+7 (72336) 4-27-00

Инвестициялар мен құрылыс жұмыстарының көлемін, бюджеттік жобалардың,сол сияқты шағын және орта кәсіпкерлік, шаруашылық жүргізуші субъектілер жобаларының егжей-тегжейлі тізбесін неғұрлым толық есепке алу бойынша статистика органдарымен бірлескен жұмыс шеңберінде Негізгі капиталға салынған инвестициялардың және құрылыс жұмыстары көрсеткіштерін орындау алгоритмін орындау мақсатында қалалық статистика басқармасына 26.10.2017 жылғы №01-22-814, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының статистика департаментіне – 31.10.2017 жылғы № 2-25-10102 хатпен жеткізілді. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және жобалардың жасалған тізбесін пысықтау үшін облыстық статистика департаментімен салыстырып тексеру жүзеге асырылды.
Құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар шеңберінде 2017 жылы іске асыру мерзімімен бюджеттік жобалары бар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жұмыс жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарына ЭҚТЖ сәйкес келмейтін кәсіпорындар анықталды, осы кәсіпорындар құрылыс жұмыстарына жататын екінші ЭҚТЖ атау мүмкіндігіне пысықталуда. Риддер қаласының аумағында ҚМЖ жүзеге асырушы басқа жақтан келген заңды тұлғалармен жұмыстарды орындау аумағында статистикалық есептілікті көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. Ай сайын мердігерлік ұйымдардың тізімі пысықтау және оларды статистикалық есептілікке енгізу үшін статистика органдарына жолданады.