: «Күн сәулесіне құбылған тамшыбұлақтың тамшылары бірін бірі сүйген сұлтанның қызы мен шопанның ұлының көз жасы екен».

Алматы облысы,  Ақсуауданы, Қапалауылы

7.       

Айғайқұм

Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі. Жібек жолының бойында орналасқан осы “Әнші құмның” үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрған. “Әнші құм” табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Ол Алтынемел ұлттық паркі (1996 жылдан) құрамына кіреді.

Алматы облысы,  Кербұлақ ауданы

8.       

Бұрхан-бұлак

8

Көк жасыл мүк басқан, көкке өрмелеген алып тастан сырғанай аққан сарқыраманың бүкіл бойында кемпірқосақтың барлық түсімен құлпыра ойнап тұрады.Бұрхан-бұлақ орталық Азияның ең биік сарқырамасы.Сарқырама атауының шығуы осы жердің киелілігі туралы айтады. «Бұрхан» бұл бір кездері шатқалда Будда бейнесі болды, ал «бұлақ» бұл бастау не қайнар.

Алматы облысы, Ескелді ауданы

9.       

Бесшатыр

9

Әлемдік археологиялық ескерткіштердің арасында Бесшатыр бар. Мың жыл бұрын ол қазіргі Қазақстанда тұрған көне сақтарға табыну жері болды. Осында 2 шаршы шақырым жердегі алаңда Жетісу жерінің көне халқы «сақтардың» алыптығы мен композициялық күрделілігі жағынан ең маңызды археологиялық ескерткіші орналасқан.Бесшатыр – Солтүстік-Шығыс Жетісудың сақ тайпаларының этно-мәдени және сакралдық орталықтарының бірі болып табылады. Б.д.дейінгі VII–IV ғ. Бесшатыркөне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. Бесшатыр зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының сирек кездесетін айрықша ескерткіштер қатарына жатады. Көрген жанды керемет сезімге кенелтетін Бесшатыр қорғандарына Жетісу өңірінде   б.д.д. VII-III ғасырларда   өмір сүрген сақтардың   көсемдері мен батырлары жерленген. Ежелгі көшпенділерде қорғанның биіктігі мен аумағы қайтыс болған адамның және оның руының қоғамдағы мәртебесіне сай болған. Үлкен «патшалар» қорғанының қорымдары ерте кезден-ақ тонауға ұшыраған. Үлкен мен орташа қорғандардың айналасына сақина құрайтын тас қадаулар қойылған. Үлкен қорғандардың айналасына ірі қойтастардан салынған әруақтарды еске алу дуалдары өте ерекше, қазір олардың саны 150-ден асады. Жалпы алғанда Бесшатыр кешені аса күшті әсер қалдырып, бұл арада сақтардың ежелгі көшпелі өркениетінің ұлылығы мен құдіретін көзбен көріп, бүкіл жан дүниенмен сезінуге болады.

 

10.   

Әулиеағаш

10

Жуандығы алты-жеті адамның құшағы әзер жететін алып ағаштың жасы шамамен 600-700 жыл деп есептеледі. Бұл ағаштың қасиеттілігі сол жеті ғасырдан бері солмай өсіп келеді және жан-жағына бір бағыт бойынша тарап өсуде. Бұл ағашты ешкім арнайы өсірген жоқ. Осы жердің қасиеттілігін біліп қолға алу 1999 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Осы ағаштың суы түрлі ауруларға ем болып саналады, әсіресе тері ауруларына таптырмас шипа. Бұл зерттеліп дәлелденген нәрсе. Бұрындары ағаштан кең көлемде су ағып тұратын кейін келе бітеліп қазір аз ғана сығырайып ағатын болды. Ағашты аудан тұрғындары «Әулиеағаш» деп атап кеткен. Сондықтан осы жерге көптеген сырқат адамдар келіп, әртүрлі аурулардан арылу үшін ағаштың жанында түнейді. Оның тамырынан өсіп шыққан ұрпақтарының өзі үлкен саябаққа ұласқан. Оның ақпанының үлкендігіне 7 адамның құлашы әрең жетеді. Әулиеағаштың өзінен тараған ұрпақтары ағашты айнала қоршап өскен. Бұл айнала қоршап тұрған ағаштардың бәрінің ұштары ортада тұрған Киелі ағашқа иіліп ерекше өсіп тұр. Еліміздің табиғи байлықтарының бірі болып саналатын алып қарағаштың 6-7 ғасырлық ғұмыры бар.Мұндай ағаштар әлемде тек қана үш елде бар, соның бірі бізде қалғаны екеуі Қытай мен Түркияда.Қазіргі таңда бұл киелі ағашқа дұға тілеп ниеттеніп келетін адамдардың саны артуда. Перзентсіздер перзент сұрап, жолсыздар жол сұрап келеді.