+7 (72336) 4-27-00

Риддер –бұл үлкен спорттық дәстүрлері бар қала, ондаған шеберлер, жоғары санаттағы чемпионаттар мен жарыстардың жүлдегерлері спорт өміріне жолдама алған. Қаланың тұрғындары 57578 адамды құрайды, оның ішінде дене шынықтыру –сауықтыру және спорт жұмысына 17642 адам тартылған (32.6 пайыз тұрғындар санына).
Қалада спорттық мекемелері бар: «Сокол» стадионы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 жүзу бассейін, 17 спорт залдары, 1 жапсарлас салынған спорт залы, 22 ашық спорттық алаңдар, жаттығу залдары, 2 от ату орны, 4 шаңғы базасы, 16 хоккей корттары соның ішінде мұз алаңдары. Дене шынықтыру және спорт бойынша жұмыстарды 126 адам жүзеге асырады (жалпы білім беру мектептеріндегі, балабақшаларда, орта-арнайы мекемелерде дене шынықтыру және спорт мұғалімдері, бапкер-мұғалімдер, жаттығу залдарында нұсқаушылар).
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде дзюдо, бокс, атлетикалық гимнастика, үстел тенисі бойынша секцияларда 230 адам жаттығады, және «Ладья» шахмат-шашка клубы жұмыс істейді.
Риддер қаласының БЖСМ (Гагарина көш., 3, директордың м.а. Ж.А. Нагайболова)еркін күрес,футбол, бокс, тоғыз-құмалақ, жеңіл атлетика,волейбол, сноуборд, жүзу бөлімдері жұмыс істеп, 1012 оқушылар жаттығады-27 бапкер жұмыс сітейді, ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ОРБЖСМ (4 ықш/ауд, 1 үй, директор Ю.В. Бекетов), шаңғы жарыстар, тау шаңғы, сноуборд және биатлон, шаңғы қосайқас бөлімдерінде 316 адамдар жаттығады, 23 бапкер жұмыс істейді, РСМИ және ОРК (республикалық спорттық мектеп интернаты және олимпиадалық резевтегі колледж, директоры В.В. Кнауб), шаңғы жарыстар, биатлон, шаңғы жарыстар, фристайл, жеңіл атлетика бөлімдерінде 219 оқушылар жаттығады, оның ішінде 75 спортшы Риддер қаласынан-32 бапкер, сондай-ақ РСМИ және ОРК базасында спорттық колледж бар, онда 60 студент оқиды. Осы жерде қысқы кезеңде жыл сайын шаңғы жарыстары, биатлон және тб бойынша ірі халықаралық жарыстар, республикалық спартакиадалар, ШҚО чемпионаттары өткізіледі.
Қалада 2132 мүгедектер тұрады. Олардың ішінде дене шынықтыру және спортпен 132 адам жаттығады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар спортпен жаттығу үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешені қол жетімді, аптасына 2 рет тәжірибелі нұсқаушылар мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жеке сабақтар өткізіледі. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 3 нұсқаушы жұмыс істейтін Риддер психо-неврологиялық медициналық әлеуметтік мекемесімен тығыз байланыста. Мекемеде 2 жаттығу залы, спорттық жазғы алаңы бар. Өскемен қ., Новаторова, 11/1 «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық клуб» КММ-нен жүзу және жеңіл атлетика бойынша бапкерлер жұмыс істейді. Спортшылар қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы V республикалық чемпионатта Риддер қаласынан спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медалдарына ие болған.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында армрестлинг бойынша Румия қ. Польша Республикасында өткен әлем Кубогында «Риддер қ. БДЖС» КММ тәрбиеленушісі Данияр Ауданбек ІІ орынға ие болған.
Спортпен шұғылдануға тартуды ұлғайту мақсатында, Риддер қаласының әкімдігімен жаттығушылар құрамына 4 пәтер бөлінген. Білікті жаттықтырушылар облыстық спорт мектептерінен шақырылатын болады. Аталған жобаны іске асыру үшін шығармашылық гимнастика үстел теннисі бойынша бапкерлермен сөйлесулер жүргізілуде. Қазіргі таңда Өскемен қаласынан «Восток» клубынан футбол бойынша бапкер келген.
Қалада волейбол, футбол, үстел теннисі, хоккей бойынша ардагерлер бойынша жарыстар өткізіледі.
