+7 (72336) 4-27-00

Бос орын

«Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы

 

Функционалдық міндеттері

 

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
  2. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;
  3. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білу:

- Бөлім қызметін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді, құрылымдарды жетілдіру бойынша ережелерді дайындайды.

- Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі, мемлекеттік техникалық инспекция, сондай-ақ жер қатынастары мәселелерін үйлестіру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- Өңірде мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының бағыттары мен тетіктерін іске асыру;

- Жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- Халық арасында ветеринариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

- Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюды және жоюды, не алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастыру;

- Қала аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешім қабылдау;

- Елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю қағидаларын әзірлейді;

- Ветеринария, мал көмінділерін салу, ұстау және қайта жаңарту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастыру;

- Жер реформасы бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

- Жерді аймақтарға бөлуді ұйымдастырады;

- Қала аумағында жер ресурстарын және қала әкімінің қарамағындағы жерлерді басқару және оларды реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;

- Жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша әкімдік шешімдерінің жобалары мен ұсыныстарын дайындайды;

- Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша ұсыныстар дайындайды;

- Жер телімдерінің бөліну және бөлінбеуін анықтайды;

- Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер телімдерін немесе жер телімдерін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдастырады және өткізеді;

- Меншікке сатып алу-сату және жалға алу шарттарын жасайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- Мониторинг пен мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

- Жеке меншікке сатқан кезде жер телімдерінің құнын бекітеді;

- Пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтайды.

- Сапа саласындағы саясатты білуі және қолдануы тиіс;

- Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жақсартуға қатысады;

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді.

- Бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады.

Бос орын

Бөлім басшысының орынбасары

Функционалдық міндеттері

 

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
  2. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;
  3. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білу:

- Бағынатындардың жұмысын болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және дәлелдеу қабілеті;

- Ақпараттық-аналитикалық жұмыс және мониторингтің нысандары мен әдістерін меңгеру;

- Облыстық әкімдіктің тиісті органдарымен, жергілікті атқарушы, өкілетті билік органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

- Сектор меңгерушісі, бөлім мамандары міндеттерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді;

- БАҚ өзара байланысты жүзеге асыру;

- Ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары мәселелерін үйлестіру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласындағы нысаналы бағдарламаларды әзірлеу;

- Ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспары мен өңірлік және салалық бағдарламаларды іске асыруға және әзірлеуге қатысу;

- Ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары мәселелері бойынша кеңестерді дайындау және өткізу;

- Бөлімге келіп түскен хаттардың, шағымдардың, ауызша өтініштердің, құжаттардың орындалуын бақылау;

- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен, шаруа қожалықтарымен және жеке тұлғалармен байланысты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

- Ауыл шаруашылығы және ветеринария кәсіпорындарына жан-жақты тәжірибелік қолдау көрсету бойынша шаралар ұйымдастыру;

- Қала, облыс әкімінің, сондай-ақ Риддер қаласының әкімі орынбасарларының хаттамалық тапсырмаларын орындау;

- Электронды құжатайналымын күнделікті жұмыста қолдану мен енгізуге жауап береді.

2.14. Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттарының талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

Ешекенова Данна Бейгазиевна

Ауыл шаруашылығы және ветеринария секторының меңгеруші

1

 

Функционалдық міндеттері

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

- Облыстың жергілікті өкілетті органдарына жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендету ережелерін, қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекіту үшін енгізу;

- Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

- Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салу және олардың ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптарға сай ұсталуын қамтамасыз ету;

- Жүргізіліп жатқан ветеринарлық іс-шаралар туралы ақпараттарды мүдделі тұлғаларға ұсынуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

- Жануарларды алусыз, жануарлар мен адамдардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу және залалсыздандыру (зарарсыздандыру);

- Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

- Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

- ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда), ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда, экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде, экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша, тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында, экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

- Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

- Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

- Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс–шаралар өткізуді ұйымдастыру;
- Уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай–ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс–шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

- Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және ақпаратты қаланың жергілікті атқарушы органына беру;

- Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды қаланың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс–шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

- Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

- Облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс–шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

- Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

- Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

- Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

 

Котельникова Елена Геннадьевна

Мемлекеттік техникалық қадағалау жөніндегі бас маман инженер-механик

2

Функционалдық міндеттері

 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

  1. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білу.

