+7 (72336) 4-27-00

Конституция күні 2019 жылы 30 тамызда «Риддер тарихи-өлкетану мұражайы» МКҚК қала тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты. Келушілер үшін еліміздің Негізгі Заңына арналған «Мен азаматпын» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде маңызды құжаттардың көшірмелері мен Тәуелсіз Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы туралы фотосуреттер қойылған.Стендтерде Ұлы дала заңдарымен – «Қасым ханның жарқын жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті өсиеті» заңдар кодекстерімен ежелгі тарихи байланыстары мен сабақтастығы бар біздің Конституциямыздың тарихына ерекше көңіл бөлінген, сонымен қатар Кеңес кезеңіндегі Конституциялар хроникасы, Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуына арналған материалдар ұсынылған.

       «Самоцветы» қалалық жазғы лагерінің балалары үшін «Өмірге бағдар беретін Заң» атты тарих сабағы өткізілді. Музей маманы С. В. Никифорова іс — шараға қатысушыларды еліміздің конституциялық құрылымының қалыптасу тарихымен, қазақтардың алғашқы заңды құжаты-Тәуке хан тұсында қабылданған «Жеті жарғы» әдеттегі құқық нормалары жиынтығымен, кеңес дәуірінің негізгі заңдарымен және Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясымен таныстырды.Конституция негізгі баптарытуралы әңгімелеп, еліміз осы басты заңы бойынша өмір сүріп, мемлекеттің бүкіл заңнамасының негізі құжаты болып табылатыны туралы айтып берді.Қазақстан азаматының құқықтары мен міндеттеріне қатысты баптарға ерекше назар аударды. Балалар өз құқықтары туралы көп жаңа және қызықты мәліметтер алды.

SAM 4177SAM 4221