+7 (72336) 4-27-00

Тұрақсыз ауа райы (қардың жаууы, жылымық) көктайғақтың туындауына, ғимарат шатырларында қардың жиналуы мен мұз сүңгілерінің түзілуіне, электр тарату желілеріне мұздың қатуына әкеледі.

Риддер қаласында ғимараттардың басым бөлігі қысқы жылымық мерзімінде қалалықтарға үй шатырларынан қарлы мұздың құлауы себебінен ықтимал қауіп төндіреді.

Төтенше жағдайларға жол бермеу және қалалықтардың жарақаттануларын төмендету мақсатында дүкендер мен ғимараттардың иелеріне, ПИК төрағаларына қыс мерзімі бойы ғимарат шатырларын қардан, мұздан, сүңгілерден тазарту және олардың құлау орындарын қоршау, мекемелер, дүкендер және тұрғын үй кіре-берістерін көктайғаққа қарсы материалдармен себу жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес етіледі.

         Ғимарат бойымен жүрген кезде сақ болыңыздар. Шатырлардан қар, мұз сүңгілерінің құлау қауіпінің бар-жоғына назар аударып, ғимараттан қауіпсіз қашықтықта жүріңіздер.

         Көктайғақ айырықша назарды талап етеді. Қауіпті мерзімде, көктайғақ себепші болған жарақат саны ұлғаяды. Көктайғақ кезінде жарақаттануды болдырмас үшін ұсақ көпіршікті немесе жұмсақ табан орнықты және сенімді аяқкиім туралы ойланған жөн. Абайлап, асықпай қозғалыңыз.  

         Аяқты тізе тұсында босаңсытып нық басу керек. Қол сөмкелерден бос болуы керек.

Көлік жолында аса абай болу қажет. Бұл мерзімде жүргізушілерде де қиындықтар аз емес, сондықтан олармен санасу жүргіншілердің мүддесінде.

Қартаң адамдарға аса мұқтаждықсыз «тайғанақ күндері» үйден шығудың қажеті жоқ. Егер шығуға тура келсе, басы резиналы таяқты немесе арнайы басы үшкір таяқты алуға ұялмаңыз. Статистикаға сәйкес 2/3 жарақатты 60 жастан асқан адамдар құлау кезінде алады.

Құлаған сәтте жиырылып бұлшық етті жиыру, ал жерге құлағанда міндетті түрде аунау керек. Осылайша соққы, созылып, оның қуаты айналымға кетеді.

Боран, бұрқасын кезінде қала тұрғындарына тынығу, аң аулау, шаңғы тебу және спорт жарыстарын өткізу мақсатында тауға және орман алқаптарына елді-мекендерден тысқары шықпауға кеңес етіледі.

Құрметті қала тұрғындары, назар салып абай болыңыздар. Денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізді сақтаңыздар!

Риддер қ. ТЖБ