- техникалық инспекция саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

-ақпараттық-талдау жұмысының, агроөнеркәсіп кешенінің, құрылыс және жол техникасының мониторингі нысандары мен әдістерін меңгеру;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды: снегоходтарды, квадроциклдер мен өзге де ұқсас техникаларға тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркелген нөмір белгілерін беру арқылы мемлекеттік тіркеу, аталған көлік құралдарын, сонымен қатар сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке қою;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды: снегоходтарды, квадроциклдер мен өзге де ұқсас техникаларды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу;

- тракторларға және олардың базасында жасалған өздігiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелерiне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелерге, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға: снегоходтарға, квадроциклдерге және өзге де ұқсас техникаларға жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқау өткiзу;

- тіркеу кезінде машиналардың техникалық байқау актілерін беру;

- заңнамамен қарастырылған жағдайда, машиналарды тіркеуден шығару кезінде шектеуліктерді енгізу;

- ақауы бар, сондай-ақ белгілі тәртіпте тіркелмеген және жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген машиналарды пайдалануға тыйым салу;

- машиналардың техникалық жағдайын байқау актісін құру және мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы талондар беру;

- тракторларға және олардың базасында жасалған өздігiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелерiне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелерге, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға: снегоходтарға, квадроциклдерге және өзге де ұқсас техникаларға ауырпалықтардың (бар) жоқтығы туралы ақпарат ұсыну;

- емтихан қабылдау және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды: снегоходтарды, квадроциклдер мен өзге де ұқсас техникаларды басқару құқығына куәліктер беру;

- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 567 бабы бойынша әкімшілік құқыбұзушылықтар туралы материалдар жинау және хаттамалар құру;

- өз құзіреті шегінде, әкімшілік құықбұзушылықтар есебін жүргізу, себептерді және олардың туындау жағдайларын талдау, өз өкілеттігі шегінде осы себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау, әкімшілік құқықбұзушылықтар саласында заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау;

- бөлімнің есептерін дайындау және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару;

- Мемлекеттің аграрлық саясатын, стратегиялық жоспарларын, реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттарының талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

Біздің мекенжай:

Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19/1

Телефон: 8 (72336)4-39-12

 

Каппасова Зауреш Муратбекқызы

Жер қатынастары жөніндегі бас маман

3

Функционалдық міндеттері

 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

- Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білу.

- Меншік құқығына құжаттарды, актілерді, сату-сатып алу шарттарын, жер телімдеріне меншік құқықтарына, жер телімдерін жалға алу шарттарын тіркеу және беру;

- Жер телімдерін, кондоминиумдарды, жеке қосалқы шаруашылықтарды, гараждарды, тұрғын үйлерді, бақшалық телімдерді ресімдеу кезінде құқық белгілейтін құжаттарды дайындау және тексеру;

- Жер реформасы мәселелері жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау;

- Риддер қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы үшін есептік кезеңнен кейінгі әр айдың 15 күніне тоқсан сайын 26, 27, 28 нысандар бойынша ақпараттар дайындау;

- ШҚО жер қатынастары басқармасына 1-жер айлық есептерді және 2-жер тоқсандық есептерді құру;

- Жер аукциондарын өткізу туралы, жер конкурстарын өткізу туралы, жер телімдерін өтеулі негізде тұрақты жер пайдалануға беру туралы, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жер телімдерін ресімдеу жөнінде (экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне), жер қойнауын пайдаланушылар жөнінде, бүлінген жерлер жөнінде, жеке тұрғын үй құрылысы жөнінде, арнайы жер қоры жөнінде, шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдардың жер пайдаланушылары жөнінде ақапараттарды құру;

- ҚР Жер Кодексінің 13, 16, 17 баптарымен көзделген мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін қайтарып алу туралы құжаттарды дайындау;

- Жерлерді аймақтарға бөлу бойынша құжаттарды дайындау;

- Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттарының талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.                                                                                                                  

 

Біздің мекенжай:

Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19/1

Телефон: 8 (72336)4-39-12

 

Джанибекова Актоты Демеубаевна

Жер қатынастары жөніндегі бас маман

4

Функционалдық міндеттері

 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

  1. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білу.

