+7 (72336) 4-27-00

 

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.09.2017 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 57578 адамды құрайды, оның ішінде 54482 адам қалада, 3096 адам - ауылдық жерде тұрады.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке халықтың табиғи кемуі (денсаулық сақтау бөлімінің дерегі бойынша) 141 адамды құрады. Аталған кезеңде 528 бала туылды (90,3% 2016 ж. көрсеткішіне қарағанда – 585 бала), 669 адам (97,1% 2016 ж. көрсеткішіне қарағанда – 689 адам) қайтыс болды.

01.10.2017 жылға статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 591 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санынан – 574 (97,1%) – шағын, 14 (2,4%) – орташа, 3 (0,5%) – ірі.

Экономика салаларын дамытудың жай-күйін мынадан көруге болады:
Өнеркәсіп
2017 жылғы 9 айға Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауар шығарылымы 2016 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне 2,9% өсумен 85849,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 86,0% құрады.
Өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС 2 ірі жобаны іске асыру жүзеге асырылады:
«Казцинк» ЖШС РКБК байыту фабрикасын реконструкциялау;
«Казцинк» ЖШС РКБК Долинный кен орнын барлау және ашу.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі Риддер өңірі бойынша 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке 2016 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 19,3% (3493,8 млн.теңге) өсумен 4168,3 млн.теңгені құрады, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі – 93,4%, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі 3146,2 млн.теңгені құрады, НКИ – 99,2%, мал шаруашылығының өнімі – 1022,1 млн.теңге, НКИ – 80,9%.
2017 жылғы 9 айға малдарды және құстарды сойып өткізу 2016 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 725,5 тонна немесе 102,5% іске асырылды. Жұмыртқа өндірісі 1461,4 мың дананы құрап, 2,2% артты. Сүт өндірісі 29,4% азайып, 3930,1 тоннаны құрады. Сүт көлемінің төмендеуі 31,2% ірі қара мал басының азаюымен негізделді.
Ауыл шаруашылығы мал басының келесі түрлері:
- қой және ешкі 1964 басты құрап, 20 басқа;
- шошқа 1812 басты құрап, 220 басқа;
- жылқы 1164 басты құрап, 2 басқа;
- құстар 16425 басты құрап, 219 басқа өсті.
Бұл ретте ІМҚ 5244 басты құрап, 15,3% азаюмен 949 басқа азайғаны анықталды.
Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша астық жинау аяқталды, 100% егіс алаңы жиналды:
-күздік астық – 61 га, 42 тонна ұнтақталды, шығымдылығы 6,9 ц/га;
-жаздық бидай – 125,5 га, 165 тонна ұнтақталды, шығымдылығы 13,1 ц/га;
-арпа – 443,9 га, 1060,3 тонна ұнтақталды, шығымдылығы 23,9 ц/га;
-сұлы – 324,1 га, 720 ұнтақталды, шығымдылығы 22,2 ц/га;?
-картоп – 1110 га, 30,414, мың тонна жиналды, шығымдылығы 274,0 ц/га, ол 2016 жыл деңгейіне қарағанда 14,3% жоғары;
-көкөністер – 262,9 га, 8,334 мың теңге жиналды, шығымдылығы 317 ц/га, ол 2016 жыл деңгейіне қарағанда 30,2% жоғары.
Жем-шөп дайындалды:
-пішен 14,0 мың тонна, жоспар бойынша 12 мың тонна (116,7%);
-пішендеме 4,0 мың тонна, жоспар бойынша 2,0 мың тонна (200%);
-сүрлем 4,1 мың тонна, жоспар бойынша 2,5 мың тонна (164,0%).

Кәсіпкерлік
01.10.2017 жылға Риддер қаласының статистикалық есебінде 2016 жылдың (404 субъекті) осы кезеңіне қарағанда 10 бірлікке немесе 2,5% өсумен 414 шағын бизнес субъектісі тұр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 2016 жылдың (251 субъекті) осы кезеңіне қарағанда 18 бірлікке өсті және 269 субъектіні немесе 107,2% құрады.
Қала аумағында екі аралас базар, 4 муниципалдық сауда алаңы, 418 дүкен (оның ішінде 244 азық-түлік дүкені), 23 дәріхана, 10 ЖҚС, 5 СТО, 63 қоғамдық тамақтану объектілері, 16 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны, халыққа қызмет көрсететін, 64 кәсіпорын жұмыс істейді.

Сауда және өзге де қызмет көрсетулер
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке бөлшек тауар айналымының көлемі 2016 жыл ұқсас кезең көрсеткішіне (18222,9 млн.теңге) нақты бағаларда 10,0%, салыстырмалы бағада 1,0% ұлғаюмен 20054 млн.теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемнен 82,8% немесе 16605,9 млн.теңге жеке тұлғалардың көлемін құрайды.

Инвестициялар
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 2016 жыл осы кезеңіне (13542,5) қарағанда 316,8 млн. теңгеге немесе 2,3% өсіп 13859,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі 95,7% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылғы 9 айға 2016 жылғы ұқсас кезең көрсеткішіне (8276,0 млн. тенге) 2,7% төмендеумен 8054,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлемінің индексі – 93,0%.
Тұрғын үйлерді беру қаңтар-қыркүйекке өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 27,2 есеге өсіп, 7986 шаршы метрді құрады (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 294 ш.м.).

