+7 (72336) 4-27-00

Білім беру өрісінің басты міндеттерінің бірі-жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытымен, сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру. Оқушылардың қаншалықты өнімді демалуы олардың көңіл-күйлерімен оқу жылы ағымындағы үлгерім деңгейіне байланысты.

2016-2017 оқу жылының аяғына барлығы 1-10 сынып оқушылары: 5920 адам.
Оқушылардың жоспарланған қамтылуы:
-жазғы демалу және сауықтырумен-2030 оқушы.
- жұмыспен қамту (бесінші еңбек тоқсанының аясында) 6,7,8,10 сынып оқушыларынан 1895 оқушы;
- оқушылардың бос уақыты;
2017 жылы Риддер қаласының қала шетіндегі лагерінде оқушылардың қамтылуы:
-2030 оқушы, оның ішінде 131 оқушы аз қамтылған отбасынан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар 4250,0 мың т. жергілікті бюджет есебінен.
-30 оқушы 300 мың т. білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ қаражаты есебінен.
- 2000 бала ата-аналар есебінен 75 % РТБК қызметкерлерінің кәсіподақ жеңілдігімен.
Жыл сайын Риддер қаласы аумағында жекеменшік кәсіпкерлерге тиесілі қала шетіндегі 2 лагерь жұмыс жасайды:
«Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ спорт және денешынықтыру мәдениеті РК агенттігі, директоры В.В Кнауб;
«Казцинк» ЖШС ( РТБК) «Синегорье»
2017 жылдың 26 мамырынан бастап қала мектептерінде 15 мектеп жанындағы алаңқайларда 1-4 сынып оқушылары үшін тамақтанусыз 3-сағаттық жұмыс жоспарлануда.
Жоспарланған қамтылу : 2030 адам. 1 маусымнан бастап «№10 орта мектебі» КММ базасында мектеп жанындағы тілдік лагерь жұмыс жасайды. Қамтылуы: 137 оқушы.
Шығыс –Қазақстан облысының «Дарын» Өңірлік орталығының рұқсат қағаздарына сәйкес 2015-2016 оқу жылында интелектуалды марафонда жеңіске жеткені үшін «Балдаурен» лагерінде 2 бала, «Дарын жұлдыздары»-6 оқушы, Анапа қаласындағы «Русь» шипажайында- 2 оқушы демалады деп жоспарлануда.
32 оқушы Астана қаласына «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін 1336,0 мың т. жергілікті бюджет есебінен барады.
Аз қамтылған отбасынан шыққан 1 оқушы «КазМунайГаз» АҚ және «ЭниС.п.А» жолдамасы бойынша Чезенатико қаласына (Италия) демалысқа шығады.
2017 жылы ішкі жазғы туризмді дамыту мақсатында Семей және Өскемен қалаларына ата-аналар есебінен 248 оқушыға экскурсия ұйымдастырылады.
Балалардың жазғы демалысының бағдарламасы аясында «Жазғы уақытта мектеп топтарын айырбастау» жобасы бойынша Өскемен қаласына, Семей қаласына (Жидебай), Тарханка ауылына экскурсия жоспарлануда.
Жаз бойы «Оқушылар үйі» КМҚК үйірмелер жұмысы жоспарлануда.
Шілде айында әумесерлік мінез-құлықты балалар үшін су туризмі ұйымдастырылады, қамтылуы 43 адам.