+7 (72336) 4-27-00

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үшінші бағытының шегінде, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының ұтқырлығын қарастырады. Сонымен қоса Бағдарламаның қатысушылары өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, еңбекке жарамды табысы аз халықтың санатына жатқызылуы тиіс, жаңа тұрғылықты жері бойынша қолданыстағы Дерекқордағы жұмыс берушілер тапсырыс берген жұмыс орындарына сәйкес келетін кәсіптік білімі болуы тиіс.
Қосымша ақпаратты Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекенжайы бойынша «Риддер қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ 212 кабинетінен немесе 8 (72336) 2-05-87 телефоны арқылы алуға болады.