+7 (72336) 4-27-00

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – бұл біздің рухани бірлігімізді қамтамасыз ететін ғылым мен білімнің жаһандық жүйесіне кіруге қадамы. Қазір біз заманауи ғылымды, технологияны және интернетті оқып,білуге тырысамыз. Осының барлығы қазір латын әліпбиінде негізделген.Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі біздің бірлігімізді нығайтып рухани жақындастырады»- деген Нұрсұлтан Назарбаев.

№1 кітапхана-бөлімшесінде «Қазақстан латын әліпбиіне көшеді» атты бейне-презентация Қазақстанның тұңғыш президентінің сөзімен басталды.

Іс-шараның басында балалар латын әліпбиінің пайда болу тарихымен және қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу себептерімен танысты.Бейне-презентация арқылы қатысушылар латын әліпбиіне көшу ана тілімізді халықаралық деңгейге алып шығатын заман талабы екенін білді. Бұлдегеніміз қазақ тілінің ерекшеліктерін сақтаудүниежүзілік интеграция және мүмкіндіктерді дамыту.Жазбаны ауыстыру қазақ алфавитін жеңілдетеді, емле ерекшеліктерін сақтайды, қажет емес таңбалардан құтқарады және фонетикалық жүйені түзетеді.Қазақ тілінің жаңа әліпбиі жас ұрпаққа тезірек және тиімді білім алып,өмірдің барлық саласында сәтті дамудың шешуші факторы болып табылатын қазақ, ағылшын тілдерін үйренуге мүмкіндік береді. 

Іс-шара соңында балалар латынша қала аттарын жазуға тырысты.

2623 56565 8989