Бос лауазым орынды сипаттау, атауы |
Бос лауазымдық орын бойынша ақпарат |
Мекеме |
«Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ |
Мемлекеттік мекеменің атауы , мекеменің мекен- жайы |
«Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Гагарин даңғылы 3, 2 қабат, анықтама үшін телефон 8(72336) 4-31-42, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
Бос лауазымдық орын атауы |
Футбол бойынша жаттықтырушы (В2, В3 санаты, 1,5 бірлік) |
Қысқаша лауазымдық міндетіне сипаттама |
Неғұрлым перспективалық оқушы-спортшыларды, оларды ары қарай спорттық жетілдендіру үшін іріктеуді қамтамасыз етеді;патриоттық және тәрбиелік мәнді жұмыстарды жүргізеді, дайындаудың жылдық және ағымдық жоспарларын әзірлейді; жүйелі түрде есеп, талдау нәтижелерін жалпылау және оқушылармен өз жұмысының мазмұнына байланысты қорыту жүргізеді; Бөлімдегі оқушы топтарымен тәрбиелік және оқу-жаттықтыру жұмыстарын, соның ішінде денсаулық жағдайларына байланысты арнайы медициналық топтарға қатысты жүргізеді (оку-жаттықтыру процесін жоспарлауды жүргізеді, әрбір оқушыға жеке жаттығу жоспарын құрайды);Оқушылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерінің көлемін жоғары деңгейде орындалуын, спорттық нәтижелерін және қажеттік қалпына келтіру іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;Оқушылардың теориялық,физикалық, техникалық және спорттық даярлығын арттыруды, сабақ өткізу процесінде олардың денсаулығын нығайтуды және сақтауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,спортшылардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді және әдістерді қолдану жағдайларына жол бермейді (допингке қарсы); оқушылардың уақтылы медициналық тексеруден өтуін, антропометриалық өлшеу негізінде дәрігерлердің ұсынымдарын орындауын, дәрігерлік-педагогикалық бақылауды және жаттығуларын орындауды қамтамасыз етеді; Оқушылардың жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша бақылау номативтерін өткізеді; Басшылыққа, басшыға, құрылымдық бөлімшелерге, аға жаттықтырушы ұстазға есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы жүргізуді, ұсынуды жүзеге асырады; жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың семинарларына қатысады. |
Лауазымдық қызметақысы |
- Қызмет өткерген жылдарына байланысты 58 754 тенгеден жоғары - заңнамаға сәйкес ынталандыру және өтемақы төлеу |
Қызметтік (Жұмыс) уақыты |
Алты күндік жұмыс аптасы 36 сағат апталық жүктемемен оқу-жаттығу сабағының кестесіне сәйкес |
Біліміне қойылатын талаптар |
«Дене-шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғарғы білім немесе «Дене-шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша (орта арнайы) білімі |
Еңбек өтіліне қойылатын біліктілік талаптары |
жоғарғы білім «Дене-шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе кәсіптік (орта арнайы) білімі «Дене-шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және жұмыс өтілі бір жылдан кем емес. |
Біліміне, дағдыларына, қабілетіне қойылатын біліктілік талаптары |
Білу керек: - Конституция; - Еңбек кодексі; - «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы; - «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы; - «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы; - «Білім туралы» Заңы; - «Спорттағы допингке қарсы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы; - «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, - Педагогика, психология және физиология негіздері. |
Басқарушылық дағдылары мен іскерлігі (құзыреттілігі): - ресурстарды және қызметін жоспарлау,болжау; - міндеттерді қою және қарамағындағы бағыныштылардың жұмыстарын ұйымдастыру; - бақылау,орындалуын бағалау; - өкілетті табыстау: - персоналды дамыту және ынталандыру; - басқарушылық шешімдерді қабылдау; - өзгерістерді басқару; - ұжымдағы қолайлы климатты қолдаумен қалыптастыру - келіссөздер жүргізу дағдылары; - көпшілік алдында сөз сөйлеу; Жеке қасиеттері (құзыреттілігі): - ұйымдастырушылық қабілеттері; - бастамашылдық; - жауапкершілік; - сабырлылық; - жаңалық енгізуге қабілеттілігі; - тіл тапқыштық; - нәтижелерге көзделу; - жемқорлыққа төзбеушілік. |
|
Құжаттарды қабылдау мерзімі |
2019 жылдың 14 тамызынан 2019 жылдың 27 тамызына дейін (коса алғанда) Байқау 2019 жылдың 28 тамызына 15.00 –ге белгіленді |
Құжаттар (бос лауазым орнына үміткерлер қандай құжаттар тапсырады) |
- байқауға қатысу туралы жеке өтініш; - қосымша фотоуретімен түйіндеме; - жеке куәлігінің көшірмесі немесе оның орнындағы құжат (тиісті құжат байқауға келген бойда көрсетіледі); - қажетті білімін, еңбек өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар: а) еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі бар азаматтар үшін) немесе еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар; б) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ қалауы бойынша қосымша білімі,ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы туралы құжаттар; Барлық құжаттарды тапсырған кезде түпнұсқалар болуы керек. Үміткерлер құжаттарды уақытында ұсынбау, оларды толық емес көлемде немесе рәсімдеу ережесін бұзумен ұсынған жағдайда, оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
|
Байланысатын тұлға |
Армиянова Айзада Әскербекқызы, инспектор по кадрам |
Байқау комиссияның қарауына азаматтармен қолма-қол тәртіпте берілген, 2019 жылдың 27 тамызына дейін (қоса алғанда) пошта арқылы немесе электронды мекен – жайға электронды пошта арқылы жіберген құжаттар қабылданады (құжаттардың түпнұсқалары кемінде әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан бұрын кешіктірмей ұсынылады) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Байқауға жіберілген үміткерлер, үміткерлердің байқауға жіберілгендігі туралы хабарланғаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде «Риддер қаласының БЖСМ» КММ – де байқаудан өтеді. Аталмыш лауазымдарға иеленген тұлғалар үшін көтерме ақы шығындары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
|
«В» блогы негізгі лауазымы бос орнына байқау өткізу туралы хабарлама
- Подробности