+7 (72336) 4-27-00

«Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ

 

«Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Риддер қаласының аумағында мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлімінің басшысы

Илиясов Дәулет Серікұлы

2012

 

Өмірбаян

Илиясов Дәулет Серікұлы 05.02.1990 жылы Аягөз ауданы, Айғыз ауылында дүниеге келген

Білімі:

2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді

2013 жылы Қазақстан инновациялық заң гуманитарлық университетін бітірді

Еңбек қызметі:

16.12.2012 жыл-10.02.2013 жыл-күзетші, «Риддерский регион» ЖШС

01.03.2013 жыл – 10.04.2013 жыл – «Риддер тарихи - өлкетану мұражайы» КМҚК маман көмекшісі

10.07.2014 жыл – 13.10.2014 жыл –«Риддер қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы

13.10.2014 жыл – 23.01.2017 жыл –«Риддер қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ директоры

24.01.2017 жыл – 14.03.2017 жыл –«Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушы

15.03.2017 жыл – 16.04.2019 жыл – «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ бас маманы

17.04.2019 жыл – 08.07.2019 жыл – «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ бөлім басшысы

Лауазымдық міндеттері

Бөлім қызметін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді, құрылымдарды жетілдіру бойынша ережелерді дайындайды.

Мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді.

Бөлім мамандары арасында міндеттерді бөледі.

Білім бөлімінің, ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарының қызметіне бақылау жасайды және жауапты болады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастырады.

Құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда заңнаманың сақталуын бақылауды ұйымдастырады.

Білім беру ұйымдарының және азаматтардың білім беру мәселелері бойынша өтініштерін, хаттары мен өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Білім бөлімінің жұмысына жалпы басшылық жасайды, білім беру ұйымдарының, білім бөлімінің стратегиялық және перспективалық, ағымдағы және күнтізбелік жоспарлауын жүзеге асырады.

Жаңа ақпараттық және білім беру технологиялары, білім беру ұйымдарында олардың басшылары арқылы білім беру мониторингі негізінде білім сапасын басқаруды жүзеге асырады.

Инспекторлық және әдістемелік қызметтің барлық қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді.

Қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу жұмыстарына басшылық жасайды.

Бөлім қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен білім беру мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы қала әкіміне ұсыныс енгізеді;

Білім беру сапасын басқару, инспекциялық қызмет және мектепішілік бақылау, білім беру саласындағы ҚР заңнамалық актілерін іске асыру бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмысты басқаруды жүзеге асырады.

Білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлімді ұсынуды жүзеге асырады;

Білім беру мәселелері бойынша қала әкімдігінің отырыстарына материалдардың уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасының алқа отырыстарына материалдардың уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

Қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу жөніндегі жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Бала құқығы туралы" Заңдарын, Еңбек Кодексін іске асыруға бақылауды жүзеге асырады;

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына, күзгі-қысқы кезеңге дайындығын бақылауды жүзеге асырады;

Қосымша білім беру қызметін, оның ішінде ақылы;

Білім беру ұйымдарында балалардың оқумен қамтылу жағдайына, кемшіліктерді жою және орындалмау бойынша шаралар қабылдауға бақылауды жүзеге асырады;

Білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады;

Сапа саласындағы саясатты білуі және қолдануы тиіс;

            Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жақсартуға қатысады;

            Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.

Біздің мекен-жайымыз: Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі 10

БСН: 990540002305

Электрондық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон/факс: 8 (72336) 4-24-98

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау әр бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Тел.: 8 (72336)6-03-55

Еmail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Бас маман

Едылқанқызы Мадина

2011

Лауазымдық міндеттері

Риддер қаласының білім беру ұйымдарының ведомстволық бағынысты мекемелерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

Конкурс, Бір көзден алу, Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды пайдалану мониторингі.

Білім бөлімінің қызметкерлеріне, соның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелерге құқықтық көмек көрсету, ұйым қызметінде және Мемлекеттік сатып алу бойынша туындайтын құқықтық мәселелер бойынша жауаптар, консультациялар, қорытындылар, анықтамалар беру.

