+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.09.2019 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 56714 адамды құрайды, оның ішінде 53415 адам қалада, 3299 адам - ауылдық жерде тұрады. 2019 жылдың (57107 адам) басында халық саны 199393 адамға азайды.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 157 адамды құрады. Ағымдағы жылғы 9 айда 474 бала туылды (2018 ж. көрсеткішіне қарағанда 97,7% – 490 бала), 631 адам (2018ж. көрсеткішіне қарағанда 93,3% – 676 адам) қайтыс болды.

 

01.10.2019 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 586 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Жалпы санынан – 565 (96,4%) – шағын кәсіпорындар, 18 (3,1%) – орта, 3 (0,5%) – ірі кәсіпорындар.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

 

Өнеркәсіп

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2018 жыл көрсеткішіне 6,8% қысқарумен 100341,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 97,0% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

  • «Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;
  • «Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке 4514,0 млн.теңгені құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 2,2% жоғары (4416,7 млн. теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығында 3346,4 млн.теңге, 2018 жылғы деңгейге қарағанда (3371,1 млн. теңге) 0,7%, мал шаруашылығында 1167,6 млн. теңге, 2018 жылғы деңгейге қарағанда (1045,6 млн. теңге) 11,7% өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі – 99,2%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 98,1%, мал шаруашылығы – 102,8%.

Мал мен құс союға 741,5 тонна өткізілді немесе 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке 102,0% (726,5 тонна). Жұмыртқа өндірісі 1521,7 мың дананы құрады немесе 2018 жылғы деңгейден 101,4% (1500,8 мың дана), сүт өндірісі – 4147,0 тонна немесе 103,4% (2018 жылғы қаңтар-қыркүйек – 4009,9 тонна).

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің саны артты.

Жем дайындау аяқталды, барлығы дайындалды:

- шөп - 17,0 мың тонна, жоспар бойынша 16,0 мың тонна, қамтамасыз етілуі 106,3%;

- пішендеме - 5,0 мың тонна жоспармен 6,1 мың тонна, қамтамасыз етілуі - 122,0%;

- сабан - 1,5 мың тонна, жоспар бойынша 1,0 мың тонна, қамтамасыз етілуі - 150,0%;

- сүрлем - 5,6 мың тонна, жоспар 4,0 мың тонна, қамтамасыз етілуі - 140,0%;

- құнарлы азық - 1,8 мың тонна, жоспар бойынша 1,3 мың тонна, қамтамасыз етілуі - 138,5%.

 

         Кәсіпкерлік

Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарай (411 субъект) 13 бірлікке немесе 3,2% төмендеумен 424 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2018 жылға (271 субъект) 13,3% немесе 36 бірлікке өсумен 307 субъектіні құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2842 бірлікті құрайды, ол 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 2,0% немесе 55 субъектіге (2787 бірлік) жоғары.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 22970,5 млн.теңгені құрап, 2018 жылдың көрсеткішіне (21488,4 млн. теңге) нақты бағада 6,9% өсіп, салыстырмалы бағада 100,0% құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 86,8% немесе 19936,8 млн. теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 26211,3 млн. теңгені құрады, 2018 жылдың көрсеткішіне (16162,7 млн. теңге) 10048,6 млн. теңгеге немесе 50,462,2% өсті. Нақты көлемінің индексі 159,3% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9869,5 млн.теңгені құрады, 2018 жылдың деңгейіне (8840,5 млн. теңге) 11,6% өсті. Нақты көлем индексі -108,7%.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 50,6% немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 3226 шаршы метрге (6379 шаршы метр) қысқатып, 3153 шаршы метрді құрады.

        

Еңбек нарығы

01.10.2019 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 277 жұмыссыз тіркелді;

- 1107 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 75,3%;

- 289 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 30 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 261 жұмыссыз тартылды;

- 347 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.10.2019 жылғы жағдай бойынша аз қамтылған отбасы ретінде, өңір бойынша 246 отбасы/1008 адам есепте тұр, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 175 отбасына және 769 адамға артық (71 отбасы/239 адам). Кедейшілік шегі 20789 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қалалық бюджет қаражатынан 127738,6 мың теңге төленді, бұл 2018 жылдың (35628,6 мың теңге) ұқсас кезеңінен 3,6 есеге жоғары.

Бюджет

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке барлық деңгейдегі бюджетке 5030,3 млн. теңге түсті, ол 2018 жыл ұқсас кезеңіне 117,4% құрайды.

