+7 (72336) 4-27-00

Сіздерді ұлттық валюта күнімен, ал қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді. Бұл күн еліміздің тарихындағы ең маңызды күндердің бірі болды,ал теңге – Әнұран, Ту және Елтаңбамен қатар мемлекеттік рәмізі болды.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қаржы және банк жүйелері жоғары нәтижелерге қол жеткізді, олар бірінші кезекте мемлекеттік ақша-несие саясатын іске асыратын мамандардың еңбегінің нәтижесі болып табылады.Бұл жетістіктерде біздің қаланың қаржы органдары қызметкерлерінің еңбегі бар, олардың арасында өз ісіне берілген жоғары білікті мамандар аз емес.Сіздердің білімдеріңіз бен кәсібиліктеріңіз қаланың экономикасы мен қаржы жүйесінің тұрақты дамуының кепілі болды.

             Құрметті жерлестер, сіздерге мықты денсаулық, бақыт және Отан үшін жаңа кәсіби жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!

 

 

Құрметпен,

Риддер қ. әкімі                                            Жомарт Мұратов

Қалалық мәслихат хатшысы                 Игорь Панченко