+7 (72336) 4-27-00

Риддер ауданының биік таулы бөлігінде сел тасқыны ықтимал қауіпін төндіретін 30 астам еріген мұздықтардан бастау алатын көлдер бар.

Сел, сырғыма жағдайды зерделеу және аясын бағалау мақсатында «Қазселденқорғау» ММ Белая Уба және Быструха өзендері судуалдарына қазаншұңқыр құрылысы, су көлемінің есебі, су ұстайтын жалдардың мықтылығын, мұздықтардың, топырақтың қозғалу дәрежесін, көлдерге іргелес аумақтарда эрозиялық процесстердің бар-жоғын айқындаумен батиметриялық түсірілім жүргізумен биік таулы көлдерге тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде, мұздық көлдердің су ұстайтын жалдары сары топырақ пен жұмсақ топырағы аз негізінен жартасты жыныстан тұратыны белгіленді. Сырғыма және эрозиялық процесстердің ықпалы, сонымен қатар тапырақтың қозғалысы көлдер ауданында белгіленген жоқ.

Көлдердегі су деңгейі тексеру кезінде төмен. Дегенмен, көлдердің бірінің ең шекті тереңдігі 42 метрді құрады.

Сел тасқыны қауіпі жоқ, жалпы сел жағдайы Риддер өңірінде тұрақты. Тасқын тек, елеулі сейсмикалық ықпалдан, ағыс арнасының бітелуі, су ұстайтын жал денесіндегі жарықтың пайда болуынан немесе жартастың опырылып ағысқа түсуінен болуы мүмкін.

Риддер қ. ТЖБ

«Қазселденқорғау» ММ РӨПБ

DSC02824DSC02832