+7 (72336) 4-27-00

Н.В. Гоголь атындағы орталық қалалық кітапханада виртуалды қонақжай аясында, белгілі қазақ ақыны және аудармашысы Ғали Ормановтың 110 жылдығына арналған танысу кеші өтті.

Ғали Орманов 1907 жылы Талдықорған облысы, Ешкіөлмес шатқалында дүниеге келген. Ол «Социалистік Казахстан» газетінің, «Литература и искусство» журналының редакциясында және халыққа білім беру жүйесінде қызмет атқарған. Сонымен қатар Қазақстан жазушылар одағында хатшы болған. Талантты ақын 1939 жылдан 1946 жылға дейін қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың жанында болды. Ол халық ақынына хатшы болып қызмет етті.
Іс-шараға қатысушылар 1934 жылыең алғашқы «Обруч» атты өлеңдер жинағының жарияланғанын білді. Содан кейін жарыққа шыққан өлең жинақтары: «Исповеть женщины» (1936), «Дуб» (1945), «Песня жизни» (1948), «Волна» (1956), «Крылья мысли» (1959), «Огненная река» (1965) және т.б. Сонмен қатар «Подъём» (1935), «Сердце» (1936) әңгімелер жинақтары жарияланды. Ғали Ормановтың шығармашылығындағы тақырыптар қазіргі заманның шындығына сай келеді. Ақынның өлеңдерінде өткірлік, табиғи екпін, көркем бейне және иілімділік байқалады.
Ғ. Орманов аударма саласында жемісті жұмыс атқарды. Ол А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Л.Н. Толстойдың, А.П. Чеховтың, Низами Гянджевидің, Яна Райнисаның, С.А. Есениннің жеке шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Кездесуге қатысушылар ақынның өлеңдерін ынталана мәнерлеп оқыды. Қонақжай ісіне қатысушылар барлық уақытта өзекті тақырып болған Ғ. Ормановтың шығармашылығының тереңдігін түсіне отырып, көптеген оқырмандар сияқты оның шексіз талантын қайта жандандырды.

IMAG6588 IMAG6589