Еңбек нарығы
01.10.2017 жылға Риддер қаласы бойынша:
- 422 жұмыссыз тіркелді;
- 762 адам жұмысқа орналастырылды;
- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 45,7%;
- 482 жаңа жұмыс орны құрылды;
- жастар практикасына 28 адам жіберілді;
- әлеуметтік жұмыс орындарына 34 адам тартылды;
- оқытуға және қайта оқытуға 40 адам жіберілді;
- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 212 жұмыссыз тартылды;
- 256 ашық бос жұмыс орны бар.

Кедейшілікпен күрес
01.10.2017 жылғы жағдай бойынша өңір бойынша аз қамтылғандар ретінде есепте 32 отбасы/120 адам тұр, бұл 2016 жылғы 9 айға (46 отбасы/151 адам) 31 адамға және 14 отбасыға аз. Кедейшілік шегі 9643 теңгені құрайды.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке қалалық бюджет қаражатынан әлеуметтік қолдау шаралары ретінде 25305,5 мың теңге төленді.

Бюджет
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке барлық деңгейдегі бюджетке 5464,8 млн. теңге түсті, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 4,8% төмен.
Қалалық бюджеттің меншік кірісінің болжамы 99,6% орындалды. Жоспар бойынша 2229,2 млн. теңге, іс жүзінде 2220,4 млн. теңге түсті, жоспар 8,8 млн. теңгеге орындалған жоқ. 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда түсімдер 4,4% немесе 103,0 млн. теңгеге төмендеді.
Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2017 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша 99,9% орындалды, жоспар бойынша 4972,5 млн. теңге кассалық орындау 4969,6 млн.теңгені.

Еңбек бойынша көрсеткіштер
Риддер қаласының ірі және орта кәсіпорындарының тізбесі бойынша 2017 жылғы қаңтар-маусымға орташа айлық жалақы мөлшері 140529 теңгені құрады, ол 2016 жылдың осы деңгейіне орташа айлық жалақының мөлшері 4,6% жоғары.
2017 жылғы 6 айға жалақы қоры 13295,2 млн.теңгені құрай отырып, 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 4,8% өскенін көрсетеді. Жұмыс істейтіндер саны 15768 адамды құрап, 0,2% өсті.

Білім беру
Риддер қаласының білім беру мекемелерінің жүйесі 15 жалпы білім беру мектептерімен, 15 мектепке дейінгі балалар мекемелерімен (2017 жылғы тамызда Мичурин көшесі бойынша 280 орындық балабақша пайдалануға берілді), оның ішінде 3 жеке меншік балабақшалармен, 3 қосымша білім беру мекемелерімен, 2 колледжбен, «Олимпиадалық резервтің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» ӨММ, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ, «Светоч» балалар үйі» КММ ұсынылды.
01.10.2017 жылға мектепке дейінгі балалар мекемесінде кезекте 1300 бала тұр, оның ішінде 0-1 жасқа дейінгі бала – 706, 1 жастан 3 жасқа дейін – 490 бала, 3 жастан 6 жасқа дейін – 104 бала, 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100% құрайды.

Халықтың науқастануы
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекке Риддер қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының дерегі бойынша 2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда аурудың 4 түрі бойынша өсу тіркелді.
2017 жылғы 9 айға 2016 жылдың есепті кезеңіне қарағанда 5 жағдайға немесе 27,8% төмендеумен туберкулезбен ауыратын 13 адам тіркелді. 2016 жылмен салыстырғанда 100 мың халыққа шаққанда 31,0 бастап 22,4 жағдайға дейін көрсеткішінің азаюы байқалады.
2017 жылғы 9 айға 1 сәби өлімі тіркелді, 2016 жылғы ұқсас мерзімінде 5 жағдай тіркелген. Ана өлімі болған жоқ.
Онкологиялық науқастанғандар есебіне алынғандар саны 142 адамды құрады, ол 2016 жылдың (177 адам) осы кезеңі көрсеткішіне қарағанда 35 адамға немесе 19,8% төмен. Онкологиялық науқастанудан 87 адам қайтыс болды, ол 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 9 адамға немесе 11,5% жоғары.

Қылмыскерлік
2017 жылғы 9 айға Риддер өңірінің аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2016 жылдың (814 оқиға) осы кезеңінің көрсеткішіне 55,7% есеге өсумен 1267 оқиғаны құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 2016 жылы 187,5 салыстырғанда 345,5 құрады. Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ашылуы 68% құрады, ол 2016 жыл деңгейіне 11,2 пайыздық тармақтарға (79,2%) төмен.
Аса ауыр қылмыстар 55,0% (2016 жылы 20 бастап 2017 жылы 9 дейін) төмендегені байқалды, ашылуы 100%, ол өткен жылға қарағанда 10% жоғары екені белгіленді, ауыр қылмыстардың азаюы 5,4% (2016 жылы 74 бастап 2017 жылы 70 дейін), ашылуы 82,4%, ол 2016 жылға қарағанда 8,5% төмен.
Тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 24 жағдайды құрады, ол 2016 жыл тиісті деңгейінен 14,3% (28 жағдай) төмен, зардап шеккендер саны 25% төмендеумен 27 адамды (2016 жылы – 36 адам) құрады. Қайтыс болғандардың саны 3 адам, 2016 жылдың осы кезеңінде 9 адам болды.
Риддер өңірі аумағында 2016 жылдың осы кезеңінің көрсеткішене (65 өрт) 30,8% немесе 20 оқиғаға өсумен 85 өрт болды.
Табиғи-техногендік сипаттағы 30 төтенше жағдай тіркелді, ол 2016 жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда (51 жағдай) 21 жағдайға немесе 1,7 есеге төмен.

Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы А. Рамазанова