+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.12.2019 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 56544 адамды құрайды, оның ішінде 53265 адам қалада, 3279 адам - ауылдық жерде тұрады.    2019 жылдың (57107 адам) басында халық саны 563 адамға азайды.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанға халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 227 адамды құрады. 2019 жылы 642 бала туылды (2018 ж. көрсеткішіне қарағанда 95,5% – 672 бала), 869 адам (2018ж. көрсеткішіне қарағанда 98,5% – 882 адам) қайтыс болды.

dvorec kultury

01.01.2020 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 581 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Жалпы санынан – 561 (96,6%) – шағын кәсіпорындар, 17 (2,9%) – орта, 3 (0,5%) – ірі кәсіпорындар.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:

 

Өнеркәсіп

2019 жылғы Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2018 жыл көрсеткішіне қарағанда 4,7% қысқарумен 133623,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 96,0% құрады.

Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:

  • «Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;
  • «Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2019 жылғы 6833,7 млн.теңгені құрады, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінен 4,9% жоғары (6512,8 млн. теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығында 5309,3 млн.теңге, 2018 жылғы деңгейге (5153,0 млн. теңге) 3,0%, мал шаруашылығында 1524,4 млн. теңге, 2018 жылғы деңгейге (1359,8 млн. теңге) 12,1% өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі – 103,5%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 103,4%, мал шаруашылығы – 103,6%.

Мал мен құс союға 1025,6 тонна өткізілді немесе 2018 жылға қарағанда 104,2% (983,8 тонна). Жұмыртқа өндірісі 1757,6 мың дананы құрады немесе 2018 жылғы деңгейден 101,2% (1736,8 мың дана), сүт өндірісі – 5191,2 тонна немесе 103,1% (2018 жылғы– 5037,1 тонна).

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің саны артты.

korovy

         Кәсіпкерлік

01.01.2020 жылға Риддер қаласы бойынша статистикалық есепте 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарай (409 субъект) 12 бірлікке немесе 2,9% төмендеумен 421 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2018 жылға қарағанда (277 субъект) 14,1% немесе 39 бірлікке өсумен 316 субъектіні құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша 2698 бірлікті құрайды, ол 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 2,2% немесе 60 субъектіге (2758 бірлік) төмен.

         Сауда және өзге де қызмет көрсетулер

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2019 жылға 33455,4 млн.теңгені құрап, 2018 жылдың көрсеткішіне (32348,2 млн. теңге) нақты бағада 3,4% төмендеп, салыстырмалы бағада 96,8% құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 86,5% немесе 28937,3 млн. теңге жеке тұлғалардың тауар айналымын құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2019 жылға 37842,0 млн. теңгені құрады, 2018 жылға қарағанда (27901,4 млн. теңге) 9940,6 млн. теңгеге немесе 35,6% өсті. Нақты көлемінің индексі 133,3% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 15083,9 млн.теңгені құрады, 2018 жылға қарағанда (12694,2 млн. теңге) 18,8% өсті. Нақты көлем индексі -116,0%.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 2018 жылға қарағанда 3,1 есеге қысқарып, 3590 ш. м. құрады.

        

Еңбек нарығы

01.01.2020 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында:

- 132 жұмыссыз тіркелді;

- 1492 адам жұмысқа орналастырылды;

- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 80,8%;

- 893 жаңа жұмыс орны құрылды;

- жастар практикасына 37 адам жіберілді;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 32 адам тартылды;

- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 313 жұмыссыз тартылды;

- 270 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес

01.01.2020 жылғы жағдай бойынша аз қамтылған отбасы ретінде, өңір бойынша 403 отбасы/1354 адам есепте тұр, бұл 2018 жылға 321 отбасына және 1076 адамға артық (82 отбасы/276 адам). Кедейшілік шегі 22016 теңгені құрайды.

Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде қалалық бюджет қаражатынан 183338,9 мың теңге төленді, бұл 2018 жылдың (43032,0 мың теңге) ұқсас кезеңінен 4,3 есеге жоғары.

Бюджет

2019 жылғы барлық деңгейдегі бюджетке 6951,2 млн. теңге түсті, ол 2018 жылға қарағанда 122,5% құрайды.