2017 жылғы 28 қаңтар және 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Риддер қаласынан 30 спортшы қатысқан. Қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Пченхане қ. 2018 жылы өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына белсенді дайындық өткізіледі.
Риддер қаласының спортшылары 2020 жылы Токио, Жапония қ. Олимпиадалық ойындарға қатысуға дайындалуда және лицензия алу жоспарланған: ол- марафона Ирина Смольникова және Лейменов Андрей, сол секілді 400 метрлі дистацияға Михина Элина.
2017 жылы жаттығу процесстерін және тұрғындарының демалыстарын сапалы өткізу мақсатында «Сокол» стадионының спорттық ядросына күрделі жөндеу, дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне ағымдағы жөндеу жүргізуілуде. Спорттық модулде еден жабындысын жақсарту мақсатында «Спорт модулде» спорттық линолеум орнатылған. Қараша айында жаңартылған Спорт модулі келушілерге ашылды. 2017 жылғы 25-26 қарашада дене шынықтыру –сауықтыру кешенінде 186 адам қатысқан Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Риддер қаласының ашық чемпионаты өтті.
2017 жылғы қараша айында Өскемен қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында XVI мемлекеттік қызметшілер арасында Облыстық Спартакиада өтті. Жарыс қорытындылары бойынша Риддер қаласы келесі жүлделі орындарға ие болды: шахматтан-1 орын, волейбол-2 орын, футзал-3 орын.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қаланың бөлек аудандарындағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту мақсатында, 7-ші ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына инвестициялық жоба әзірленген және бекітілген. Қазіргі таңда салалық және экономикалық қорытынды алынған, ШҚО құрылыс басқармасына тапсырыс берілді.
Шаңғымен трамплиннен секіру секілді спорт түрлерін жаңғырту үшін, қалада жаз-қыс жабындысымен 40 метрлі трамплин орнату жоспарланған. Қазіргі таңда ЖСҚ дайындау үшін қажетті тұжырымдама дайындау үшін бюджеттік тапсырыс берілген.
«Құрылыс» стадионын қайта құру үшін инвестициялық жобаны тапсыру үшін құжаттар пакеті қалыптастырылуда. Аталған жобаларды іске асыру кезінде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың санын 38 %-ға дейін ұлғайту жоспарланған.
Қазіргі уақытта қалада әйгілі спорт түрлері –шаңғы, өйткені осы түрлермен жаттығу климаттық жағдайға сәйкес келеді. Сол секілді Риддер спортшылары облыстық жарыстарда лайықты бәсекетік жасайтын, футбол, волейбол, баскетбол-ойын түрлері, еркін күрес, бокс, жеңіл атлетика дамыған.

МӘДЕНИЕТ.

«Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ санында 9 нысан ұсынылған: «Мәдениет сарайы» КМҚК, «Риддер қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» , оның ішінде 6 кітапхана, (Бутакова ауылында 1 кітапхана), «Халықтар Достығы үйі» КМҚК1 этно бағыталған «Қазақ тілі» қоғамы және 14 этномәдени бірлестіктері кіреді, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының құзыреттілігіндегі «Риддер тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК, «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» МКҚК.
Риддер қаласының аумағында Мемлекеттік реестрге кіретін 3 тарихи-мәдени мұралар ескерткіштері тіркелген. Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров ескерткіші республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұралар ескерткішіне жатады. Даңқ ескерткіші, ҰОС жылдарында Лениногорск қ. әскери ауруханасында жарақаттан қаза болған жауынгерлер зираты жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралар ескерткіштеріне жатады.
Мәдениет сарайында 500 адам шұғылданатын әр түрлі бағыттар мен жанрларға бағытталған 15 шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді. Бұл вокалдық топтар «Фантазия», хореографиялық топтар «Ритмы детства», «Томирис», «Экзерсис», «Престиж», ардагерлер хоры «Память» бейнелеу өнерінің студиясы және басқалар. Олардың барлығы қалалықтан Халықаралық фестивалдердің, байқаулардың, әртүрлі деңгейдегі көрсетілімдердің жүлдегерлері, дипломаттары, лауреттары болып табылады.«Ритмы детства», «Любавушка» хоры, «Память» ардагерлер хоры, ИЗО-студиясы «Халықтық» атағына ие. «Экзерсис» хореографиялық топтаржәне «Томирис» хореографиялық студиясы «Үлгілі» атағына ие.
