+7 (72336) 4-27-00

Жер телімін беру Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады:
43-бап. Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi
1. Осы Кодекстің 44, 44-1 және 45-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
3) жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде);
4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;
5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.
Қосымша ақпаратты Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19а мекенжайы бойынша «Риддер қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ алуға болады.