Қалалық бюджеттің меншікті кірісінің болжамы 102,3% орындалды. Жоспар бойынша 3308,7 млн. теңге, нақты 3385,8 млн.теңге түсті. 2018 жылдың салыстырмалы кезеңіне түсімдер 5,8% немесе 184,3 млн. теңгеге ұлғайды.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2019 жылы 99,0% орындалды.

Еңбек бойынша көрсеткіштер

Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізімі бойынша 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке орташа айлық жалақы мөлшері 180510 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі орташа айлық жалақы мөлшерінен 14,5% жоғары және ШҚО өңірлері арасында бірінші болып табылады.

2019 жылғы 9 айға жалақы қоры 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 14,8% өсімді белгілеп, 25579,7 млн.теңгені құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың нақты саны 2018 жылдың тиісті тоқсанына 0,3% өсіп, 15745 адамды құрады.

 

Білім беру

Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 17 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен, оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.

01.01.2020 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 908 бала тұр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы

Риддер қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметтері бойынша 2019 жылы 2018 жылдың деңгейіне 4 ауру түрі бойынша өсім белгіленді.    

Туберкулез ауруымен 27 науқас тіркелді, бұл 2018 жыл деқгейіне 68,8% (16 жағдай) жоғары. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 47.1 құрады, бұл 2018 жыл (27.7) 19.4 есептік тармаққа жоғары.

2019 жылы 8 нәресте өлімі тіркелді, ол 2018 жыл деңгейіне (5 жағдай) жоғары сйәкес келеді. 2018 жылғы жағдайға қарағанда 1 ана өлімі тіркелді.

Есепке алынған онкологиялық науқастардың саны 256 адамды құрады, бұл 2018 жылдан (203 адам) 26,1% немесе 53 адамға жоғары. Онкологиялық аурулардан 118 адам қайтыс болды, бұл 2018 жылдың басынан 15 адамға немесе 14,6% көп (103 адам).

Қылмыскерлік

2019 жылы Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2018 жылға қарай (1302 жағдай) 24,1% төмендеумен 988 жағдайды құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2018 жылға қарағанда 172,9 салыстырғанда 227,2 құрады.

Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 73,9% құрады, бұл 2018 жыл 7,4 пайыздық тармаққа жоғары (66,5%).

Келесі қылмыс түрлері бойынша төмендеу байқалады:

- аса ауыр қылмыс 27,8% (2018 жылы 18-тен 2019 жылы 13-ге дейін), ашылуы 100,0%;

- орташа ауырлықтағы қылмыс 35,3% (2018 жылы 935-дан 2019 жылы 605-ге дейін), ашылуы 64,9%;

- онша ауыр емес қылмыс 18,2% (2018 жылы 154-тен 2019 жылы 126-ға дейін), ашылуы 85,6%;

- адам өлтіру саны 40% (2018 жылы 10-ден 2019 жылы 6-ке дейін);

- ұрлық 33,4% (2018 жылы 814-ден 2019 жылы 542-ге дейін);

- алаяқтық 41,2% (2018 жылы 85-тан 2019 жылы 50-ге дейін);

- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 39,1% (2018 жылы 23-дан 2019 жылы 14-ге дейін);

- бұзақылық 9,1 (2018 жылы 33-тен 2019 жылы 30-ға дейін);

- тонау 17,5% (2018 жылы 40-тен 2019 жылы 33-ке дейін).

         Өткен жыл деңгейіне қарақшылық (7 факт) және (5 факт) соны қалды.

Жол-көлік оқиғаларының саны 52 жағдайды құрады, бұл 2018 жыл деңгейінен (42 оқиға) 23,8% жоғары, зардап шеккендер саны – 61 адам (2018 жылы-57 адам), бұл 7,0% немесе 4 адамға жоғары. Жол-көлік оқиғалары салдарынан 2019 жылдың басынан 6 адам қайтыс болды, бұл 2018 жылдың салыстырмалы кезеңінен 33,3% төмен (9 адам).

2019 жылы Риддер өңірі аумағында 92 өрт болды, бұл 2018 жыл көрсеткіші (106 өрт) 14 оқиғаға немесе 13,2% төмен, 2018 жылы 6 өлім жағдайларында 3 адам қайтыс болды.

Табиғи және техногендік сипаттағы 54 төтенше жағдай тіркелді, бұл 2018 жылдың көрсеткішінен (12 оқиға) 42 жағдайға немесе 4,5 есеге жоғары.

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                              А. Рамазанова