- Меншік құқығына құжаттарды, актілерді, сату-сатып алу шарттарын, жер телімдеріне меншік құқықтарына, жер телімдерін жалға алу шарттарын тіркеу және беру;

- Жер телімдерін, кондоминиумдарды, жеке қосалқы шаруашылықтарды, гараждарды, тұрғын үйлерді, бақшалық телімдерді ресімдеу кезінде құқық белгілейтін құжаттарды дайындау және тексеру;

- Жер реформасы мәселелері жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау;

- Риддер қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы үшін есептік кезеңнен кейінгі әр айдың 15 күніне тоқсан сайын 26, 27, 28 нысандар бойынша ақпараттар дайындау;

- ШҚО жер қатынастары басқармасына 1-жер айлық есептерді және 2-жер тоқсандық есептерді құру;

- Жер аукциондарын өткізу туралы, Жер конкурстарын өткізу туралы, жер учаскелерін ақылы негізде тұрақты жер пайдалануға беру туралы, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен (экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне) жер учаскелерін ресімдеу бойынша, жер қойнауын пайдаланушылар бойынша, бұзылған жерлер бойынша, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша, арнайы жер қоры бойынша, шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдардың жер пайдаланушылары бойынша ақпарат құрастыру;

- ҚР Жер Кодексінің 13, 16, 17-баптарымен көзделген мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін қайтарып алу туралы құжаттарды дайындау;

- Жерлерді аймақтарға бөлу бойынша құжаттарды дайындау;

- Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттарының талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

 

Біздің мекенжай:

Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19/1

Телефон: 8 (72336)4-39-12

 

Бос орын

Ауыл шаруашылығы бойынша бас маман

 

Білімі: «ауылшаруашылық ғылымдары» немесе ветеринарлық санитария, ветеринарлық медицина, экономикалық, заңгерлік мамандықтары бойынша жоғары.

Функционалдық міндеттері

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
  2. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

-Ақпараттық-аналитикалық жұмыс және агроөнеркәсіптік кешен мониторингі нысандары мен әдістерін меңгеру;

- Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласындағы басымды бағыттарды әзірлеу;

- БАҚ өзара байланысты жүзеге асыру;

- Тұтынушы нарығын тұрақтандыруда ауыл шаруашылық кәсіпорындарының және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметін бақылау;

- Ақпараттарды жинау, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібінің мәселелері бойынша облыстық және облысаралық келісімді қажет ететін мәселелерді шешуде көмек көрсету;

- Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы облыстық және қалалық мақсатты бағдарламаларды әзірлеу, әзірлеуге қатысу, іске асыруды үйлестіру және олардың орындалуына мониторинг жүргізу;

- Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы даму серпіні туралы расталған ақпаратты дайындау және көрсеткіштерді талдау;

- Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен өзара әрекет етудің жаңа формаларын әзірлеу және енгізу, ішкі қаржы салымы саясатына, сондай-ақ шетелдік қаржы салымы үрдістерін жүзеге асыруға қатысу, мал шаруашылығын дамытуда, ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуда, сортты жаңалауда қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін инвестициялауды жүзеге асыруда көмек көрсету, бөлінген несиелерді қайтаруда бақылау жасау;

- Ауыл шаруашылық және қайта өңделген тағамдар нарығының өзгеру тенденциясын және жағдайын талдау, қаланың агроөнеркәсіп кешені саласының әлеуетін ғылыми-техникалық және технологиялық бағалау;

- Қала үшін маңызды жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстарды дайындау; отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкелерін, ауыл шаруашылық көтерме сауда жәрмеңкелерін өткізу бойынша ұйымдасқан басшылықты жүзеге асыру;

- Әрекеттегі басым өндірістерді, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға, жаңаларын құруға көмек көрсету; ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мен қолдауға құқықтық жағдайларды қамтамасыз ету;

- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының және агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік-шаруашылық қызметінің мониторингісін жүргізу;

- Өсімдік шаруашылығы саласындағы шаруашылық субъектілерінің міндетті сақтандырылуын бақылау;

- Сақтандыру нарығының қатысушыларынан және сақтандыру агентінен өз функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрау және алу;

- Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттарының талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

Бос орын

Білімі: Жоғары (Ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария) немесе кейінгі білім (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария)

Функционалдық міндеттері

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
  2. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;
  3. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білу.

- жануарларды алусыз, жануарлар мен адамдардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу және залалсыздандыру (зарарсыздандыру);

- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

- эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда),

ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда, экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде, экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша, тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында, экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

- жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

- жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпараттарды мүдделі тұлғаларға ұсынуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

-халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

- мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс–шаралар өткізуді ұйымдастыру;
- уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай–ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс–шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

- ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және ақпаратты қаланың жергілікті атқарушы органына беру;

- ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды қаланың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

- қаланың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

- ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

- ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

- жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

2.18. Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.