«Мәдениет сарайы» КҚКМ құрамына Үлбі ауылды округінде орналасқан, көздері көрмейтін және нашар көретін адамдардың клубы кіреді. Көздері көрмейтін және нашар көретін адамдардың клубы мүмкіндіктері шектеулі тұрғындармен жұмыс жасайды. Клубта «Любавушка» вокалдық тобы «халықтық» атағына ие.
Ай сайын тұрғындарға қаланың жастары мен балалардың демалыстарын ұйымдастыруға, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, демалысты ұйымдастыруға бағыталған, әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.
Осы мекеменің базасында 12 үйірме жұмыс істейді, онда 200 адам дәріс алады.Халықтар Достығы үйінде келесі студиялар жұмыс істейді: «Шеберлер қаласы» қолданбалы халықтық шығармашылығы,, мәдениетттің өзгешелігін насихаттайтын мәдени, хореографиялық, халықтық фольклор, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Халықтар Достығы үйінің тұсында мемлекеттік, поляк, әзірбайжан, неміс және ағылшын тілдерін оқыту бойынша курстар жұмыс істейді. Отбасында толернаттық тәрбилеудің мәселелерін реттеу, аналар Кеңесі, медиация кабинеті құрылған қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап жастар қанаты жұмыс істейді.
2017 жылғы қараша айында мәдениет мекемелерімен Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар өткізілді.
2017 жылғы 22 қарашада «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысымен желілік кестеге сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша түсіндіру кездесуі өтті. Аталған кездесуге мәдениет және спорттық ведомствоға қарасты 30 адам қатысты.

Тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік Бағдарламасы
«Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» орындау мақсатында жұмыстар атқарады.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК атқарады. 2017 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарында 351 адам, ағылшын тілі бойынша 98 адам, орыс тілі бойынша 29 тіл үйренуде. Орталықтың барлық тыңдармандарының саны – 478 адамды құрайды.
2017 жылы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ІІІ-кезеңі басталды. Бірінші тоқсан бойынша диагностикалық тестілеуден 300 адам өтті. 2017 жылдың 5 маусымы күні ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы диагностикалық және сертификаттық тестілеуден 570 адам өтті. Қыркүйек айына 410 адам диагностикалық тестілеуден өтеді деп жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Қате жарнамаға жол жоқ!» атты айлық өткізілді. Айлық аясында конкурстар, ҚР «Тілдер туралы Заңы» нормаларының сақталуына сәйкес қала бойынша барлық жарнамаларға және көрнекі ақпараттарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Барлығы 41 нысан қамтылып, 5 қателік анықталды. Жеке кәсіпкерлермен жүргізілген түсіндірме жұмыстардан кейін, қателіктер жойылды.
Тұрақты негізде бөлім қызметкерлерімен Риддер қаласында кәсіпкерлермен орналастырылатын баннерлерге мәтіннің аудармасын тексеру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 51 баннер нобайларының мәтіндерінің дұрыстығы бөліммен келісілді.
2017 жылдың 28 ақпанында мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге ұлт жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында, «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» қалалық байқауын өткізді. Облыстық «Тіл - парасат» байқауында «Риддер қаласының арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» әлеуметтік қызмет көрсету маманы Макарова Н. Н қатысып, 3-ші орынды иеленді.
2017 жылғы сәуірдің 10-і күні «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында қала мектептері мен колледждері арасында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауын өткізді.
2017 жылғы шілденің 13-і күні Қ.Қайсенов кентінде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық сайысы өткізілді. Аталған сайысқа шаңырақ көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Айдынқызы Айым қатысып, 2-ші орынды иеленді.
2017 жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тілдер шеруі» айлығы өткізілді. Аталған айлық аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілді: сайыстар, викториналар, көрмелер ұйымдастырылп, айлықтың қорытындысы ретінде Мәдениет сарайында «Тілдер шеруі» фестивалі өткізілді.
2017 жылы «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мен «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК барлығы 31 іс-шаралар өткізді, аталған шаралар бойынша 1730 адам қамтылды.
Қалалық кітапханаларда тұрақты түрде мемлекеттік тіл саясаты сұрақтары бойынша іс-шаралар өткізіліп тұрады.
23 және 24 қараша аралығында Глубокое ауылында басқа ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық форум өтті. Риддер қаласынан 3 делегат қатысты.