+7 (72336) 4-27-00

16 қыркүйек 2019 ж көпшілік жұмыс жөніндегі маман Жагиева Г.С.КМҚК «Риддер тарихи-өлкетану музейінде» қазақтың ұлы ақын-ағартушысы Абай (Ибрагим) Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қазақ халқының ұлы перзенті» атты дәріс-экскурсия өткізді. Оқушылар Абайдың өмірі, шығармашылығы, және мәдени мұраларымен танысты.

«Құпиялар. Тағдырлар. Есімдер » атты кинофильм тамашалады.“Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша “ШҚО сакралды жерлері ұлттық маңызы бар объекті “Жидебай” музей-қорығы кешенімен танысты. Аталған объектілерге “Абай-Шəкəрім” мавзолей кешені, мекендер жəне экспозициялармен Абай музей үйі де кіреді.

Абай туралы естелік жақын жəне алыс шет ел қалаларындаорнатылған ескерткіштерде, көшелер, елді мекендердің атауларында мəңгі есте сақталған. Ұлы бабамыздың рухани мұрасы əлемдік мəдени құндылықтардың бір бөлігіне айналған.

“Ұлы даланың ұлы ойшылы” көрмесі келушілерді Абайға арналған жергілікті суретші Ю.Г.Хабаровтың музей қорынан акварель жұмыстарының топтамасымен таныстырды.

DSC 0012 DSC 0023 DSC 0027