+7 (72336) 4-27-00

«2018-2019 оқу жылындағы аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы»

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңге бөліп өткізілді: мектептерде бітіру емтихандары ретінде қорытынды аттестаттау және ЖОО түсу емтихандары ретінде ҰБТ.

29 мамырдан 9 маусым аралығындағы кезеңде 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау 5 пән (олардың оқыту бейінін есепке ала отырып таңдау бойынша 1 пәнді қоса есептегенде) бойынша бітіру емтихандары нысанында өткізілді

Барлық емтихандар оқыту орны бойынша мектеп базасында өткізілді. Барлық жұмыстарға ҚР БҒМ жолданған нұсқаулық бойынша бірыңғай бағалау критерийлері қолданылды. Барлық қорытынды аттестаттау материалдары Ұлттық тестілеу орталығымен құрылды.

Емтихандар тізбесі және өткізу нысаны келесідей:

  1. Ана тілі және әдебиеті бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан.
  2. Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан, 5 тапсырмадан тұрады.
  3. Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан, билет бойынша.
  4. Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілі бойынша және қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу.

2019 жылы түлектер саны 217 адамды құрайды (2018 жылы 259 түлек). Олардың ішінде:

- 8 адам денсаулық жағдайы бойынша босатылды;

- 209 түлек қорытынды аттестаттауға қатысты.

Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білім сапасы 59% құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 0,7% жоғары.

Ұлттық бірыңғай тестілеу Риддер қаласында 2018 жылғы 23 маусымда Тестілеу пункті базасында өткізілді. 2019 жылы қала мектептерінің 124 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды, бұл олардың жалпы санының 57% құрайды (2018 жылы - 49%).

3 жыл ішінде түлектердің тестілеуге қатысуы

Жылдар

2017

2018

2019

Түлектер саны

271

259

217

Қатысқаны

67

126

124

Қатысу %

24,7

49

57

ҰБТ бойынша орташа балл 80,7 балды құрады. 2018 жылы орташа балл 70 балды құраған.

 

 

 

ҰБТ нәтижелілік рейтингі

Мектептер атауы

2018 жылы ҰБТ қатысу %

2018 жылы орташа балл

2019 жылы ҰБТ қатысу %

2019 жылы орташа балл

Динамика

1

«№1 мектеп-лицей» КММ

58,3%

74,8

86,2%

84,5

9,7↑

2

«№2 орта мектебі» КММ

46,4%

67,4

40%

85

17,6↑

3

«№3 орта мектебі» КММ

26,6%

67,2

37,5%

77,2

10↑

4

«№5 орта мектебі» КММ

9,5%

62

26,6%

70

8↑

5

«№10 орта мектебі» КММ

50%

56,7

61,9%

73

16,3↑

6

«№12 орта мектебі» КММ

16,6%

55,6

66,6%

81

25,4↑

7

«№14 орта мектебі» КММ

35,2%

57,1

47,6%

75,6

18,5↑

8

«№16 орта мектебі» КММ

33,3%

60,3

21,4%

86,5

26,2↑

9

«№17 орта мектебі» КММ

22,2%

86

25%

83

3↓

10

«Шаңырақ» КМГ» КММ

100%

75,4

90%

84,5

9,1↑

               

Ең жоғары 132 балды «№1 мектеп-лицей» КММ оқушысы Кариц Еламан, төменгі 31 балды «№10 орта мектебі» КММ оқушысы Блинов Денис иеленді. 13 «Алтын белгі» иегерінің 8- і ҰБТ қатысты (2018 жылы-16 «Алтын белгі» иегерлерінің 10-ы қатысқан).

2018, 2019 жылдардағы

«Алтын белгі» белгісі иегерлерінің саны

Жылдар

Алтын белгі

Үздік аттестат

 

Үміткерлер саны

растағандар

%

Үміткерлер саны

растағандар

%

2018

16

16

100

6

6

100

2019

13

13

100

12

12

100