+7 (72336) 4-27-00

Бөлімдегі іске асырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің саны – 6:
1) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
2) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;
3) «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»;
4) «РК аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»;
5) «Эскиздік жобаны келісуден өткізу»;
6) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылмайтын бір рұқсат беру және қадағалау қызметі:
«Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру».
2017 жылғы 10 айда рұқсат беру және қадағалау қызметі бойынша 967 адам жүгінді, 967 өтініш қаралды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес толық құжаттар топтамасы болмауына, басқа да себептер бойынша – 116 адамға өтініштерін қараудан бас тартылды.
Сондай-ақ 10 айдың ішінде бөлімге жеке тұлғалардан 297 өтініш, заңды тұлғалардан 40 өтініш түсті, 92 өтініш түсіндірілді, 245 өтініш қанағаттандырылды.
2016 жылдан бастап 2 тұрғын үй құрылысы объектілері бойынша ЖСҚ түзету жүргізілуде.Осы мақсаттар үшін қалалық бюджеттен әрбір объектіге 2,05 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Осы объектілер 2018-2020 жылдары объектілер құрылысын қаржыландыру үшін ҚР ҰЭМ ҚІК алдын ала өтінілген болатын.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдаламасын іске асыру аясында, Островский көшесі, 42 мекенжайы бойынша 60-пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыстық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен әзірленген, төмендегі жобалар бар:
- «ШҚО Риддер қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені»;
- «Риддер қаласынан Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының шекарасына дейін 6 кВ ЭБЖ»;
- «ШҚО Риддер қаласындағы «№ 38 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК ғимаратының шатырын реконструкциялау»;
- «Риддер қаласының сумен қамту және су тарту желілерін реконструкциялау»;
- ШҚО Риддер қаласындағы «Балапан бөбекжай-балабақшасы» КМҚК ғимаратының шатырын реконструкциялау»;
- «ШҚО Риддер қаласындағы «№ 41 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК ғимаратының шатырын реконструкциялау»;
- «ШҚО Риддер қаласында Риддер ТЭЦ АҚ қоғамынан Ø 500 мм қолданыстағы магистральді кесумен Ø 700 мм жер үстіндегі құбыр»;
- «ШҚО Риддер қаласының 6, 7-ықшамаудандарының магистральді электр желілері».
Бір жоба әзірленуде:
- «ШҚО Риддер қаласының сумен қамту және су тарту тазалау ғимараттарын реконструкциялау».
Екі объектінің (6-ықшамауданы, 18 поз., Островсикй көшесі, 40 мекенжайы бойынша 60-пәтерлі тұрғын үйдің) ЖСҚ түзету жүргізілуде. Қазіргі уақытта жоба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қажет.
Бөліммен 2018-2020 жылдарға бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін құру бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ бөлім мамандарымен тұрақты түрде жобалау және құрылыс мәселелері бойынша, жоспарлау, қарау, сұрыптау, мониторинг және мемлекеттік сатып алу ұйымдарында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалау мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсетеді.

«Риддер қаласының сәулет,
қала құрылысы және құрылыс
бөлімі» ММ басшысының м.а. А.Сладкевич