+7 (72336) 4-27-00

Iрi жемшөптерді жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Егін жинауды бастамас бұрын диірменнің айналасында минералданған жолақтар жасалуы керек. Далалық жұмыстарға тартылған барлық автокөліктер қызметке жарамды ұшқындармен, сонымен қатар өртке қарсы алғашқы құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Далалық жұмыстарға тартылатын адамдарға өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқау өтзілуі керек. Резервте соқамен жабдықталған техника, сыпырғыштар, күректер қоры, сонымен қатар өрт сөндіруге арналған су ыдысы болуы керек.

Iрi жемшөптерді қоймалау және сақтау кезінде:

- ірi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады;

- ірi жемшөптердi қоймалау ғимараттармен құрылыстардан 50м, жолдардан кемінде 20м, электр желілерінен кемінде 15 м қашықтықта жүргізілуі керек;

- шыбықтар (бағаналар) арасындағы өрт қауіпсіздік алшақтығы кемінде 20 м болуы керек;

         - елді мекеннің аумағында өрт сөндіру үшін қажетті сумен қамтамасыз етілуі керек, сонымен қатар әрбір тұрғын үйде су ыдысы (бөшке) болуы керек.

Тазартылған жерлерде шыбықтарды, өсімдік қалдықтарын және жеңіл отты жағуға қатаң тыйым салынады.

Көбіне бала ойыны, өртеу, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу (егінді қоймалау, тасу кезінде) себеп болады.

Өрттің салдарынан үлкен материалдық зардап келеді, жарақат (күйіп қалу) алу, адам опат болуы мүмкін.

Егінді өрттен сақтау үшін өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

Өрт болған жағдайда келесі телефондар бойынша қала үшін – 101, 4-26-00 және 4 аудан, жақын елді мекендер үшін – 101, 4-86-35 хабарласу қажет.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!!! Iрi жемшөптерді тасымалдау және қоймалау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – олардың қауіпсіздігінің кепілі.

Риддер қ. ТЖБ