+7 (72336) 4-27-00

2017 жылы жолдардың, аяқжолдардың,аула ішіндегі аймақтардың және жүрістердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындауға 311,2 млн.теңге бөлінді, соның ішінде:
- Жолдардың асфальтбетон жабындысының ағымдағы жөндеу жұмыстары 150,7 млн.теңге немесе 44,9 мың.кв.м. (4490).
- қиыршық таспен жабылған жолдардық ағымдағы жөндеу жұмыстары - 41,7 млн.теңге немесе 63,8 мың.м. (12,8).
- аяқжолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары – 45,2 млн.теңге немесе 13,2 мың.ш.м. (6,6 км)
- шұңқырларды жөндеу – 2, млн.теңге немесе 0,63 мың.кв.м.
- жазғы жолдарды күту – 4,2 млн.теңге.
- қиыршық тас жолдарды күту – 6,4 млн.теңге.
Ағымдағы жылда жалпы 6933868,283 мың.теңге соммаға «Шығыс-Қазақстан облысы Риддер қаласының көшелерін қайта құру» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаны бастау үшін ағымдағы жылда 400 млн. теңге мөлшерде бөлінді. Жобамен Риддер қаласының көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда: Тәуелсіздік даңғылы, Ауэзов көшесі, Тохтаров көшесі, Семеновой көшесі, Совхозный көшесі, Островский көшесі. Аталған көшелерде аяқжолдарды, сонымен қатар өтетін бөлігін жиек тастармен орнату және құру жоспрланған.
2017 жылы облыстық бюджеттен Риддер қаласы көшелерінің жөндеу жұмыстарына 150 млн.теңге бөлінді. Аталған құралдар көшелердің жөндеу жұмыстарына арналған: Шоссейный, Бухмейера, вокзал алаңына, Тишинский көтерілімі, Безголосов көшесі жолынан Победа көшесіне дейін.
Шоссейный көшесі 1,9 ка ені 10 м;
Бухмейера көшесі, 2570 м, ені 10 м;
Тишинский көтерілімі 0,85 км, ені 10 м;
Безголосов көшесі жолынан Победа көшесіне дейін 0,09 ка, ені 15 м;
Вокзал алаңы 510 м, ені 10 м.
Жол белгілерін сақтауға және жөндеуге 1209 мың.теңге мөлшерде құралдар бөлінді, белгілерін дайындауға және орнатуға 4127 мың.теңге бөлінді. Бүгінгі күнде аталған жұмыс түрлерін орындауға «Алтайновотех» ЖШС шарт бекітілді.
Бүгінгі күнде «3 дабл ю» ЖШС мердігерлік ұйыммен Риддер қаласының аймағында жол белгілерін түсіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыс түрлерін орындау үшін 2 мон.теңге мөлшерде құралдар бөлінді.
Ағымдағы жылда «Энергия» ЖШС мердігерлік ұйымымен Бухмейера көшесінің және Чапаев көшесінің өткеліне жалпы сомма 3,4 млн.теңгеге бағдаршам объектісін орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.
«Евразия» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы сомма 11070 мың.теңгеге тоқтайтын орынға алаңша орнату бойынша жұмыстар орындалуда. Аталған жұмыс түрлері орындалғаннан кейін «Казпроектинновация» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы сомма 7,2 млн.теңгеге 16 автобустық тоқтайтын орын орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Абаттандыру бойынша ақпарат
2017 жылы санитарлық тазалау, қоғамдық аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру аясында келесі жұмыстар түрлері орындалды:
-540 ағаштарды кесуге 9,8 млн.теңге бөлінді
- гүлбағын ұйымдастыру Республика алаңына, (Бәйтерек) айналасына, Ауған саябағына, Мәдениет сарайы алдына, Ардагерлер саябағына және 4 аудандағы саябағына отыргызылды. 2017 жылы отырғызылған гүлдердің жалпы көлемі 100 000 бір жылдық гүлдер (қатарынан 6280 кв.м артық).
- күту жұмыстарына 2,9 млн.теңге бөлінді, жалпы алаңы 12,0 мың. м2.