Қалалық бюджеттің меншікті кірісінің болжамы 103,8% орындалды. Жоспар бойынша 2393,4 млн. теңге, нақты 2484,5 млн.теңге түсті. 2018 жылдың салыстырмалы кезеңіне түсімдер 4,1% немесе 98,6 млн. теңгеге ұлғайды.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2019 жылғы 9 айға 100,0% орындалды.

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізімі бойынша 2019 жылғы бірінші жартыжылдыққа орташа айлық жалақы мөлшері 178995 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі орташа айлық жалақы мөлшерінен 14,3% жоғары және ШҚО өңірлері арасында бірінші болып табылады.

2019 жылғы бірінші жартыжылдыққа жалақы қоры 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 14,6% өсімді белгілеп, 16966,6 млн.теңгені құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың нақты саны 2018 жылдың тиісті тоқсанына 0,3% төмендеп, 15798 адамды құрады.

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.10.2019 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1162 бала тұр.         

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

Риддер қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметтері бойынша 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте             2018 жылдың деңгейіне 4 ауру түрі бойынша өсім белгіленді.

Туберкулез ауруымен 19 науқас тіркелді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,2% (13 жағдай) жоғары. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 33.1 құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (22.5) 10.6 есептік тармаққа жоғары.

7 нәресте өлімі тіркелді, ол 2018 жыл деңгейіне сйәкес келеді. Ана өлімі жоқ.

Есепке алынған онкологиялық науқастардың саны 166 адамды құрады, бұл 2018 жылдан (153 адам) 8,5% немесе 13 адамға жоғары. Онкологиялық аурулардан 84 адам қайтыс болды, бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 9 адамға немесе 12,0% көп (75 адам).

Қылмыскерлік

Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2018 жылға қарай (1046 жағдай) 22,7% төмендеумен 809 жағдайды құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 244,1 салыстырғанда 189,3 құрады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 77,9% құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 2,9 пайыздық тармаққа жоғары (75,0%).

Келесі қылмыс түрлері бойынша төмендеу байқалады:

- аса ауыр қылмыс 46,2% (2018 жылы 13-тен 2019 жылы 7-ге дейін);

- орташа ауырлықтағы қылмыс 34,3% (2018 жылы 749-дан 2019 жылы 492-ге дейін, ашылуы 69,0%;

- онша ауыр емес қылмыс 5,2% (2018 жылы 115-тен 2019 жылы 109-ға дейін), ашылуы 85%;

- адам өлтіру саны 42,9% (2018 жылы 7-ден 2019 жылы 4-ке дейін);

- ұрлық 29,6% (2018 жылы 641-ден 2019 жылы 451-ге дейін);

- алаяқтық 31,7% (2018 жылы 60-тан 2019 жылы 41-ге дейін);

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 57,9% (2018 жылы 19-дан 2019 жылы 8-ге дейін);

- зорлағаны 42,9% (2018 жылы 7-ден 2019 жылы 4-ке дейін);

- бұзақылық 33,3% (2018 жылы 24-тен 2019 жылы 16-ға дейін);

- тонау 9,1 (2018 жылы 33-тен 2019 жылы 30-ға дейін);

- қарақшылық 20% (2018 жылы 5-тен 2019 жылы 3-ке дейін);

- қорқытып алушылық 40% (2018 жылы 289-дан 2019 жылы 268-ге дейін).

Жол-көлік оқиғаларының саны 33 жағдайды құрады, бұл 2018 жыл ұқсас кезеңі деңгейінен (14 оқиға) 2,4% жоғары, зардап шеккендер саны – 38 адам (2018 жылы-21 адам), бұл 80,9% немесе 17 адамға жоғары. Жол-көлік оқиғалары салдарынан 2019 жылдың басынан 4 адам қайтыс болды, бұл 2018 жылдың салыстырмалы кезеңінен 42,8% төмен (7 адам).

Ағымдағы жылдың басынан бастап Риддер өңірі аумағында 66 өрт болды, бұл 2018 жыл ұқсас кезеңінің көрсеткіші (70 өрт) 4 оқиғаға немесе 5,7% төмен, 2018 жылғы 9 айда 4 өлім жағдайларында 1 адам қайтыс болды.

Табиғи және техногендік сипаттағы 28 төтенше жағдай тіркелді, бұл 2018 жылдың салыстырмалы көрсеткішінен (7 оқиға) 19 жағдайға немесе 3,1 есеге жоғары.

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                             А. Рамазанова