+7 (72336) 4-27-00

Қалалық мәслихаттың
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 43/16-V шешімімен бектіліген 

Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

 І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің құқықтық мәртебесі
  1. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңес туралы Ережесі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы  Заңының (одан әрі - Заң) 8 бабының 5 тармағына сәйкес жасалған
  2. Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі – Риддер қаласының жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

3.Мемлекеттік органдардың жанынан осы Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар "Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі" атауына ие бола алмайды және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.

4.Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі өз қызметінде Конституцияны, оған тиісті заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің мақсаттары мен міндеттері

Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты -  өңірдің азаматтық қоғамының қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылады.

  1. Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің міндеттері:
  2. азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және   облыстық  деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен  жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Риддер қаласы Қоғамдық кеңесі қызметінің қағидаттары

Қоғамдық кеңес өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) қоғамдық негіздегі қызметі;

2) автономдық;

3) дербестік;

4) жариялылық;

5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

4.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілеттіктері

1.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілеттіктеріне мыналар:

1)бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

2)бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;);

3)атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4)бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5)азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6)қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

8)қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

9)Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

8.Осы баптың 7-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

5.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

  1. Риддер қаласы Қоғамдық кеңесі мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;

2)тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша орталық атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;

3)осы Заңда белгіленген  құзыреттілік шеңберінде қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

10.Өз қызметінде Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі  және оның мүшелері:

1)Қазақстан Республикасы Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

2)өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

3)жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің қызметі туралы ақпарат беруге;

4)өз қызметі туралы жылдық есепті БАҚ –та жариялау, интернет-ресурста орналастыруға міндетті.

5)жылына бір реттен сиретпей жыл қорытындысы бойынша Риддер қаласы әкімінің есебін тыңдауға.

ІІ. РИДДЕР ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ

11.Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі және оның құрамы мемлекеттік орган өкілдерінің санынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдар, азаматтардың өкілдерінен, Риддер қаласы мәслихатының хатшысы  басқаратын жұмыс топтары қалыптастырады. Риддер қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы , оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

12.Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын Риддер қаласы мәслихатының хатшысы айқындайды.

13.Азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

14.Жұмыс тобының сандық құрамы Риддер қаласы мәслихатының хатшысымен бекітіледі.

15.Риддер қаласының мәслихаты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу жөнінде хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) интернет ресурста орналастырады.

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде Риддер қаласы мәслихатына жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

17.Азаматтық қоғам атынан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

18.Риддер қаласының мәслихаты конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.

19.Риддер қаласы мәслихатының хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.

20.Отырыста коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі. 

21.Жұмыс тобының құрамы Риддер қаласы мәслихатының хатшысымен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.

22.Жұмыс тобының құрамы Риддер  қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында жарияланады.

2.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмыс тобының өкілеттіктері

23.Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1)тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2)Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3)Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

4)Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын осы Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

3.Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

24.Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.

25.Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.

26.Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.

27.Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.

28.Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.

29.Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Риддер қаласы мәслихатының интернет-ресурсында конкурсқа қатысу үшін оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.

30.Жұмыс тобы отырыстарда Риддер қаласының Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.

31.Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

32.Құрылған Риддер қаласының Қоғамдық кеңес құрамы Риддер қаласы мәслихаты сессиясының шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және Риддер қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

33.Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.

34.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің  төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.

ІІІ.РИДДЕР ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ 

ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

1.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері

35.Отырыс Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің жоғары органы болып табылады.

36.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің  төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

37.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің  төралқасы:

1)Риддер қаласының Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2)Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3)Риддер қаласының Қоғамдық кеңесі қызметінің ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді.

2.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері

38.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы:

1)Риддер қаласы Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырады;

2)отырыстарда төрағалық етеді;

3)Риддер қаласының Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

4)Риддер қаласының Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5)өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Риддер қаласының Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

39.Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1)Риддер қаласының Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2)Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінде іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Риддер қаласының Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

3.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыру

40.Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.

Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Риддер қаласының Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

Риддер қаласының Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.

  1. Риддер қаласының Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

Қажет болған жағдайларда Риддер қаласының Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

42.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес отырыстары тоқсанда бір рет және қажет жағдайда өткізіледі. Оның үштен кем емес қатысушыларының ұсынысы бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.

43.Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

44.Риддер қаласының, облыстың қалалар мен аудандарының Қоғамдық кеңесі өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-әрекет жасайды.

45.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.

  1. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы

46.Қоғамдық кеңес халықты:

1)азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері туралы;

2)Риддер қаласының Қоғамдық кеңес құрамы, оның мүшелерін ротациялау;

3)отырыстардың күн тәртібі;

4)қабылданған шешімдер;

5)қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.

47.Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) интернет-ресурстарда орналастырылады.

5.Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

48.Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау Риддер қаласы әкімінің баяндамасын және Риддер қаласының мәслихат хатшысының, Риддер қаласының Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.

49.Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:

1)есепті тыңдау күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.

  1. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:

1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;

2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұсқан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

3)мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.

51.Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

6.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

52.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

53.Риддер қаласының Қоғамдық кеңес мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.

54.Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінен шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Риддер қаласының Қоғамдық кеңес құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.

  1. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

55.Осы ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Риддер қаласы Қоғамдық кеңесінің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.