- Екі рет шөпті ору – Тәуелсіздік, Гагарин даңғылы, Островский, Айдарханов, Победа, Гоголь, Чапаев, Тохтаров, Семеновой, Ауэзов, көшелері бойынша Тохтаров, Ауэзов, Тәуелсіздік, Клинка, Безголосов, Гагарин, Гоголь, Свердлов, Валиханов, Семеновой, Чапаев, Қонаев көшелері, Ауған, Ардагерлер, Республика алаңы, Тойшыбаев гүлбақтары бойынша шөптерді оруға жалпы алаңы 75 га, 2,0 млн.теңге соммасына.
- балалар ойын алаңын дайындауға және орнатуға 4,1 млн.теңге бөлінді.
- Тойшыбаев гүлбағының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8,2 млн.теңге бөлінді, Республика алаңындағы бұрқақтың жөндеу жұмыстарына 5,0 мың.теңге.
- Жағалау аймақтарын дератизациялауға 384 мың.теңге бөлінді (барлығы 12 Га). Жағалау аймақтарында дератизация 1 га 200 нүкте бойынша тілмесінің ені 3-5 м шахмат тәртібімен жүргізілді (1 нүктеге ащы жемі 20-30 гр).
- Көзбен шолу ақпаратын орналастыру жалпы алаңы 2200 м2, 3,2 млн.теңге;
- Қоғамдық аймақтардан қоқыстарды, апатты үйіндіні шығару бойынша жұмыстарды орындауға 15 081 мың.теңге соммасына, жалпы көлемі 25920 м2.
Бүгінгі күнде 50 млн.теңге соммасына «Әйгерім» саябағының жөндеу жұмыстары жалғастырылуда, 10 ағаш мүсіндерін дайындау 1 млн.теңге соммасына.
Мерекелік іс-шараларды жүргізуге келесі жұмыстар қарастырылған:
- Қар (мұз) қалашығын ұйымдастыру бойынша 980 мың.теңге бөлінді, 10 қар мүсіндерін дайындауға, жалпы көлемі 40 м3;
- Шыршаларды орнатуға 5,764 млн.теңге (3700 метр гирлянда).
- Қар (мұз) қалашығын жарықтандыруды ұйымдастыру (гирлянданы монтаждау жалпы ұзындығы 2500 метр) 2,3 млн.теңге соммасына.
2017 жылы бюджетте «ШҚО, Риддер қ. Елбасы Президенті саябағы» құрылысына ЖСҚ өңдеуге 10 млн.теңге қарастырылған, жобаға сәйкес, шаңғыроллерный және велосипед трассасы, арқан қалашығы, скейдборға және стритболға арналған алаң, ауланы түнгі жарықтандыру, жолдарды және өтетін жолдарды жабу, шағын сәулет үлгілерін абаттандыру және инженерлік желілерді орнату.
Бүгінгі күнде облыс бюджет құралдар есебінен 10 спорттық алаңдарын Workout орнату бойынша 41,0 млн.теңге соммасына жұмыстар жүргізілуде, өгей бұтақшаларды және түбірлерін қопрау (440 дана) 50 млн.теңге соммасына, гүлзарларды ұйымдастыру (16000 гүлдер) 4,0 млн.теңге соммасына.

2017 жылы апта сайын «Огонек» аймағында, құрамда ТКШ, СЭС, ІІБ, Риддер қ. кәсіпкерлер бөлімі өкілдерімен олардың ведомстволық бағынышты тиісті тәуелсіз аймақтарында санитарлықты сақтау бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді, 48 (ескертулер) – хатамалар құрылды.
17.04.2017 жылғы № 343 Риддер қаласы Әкімдігінің Қаулысымен 2017 жылдың 17 сәуірінен 17 маусымына дейін қаланы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екі айлық жүргізілуде, әр сенбі санитарлық күн деп жарияланды, 21, 29, 6 мамырда жалпы қалалық сенбілік жүргізілді. Қоғамдық аймақтардан қоқыстарды, апатты үйіндіні шығару бойынша жұмыстарды орындауға 15 081 мың.теңге бөлінді. 2017 жылы сенбілік кезеңінде 5040 м3 шығарылды. 220 жапырақ тұқымды көшеттерін, 150 қайын көшеттерін отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілді.