+7 (72336) 4-27-00

РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІ» ММ

БИН 050540003546

 «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Риддер қаласының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.

Бөлім басшысы- Бос орын

 

 «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІ» ММ ҚҰРЫЛЫМЫ

 Басшы орынбасары - Бос орын

 

 БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 Садырбаева Рената Нурдаулетовна

5252

Лауазымдық міндеттері

Саланың дамуының индикативтік жоспарларын және тиісті кезеңге арналған бюджет жобасын әзірлеуге қатысу. ТМҚ, активтер мен төлем міндеттемелерін түгендеуді жүргізудің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу бойынша мәліметтерді ұсыну және Мемлекеттік сатып алу есебін тоқсан сайын қалыптастыру. Жалақыны, жеңілдіктерді, өтемақыларды есептеу. Жалақы бойынша құжаттарды бухгалтерлік өңдеуді қамтамасыз ету. Жалақы бойынша шоттар жүргізу. Мекеменің штаттық кестесін құру. Мекеме бюджетінің жобасын құруға қатысу. ТМҚ есебін жүргізу, есептен шығару және олардың сақталуын бақылау. Түгендеу жүргізуге қатысу және оларды есепте көрсету. Өтінімдер мен сметалар бойынша бөлінген қаражаттың қатаң орындалуы. Бөлім бойынша егжей-тегжейлі жоспар құру. Мемлекеттік сатып алу бойынша есепті тоқсан сайын қалыптастыру. Ішкі шаруашылық резервтерін анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша бөлімнің шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге, қазіргі заманғы есептеу техникасы құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивті нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізуге қатысады.

Телефон: 8(72336)42282

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАС МАМАН-ЕСЕПШІ

 Тыщенко Екатерина Владимировна

 

7474ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

 Мүліктердің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындау (негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, жеткізушілермен есеп айырысу, сондай-ақ қызметтерді ұсыну). Қаржылық тәртіпті сақтау және ресурстарды тиімді пайдалану. Бухгалтерлік есеп шоттарында тауар - материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысымен байланысты операцияларды көрсету. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдарын және заңнамаға сәйкес басқа да төлемдерді, қызметкерлердің жалақысын есептеу және аудару. Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындау. Мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу. Ішкі шаруашылық резервтерін анықтау, құжат айналымын жетілдіру бойынша үнемдеу режимін және іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша бөлімнің шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге, қазіргі заманғы есептеу техникасы құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивті нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысу. Ақша қаражатын және тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүзеге асыру. Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бойынша жұмысты жүзеге асыру. «Қазынашылық комитеті» ММ-мен жұмысты жүзеге асыру..

Телефон: 8(72336)42282

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 

Нұрмұхамбетов Ержан Кенжебекович 

 

5858Лауазымдық міндеттері

 

Азаматтардың жекелеген санаттарына өтініш бойынша, ерекше өмірлік жағдайларда қосымша әлеуметтік көмек төлеу бойынша құжаттарды дайындайды және ресімдейді. АӘК, МБЖ дұрыс тағайындалуына, есептеуге және төлеуге, бақылауды жүзеге асырады. Әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді (әкімдік қаулылары, қала әкімінің шешімдері мен өкімдері, қалалық мәслихат сессиясының шешімдері) әзірлейді және дайындайды. Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік қызметтердің енгізілуіне және көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады. Жалғыз басты қарт азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады. Мүгедектердің есту аппараттарына, тифло-құралдарға, мүгедектер арбаларына, протездеуге, тіс протездеуге мұқтаждығы туралы ақпарат дайындайды. Әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген азаматтардың, мүгедектердің материалдық, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізеді. Азаматтардың арыздарына, шағымдарына, ұйымдардың сұраулары бойынша ақпараттарға жауап дайындайды. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Мүгедектердің мәселелері бойынша үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Телефон: 8(72336)44758

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАН

 Никитина Ольга Владимировна 

Лауазымдық міндеттері 4561

 Тұрғын үй көмегін ресімдеу мәселелері бойынша кеңес береді. Азаматтарды алғашқы өтініш журналында тіркейді, қажетті құжаттардың тізбесін береді. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асырады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қалалық қаржы бөліміне, экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өткен айлар бойынша есептер мен ақпараттар жасайды. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын алушыларға өтінімдер мен тізімдерді дайындайды. Қажет болған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама-хат дайындайды. Отбасының жиынтық табысы есебінің дұрыстығын және тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін қажетті құжаттардың толық көлемінің болуын тексереді.

 

Телефон: 8(72336)44758

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАН - Бос орын

 

  ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 Агафонова Ольга Сергеевна

1366Лауазымдық міндеттері

 

Жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады. Статистикалық және ведомстволық есептілікті жасауды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыс туралы ақпарат дайындайды. Жұмыс күшінің бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты есепке алуды, талдауды және болжауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдар мен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді. Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде іске асырылатын, сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады. Халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жоспар жасауға қатысады және оның орындалуын бақылайды. Меморандумдар жасау бойынша жұмыс жүргізеді. Еңбек нарығы бойынша аналитикалық анықтамалар жасайды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын меңгерген. Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша тұрғындар мен жұмыс берушілер арасында консультациялық - түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Телефон: 8(72336)44882