Мемлекеттік сатып алуға байланысты барлық нормативтік құқықтық құжаттардың заңдылығын тексеру.

            Сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасын немесе ерекшелігін қарау және дайындау кезінде нормативтік құқықтық құжаттарды уақтылы және сапалы дайындау.

Жосықсыз өнім берушілерді анықтау.

Талап арыздар мен материалдарды дайындау және оларды жосықсыз өнім берушілер бойынша сотқа беру.

Жұмыстан шығару кезінде белгіленген тәртіппен мекеме басшылығы белгілеген тұлғаға бөлім құжаттарын, мүліктерін тапсыру.

Тел.: 8 (72336)4-29-98

Еmail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қабылдау күндері: күн сайын 9.00-18.30 (үзіліс 13.00-14.30)

 

Қорғаншылық жөніндегі бас маман

Кузьмина Мария Владимировна

2014

Лауазымдық міндеттері

Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және отбасында тәрбиелеу үшін қалыпты жағдайы жоқ кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Осы санаттағы балаларды мамандандырылған балалар мекемелеріне (интернаттарға), отбасында қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), асырап алуға орналастыру рәсімдерін орындайды.

Осы санаттағы кәмелетке толмаған балаларды ұстауға және тәрбиелеуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттің көмегіне мұқтаж кәмелетке толмағандардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Балаларды қорғау мәселелері бойынша білім беру ұйымдарына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен жұмысты ұйымдастыруға нұсқау береді.

Өз құзыреті шегінде іс жүргізуді басқарады.

Жоғары тұрған органдарға статистикалық мәліметтер, жұмыс туралы есептер жасайды.

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды дайындайды.

            Жетім балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуге материалдар дайындайды.

Тел.: 8 (72336)4-06-89

Еmail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қабылдау күндері: күн сайын 9.00-18.30 (үзіліс 13.00-14.30)

Жетекші маман-бос орын

 

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Қайсанова Мереке Асылбековна

2013

Лауазымдық міндеттері

Әдістемелік кабинеттің жұмысына, ағымдағы және күнтізбелік жоспарлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады;

Әдіскерлердің жұмыс кестесін бекітеді;

Қаланың әдістемелік қызметінің жұмысын үйлестіреді. Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, олардың үздіксіз білім беру бойынша тиісті бұқаралық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;

Білім бөлімі Кеңесінің отырысына материалдарды уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді;

Білім беру ұйымдары басшыларының білім сапасын басқару және мектепішілік бақылау жөніндегі орынбасарларымен жұмысты ұйымдастырады;

Озық педагогикалық тәжірибені, жаңа технологияларды зерделеуді, жинақтауды және таратуды ұйымдастырады;

            ТМК басшысы ретінде:

- қала мектептерінің тәжірибелік-эксперименттік жұмысын басқару, Қалалық іздеу тақырыбын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету

- әдіскерлердің жұмысын бақылау;

- әдіскерлерді қайта даярлау және аттестаттау бойынша жұмыс;

- әдістемелік қызметтердің қызметін жетілдіру бойынша ТМК әдіскерлерінің іздестіру жұмысын ұйымдастыру;

- әдістемелік кеңестің жұмысына басшылық жасау, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау;

- мектептердегі әдістемелік жұмыстың жай-күйін зерттеу және талдау, оның мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпалының тиімділігін анықтау, қалалық ББ бойынша тексеру барысында оқушылардың ББ деңгейі мен сапасын анықтау;

- ОТҮ әдістемелік қамтамасыз ету бөлігінде білім беру мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыруда сарапшы құқығына қатысу.

Әдістемелік кеңестің төрағасы, қалалық аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады.

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыруға қатысады, ұсынылған құжаттардың сәйкестігіне жауап береді;

ҰБТ-ға дайындық бойынша мектептердің жұмысына жетекшілік етеді;

Білім бөлімінің «кураторларды тағайындау туралы» бұйрығына сәйкес мектепке жетекшілік етеді»;

Уақытша болмаған уақытта инновация бойынша әдіскер қызметін атқарады.

Тел.: 8 (72336) 4-24-98

Еmail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қабылдау күндері: күн сайын 9.00-18.30 (үзіліс 13.00-14.30)