+7 (72336) 4-27-00

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы - Назым Әлімқанқызы Алпысова

Alpisova

Өмірбаян:

Назым Әлімқанқызы Алпысова 1991 жылғы 07 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Алексеевка ауылында туылған. 2014 жылы Экономика мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін тәмәмдаған. Экономика бакалавры.

Еңбек қызметі:

03.08.2009 жылдан – 21.12.2009 жылға дейін – «ҚР ҚМ ШҚО Салық департаментінің Өскемен қаласының салық басқармасының уақытша штаттан тыс қызметкері.

18.04.2011 – 01.10.2011 жылға дейін Риддер қаласының ІІБ қаржылық қамтамасыз ету тобының маманы.

03.10.2011 жылдан – 25.08.2013 жылға дейін - «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің есепшісі.

01.09.2012 жылдан – 12.11.2012 жылға дейін – «№12 орта мектебі» КММ бас есепшісі.

13.11.2012 жылдан – 01.10.2013 жылға дейін - «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің есепшісі.

02.08.2013 жылдан – 01.10.2013 жылға дейін – уақытша жоқ қызметкердің кезеңінде «Риддер қаласы мәслихатының аппараты» ММ маман-есепшісі.

01.10.2013 жылдан – 01.11.2013 жылға дейін – міндетті арнайы тексеру кезеңінде «Риддер қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маман-есепшісінің м.а.

01.11.2013 жылдан-31.10.2014 жылға дейін – негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысының сақталуынсыз кезеңінде бас маман-есепшісі.

03.11.2014 жылдан-01.04.2016 жылға дейін - «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, есепші.

01.05.2016 жылдан - қазіргі уақытқа дейін "Риддер қаласы әкімі аппараты" ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы.

Функционалдық міндеттер:

  • мекеменің бухгалтерлік есебін, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемді жұмсауға бақылау жасау
  • мемлекеттік сатып алулар бойынша хабарландыруларды порталда орналастыруды жүзеге асырады, бір көзден мемлекеттік сатып алулар хаттамасын жасайды, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша ашық конкурстар өткізу бойынша құжаттаманы дайындайды
  • Үлгілік нысандар  қарастырмайтын шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттар формаларын, қаржылық жоспарларды қабылдау және дайындау, ішкі бухгалтерлік есеп беру құжаттарының формаларын өңдеу, сондай – ақ мүлікті түгендеуді өткізу тәртібін қамтамасыз ету  жөніндегі жұмыстарға және шаруашылық операцияларды өткізу, бухгалтерлік ақпараттарды дайындау технологиясын қадағалау және құжатайналым тәртібін бақылауға басшылық етеді
  • құжаттардың заңды, уақытында және дұрыс ресімделуін, жергілікті бюджетке салықтарды, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға сақтандыру жарналарының  дұрыс есептеу және қайта есептеулерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
  • жетіспеушіліктер, қаражатты және тауарлы материалдық құндылықтарды мақсатты емес пайдалануын, қаржы және еңбек заңнамаларын бұзушылықтың алдын алу бойынша шара қолданады.
  • бухгалтерлік құжаттар тәртібінің сақталуына бақылау жасайды
  • штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің қатаң түрде сақталуын қамтамасыз ету жөнінде жұмыстарды жүргізеді
  • мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі жағдайы және нәтижелерін жоспарлау және талдау жүргізеді
  • ағымдық бюджеттік бағдарламалар үшін бөлінген шығындар лимиттері шегінде бюджеттік тапсырысты болжауды және құруды жүзеге асырады.
  • сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білуі, сапа саласындағы саясатты қолдана алуы. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы - Мизимбаева Оразгүл Сарсенбекқызы

Mizimbaeva

Өмірбаян:

Мизимбаева Оразгүл Сарсенбекқызы 1990 жылы 12 сәуірде Семей қаласында (Қазақстан Республикасы) дүниеге келді.

2012-жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша «Бакалавр» дәрежесін  алды.

2013-жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясында бітіріп,  «Қаржы» мамандығы бойынша «Бизнес және экономика магистры» дәрежесін алды.

2012-2016 жылдар аралығында АҚ «БТА Банк» ШҚФ шағын және орта бизнес кредиттік эксперт  қызметін атқарды.

2016-жылы мамыр айынан бастап мемлекеттік қызметке Риддер қаласы әкімшілік аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің  «Бухгалтер» қызметіне  ауысты.

Функционалдық міндеттер:

 

  • Есептеулердің барлық түрлері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау мен өңдеуді жүзеге асырады (табельдер, есеп парақтары, еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек  шарттары).
  • «1С–Кәсіпорын» бағдарламасында штаттық кестені, еңбек ақыны есептеулерді, есептік ведомостарды берумен барлық ұстап қалу түрлерін, тиісті жазбалармен №5 мемориалды ордерді компьютерлік өңдеуді жүргізеді;
  • МЗТО бағдарламасында қызметкерлерге зейнетақы және әлеуметтік ақша аударуларды жүзеге асырады және электронды тасымалдауда Қазынашылық органдарына береді.
  • Әкім аппаратының әрбір қызметкері бойынша кірістер мен ұстап қалулар көрсетілетін 6 қосымшаны толтырумен табыс салығы бойынша, декларацияларды және 2 қосымшаны толтырумен әлеуметтік салық бойынша есептіліктің уақытында құрылуын жүзеге асырады;
  • Ай сайын трансферттер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы және ай сайын трансферттердің игерілуі бойынша мәліметтер беру туралы есепті құрады;
  • Толық және нақты толтырылған карточкаларды жүргізе отырып, есеп беретін тұлғалар бойынша негізгі қорлардың есебін жүргізеді;
  • Аз құнды және тез тозатын заттар есебін және есептен шығарылуын жүргізеді;
  • Негізгі құралдарды, ақшалай қаражаттарды, тауар-метераилдық құндылықтарды түгендеу және тозуын есептеуді жүргізуге қатысады;
  • Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасайды және оған өзгерістер енгізеді;
  • Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге тапсырыстар дайындайды;
  • Ерекшеліктер бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына түсіндірмелер жасайды;
  • Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білу, сапа саласындағы саясатты қолдана алу.
  • Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.