+7 (72336) 4-27-00

akimӨмірбаян:

Жомарт Хайдарұлы Мұратов, 1965 жылы 31 мамырда Киев қаласында (Украина Республикасы) дүниеге келген.

1989 жылы «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша Алма-Ата халық шаруашылық институтын аяқтаған.

1989 жылдан 1991 жылға дейін көтерме сауда бөлімінің инженері, тамақтану комбинатының бағалары бойынша бас экономист, тауартанушы, дүкен меңгерушісі болып қызмет етті.

1991 жылдан 2009 жылға дейін мемлекеттік мүлік жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық комитетінің жекешелендіру бөлімінің жетекші маманы, «Саур» шағын мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «Казметалл» АҚ өкілдігінің коммерциялық мәселелері жөніндегі директордың орынбасары, «Мишель-Трейдинг ЛТД» басқару фирмасы төрағасының орынбасары, «Востокнефтепродукт» АҚ президенті, «Өскемен-Мұнай» ЖАҚ және «Мұнай-Сауда» ЖАҚ бас директоры, «Қонаев атындағы ашық жинақ Зейнетақы Қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «Жәрдем Агро» аграрлық инвестициялық компаниясы» ЖШС атқарушы директоры болып қызмет етті.

2009 жылдың маусымынан бастап мемлекеттік қызметке ауысты. Құрылыс басқармасының бастығы, Ұлан ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2012 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2013 жылғы шілдеден бастап - Риддер қаласының әкімі.

Функционалдық міндеттер:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, министрліктермен, Қазақстан Республикасының ведомстваларымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, облыстық құрылымдармен байланысты жүзеге асырады.
  • Қаланың атқарушы органдарының қызметіне, салық салу, коммуналдық меншік мәселелеріне басшылық етеді. Бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қамтамасыз ету мәселелері, бюджеттің орындалуын бақылау.
  • Қалалық бюджеттік комиссияға басшылық етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілерін, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау және Риддер қаласын дамыту бойынша міндеттерді шешу.
  • Жергілікті атқарушы органдардың прокуратурамен, ҚІІБ, сот органдарымен, қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлық және қылмыспен күрес мәселелерін шешу туралы келісілген жұмыстарды қамтамасыз ету.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау:

Бірінші және үшінші сейсенбі сағат 14:30 - ден 
Біздің мекенжай: ШҚО, Риддер қ-сы, Семенова к-сі, 19 
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 
Телефон: 8 (72336) 42700
Факс: 8 (72336) 42573