+7 (72336) 4-27-00

2017 жылға қала бюджеті толығында 6695 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 3073 млн. теңге немесе 46% меншікті қарыздар, 1464,5 млн. теңге немесе 22% субвенциялар, 1054 млн. теңге немесе 16% жоғары тұрған бюджет трансферттері, 1103,5 млн. теңге немесе 16% кредиттер.
2016 жылмен салыстырғанда бюджет көлемі 1516 млн. теңгеге немесе 29,3% өсті (анықтамалық 2016ж. – 5179,1 млн. теңге, оның ішінде: 2929 млн. теңге – меншікті қарыздар, 1675,8 млн. теңге – жоғары тұрған бюджет трансферттері, 574,3 млн. теңге кредиттер).
Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы.
Риддер қаласының бюджеті 2017 жылғы 9 айға кірістер бойынша 100,9% орындалды, жоспар бойынша 4855 млн. теңге, нақты 4897 млн. теңге түсті, қосымша 42 млн. теңгеге алынды. Бюджеттің жалпы көлемінен меншікті кірістер 2229 млн. теңгені немесе 45,9% құрайды. Жоғары тұрған бюджеттерден берілген нысаналы трансферттер және 1722 млн. теңге немесе 35,5%, қарыз 903 млн. теңге немесе 18,6%. Жоғары тұрған бюджеттерден берілген нысаналы трансферттер және қарыздар толық көлемде түсті.
Сондай-ақ бюджетте қала кәсіпкерлерінен өтінімдердің болмауына байланысты шағын және орта бизнес үшін жобаларға кредитке берілген 50 млн. теңге мөлшерінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ пайдаланылмаған кредитті қайтару жүзеге асырылды.
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.
Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі ағымдағы жылғы 9 айға жоспар бойынша 4988 млн. теңге 4985 млн. теңгеге немесе 99,9%.
01.10.2017 жылға – 3 млн.теңге игерілген жоқ, оның ішінде:
2 млн.теңге - «Горький атындағы негізгі орта мектеп» КММ бойынша мердігер электр сымдарын жөндеу бойынша жұмыс көлемін орындаған жоқ;
1 млн.теңге – өзге де себептер бойынша: жалақы және мемлекеттік сатып алу бойынша үнем, шоттар аз сомада берілді, іссапарларды ауыстыру, дөңгелектеу есебінен.
2017 жылы шығындар құрылымында бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруға облыстық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан берілетін кредитті ескере отырып, 1664 млн.теңге немесе шамамен 25% бағытталды, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру 5031 млн.теңгені немесе 75% құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда даму бюджеті бойынша ұлғайту 2,7 есеге немесе 1048 млн.теңге (2016 жылы анықтама даму бюджеті 615,5 млн. теңгені құрады).

Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы А. Рамазанова