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАН

 БОС ОРЫН

 Жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу бөлігінде халықты жұмыспен қамту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады. Өтініш негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы қалыптастырған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін бекітуге қатысады. Ведомстволық және статистикалық есептілікті жасайды, оны жоғары тұрған органдарға уақтылы ұсынады. Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде іске асырылатын, сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуге қатысады. Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша тұрғындар мен жұмыс берушілер арасында түсіндіру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Экологиялық төлемдерге байланысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

 Телефон: 8(72336)44882

 

 АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 Козловская Елена Александровна

633Лауазымдық міндеттері

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стандарттарға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Халыққа БАҚ, Риддер қаласы әкімінің ресми сайты арқылы неке-отбасы заңнамасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қайтыс болған азаматтарды тіркеуді жүргізеді және бөлім басшылығына, ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ, әскери комиссариатқа мәліметтерді ұсынады. Неке қиюдың салтанатты рәсімін тіркеуді жүргізеді. Азаматтық хал актілерін тіркейді: атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру, неке қиюды, некені бұзуды, тууды, қайтыс болуды, әкелікті анықтауды, бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізеді.

Телефон: 8(72336)44146

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАН

 Абилова Альбина Саматовна

699Лауазымдық міндеттері

 АХА (азаматтық хал актілері) барлық түрлері бойынша куәліктер мен растауларды беру мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізеді. Қайтыс болған азаматтарды тіркеуді жүргізеді және бөлім басшылығына, ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ, әскери комиссариат неке қию салттарын тіркеуді жүргізеді. Азаматтық хал актілерін тіркейді: атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер Немесе анықтамалар беру, неке қиюды, некені бұзуды, тууды, қайтыс болуды, Әкелікті анықтауды, бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу. Мекемелердің, ұйымдардың сұрауларына және азаматтардың өтініштеріне жауап береді.

 

Телефон: 8(72336)44146

 


 

 

 

 

 

                                                       

                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, РИДДЕР ҚАЛАСЫ, ӘУЕЗОВ КӨШЕСІ, 29

 ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 Скосарева Анна Епифановна

788

 

Лауазымдық міндеттері

Бөлімше жұмысына жалпы басшылық жасайды. Әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж өмірлік қиын жағдайға тап болған бөлімшенің әрекет ету аумағында тұратын азаматтарды анықтау және есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді. Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес бір әлеуметтік қызметкерге жүктемені айқындайды, жұмыс кестелерін бекітеді. Бөлімше қызметкерлерінің әлеуметтік қызмет көрсету сапасын және олардың қызмет көрсетілетін балалардың қажеттіліктеріне сәйкестігін тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайында жұмыс істейтін мекемелерге немесе ұйымдарға, арнайы түзету, оңалту мекемелеріне немесе ұйымдарға мұқтаж адамдарды анықтауға жәрдемдеседі. Құжаттарды рәсімдейді және белгілі тұрағы жоқ адамдар үшін МӘМ жолдама алады. Қамқоршылық, қорғаншылық мәселелерін шешуге қатысады.

Телефон: 8(72336)42967

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ҚАРТ АЗАМАТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ

 

Козловская Елена Валерьевна

 

1999Лауазымдық міндеттері

 Әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет ететін жалғыз басты қарттарды анықтайды және есепке алады. Қарт жалғыз басты азаматтарға: әлеуметтік және медициналық түзеу арқылы қолдау; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да төлем түрлері; Халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне анықтау мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсетеді. Қарт жалғыз басты азаматтарға денсаулық сақтау органдарының, заң қызметтерінің мамандарына және басқа да мамандарға кеңес беруді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік мәселелер бойынша заңнамаларды түсіндіру бойынша әлеуметтік қызметкерлермен оқу жүргізеді. Үйде күтім жасау жағдайында қызмет көрсететін субъектінің арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен жеке жұмыс жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді.

Телефон: 8(72336)42967

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІ РИДДЕР ҚАЛАСЫ, ӘУЕЗОВ КӨШЕСІ, 29

 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

 Ибраева Гульзира Кенжебековна

258Лауазымдық міндеттері

 Бөлімше жұмысына жалпы басшылық жасайды. Әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет ететін бөлімшенің әрекет ету аумағында тұратын отбасыларды анықтау және есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік көмектің түрлері мен нысандарын анықтау, қажеттілігін анықтау мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес бір әлеуметтік қызметкерге жүктемені айқындайды, жұмыс кестелерін бекітеді. Бөлімше қызметкерлерінің әлеуметтік қызмет көрсету сапасын және олардың қызмет көрсетілетін балалардың қажеттіліктеріне сәйкестігін тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Қамқоршылық, қорғаншылық мәселелерін шешуге қатысады. Қажетті есептілікті ұсынуды, статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Телефон: 8(72336)42967

 

 

 

 

 

 

 

 

 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ

 БОС ОРЫН

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне: әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау; баланың құқықтары, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да төлем түрлері мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді;   қорғаншылықты, қамқоршылықты ресімдеу, арнаулы түзету ұйымдарына, Халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне анықтау. Әлеуметтік мәселелер бойынша заңнамаларды түсіндіру бойынша әлеуметтік қызметкерлермен оқу жүргізеді. Отбасына әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын, баспаналарды, жастар, жасөспірімдер және балалар орталықтарын, күндізгі болу және үйде күтім жасау жағдайында жұмыс істейтін клубтарды құру жөніндегі қызметке қатысады. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен жұмыстың жеке жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді. Үйде күтім жасау жағдайында көрсетілетін қызметтерге тұрақты мониторинг жүргізеді, деректер базасын жүргізеді және белгіленген тәртіпте есеп береді.

Телефон: 8(72336)42967