+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласы әкімінің аппараты кеңсе бөлімі туралы ереже.

Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыстық әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және Қазақстан      Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің орындалуына бақылау жасау;

Қала әкімі аппараты бөлімдерінде құжаттардың орындалуына  бақылау жасау  бойынша жұмыс тәжірибесін талдау және жалпылау; Бақылау күнін өткізуге құжаттарды дайындау;
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Электрондық үкіметті» құру мемлекеттік бағдарламасы іс-шараларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Қала әкімінің жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;
Қала әкімі аппаратында, Пригородный ауылдық және Үлбі кенттік округтері әкімдерінің аппараттарында азаматтардың өтініштерінің уақытында тіркелуіне және қарау мерзімдерінің сақталуына  бақылау жасайды.

 

«Риддер қаласы әкімінің апппараты» ММ кеңсесінің басшысы – Татьяна Анатольевна Баранникова.

barannikova

Өмірбаян:

Баранникова Татьяна Анатольевна 1964 жылы 28 шілдеде Ресей Федерациясының Алтай өңірінде туған. Орыс. Білімі жоғары – «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Функционалдық міндеттер:

1. Меңгеруші тікелей қала әкімі және әкім аппараты басшысының басшылығында жұмыс істейді.
2. Бөлім жұмысының тоқсандық жоспарын құрады, ұсынылатын материалдарды жинақтайды және жалпылайды, ақпараттар, анықтамалар, хаттар дайындайды.
3. Ауылдық және кенттік округтер, дербес бөлімдерінің жұмысын тексереді.
4. Қала әкімінің қабылдауын ұйымдастыруға қатысады.
5. Бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді.
6. Құпиялы іс – қағаздарын жүргізеді, құпиялы құжаттардың орындалуы мен өтуін, есепке алу мен сақталуын, оларды құпиялы құжаттармен жұмыс Ережелерімен сәйкес қолдауын бақылайды
7. Қала әкімі бақылаудан алу үшін бақылаудағы кіріс  хат – хабарларға талдау жүргізеді.
8. Қала әкімі аппараты бөлімдеріндегі құжаттардың орындалуына бақылау жөніндегі жұмыс тәжірибесін жалпылайды және талдайды және бақылауды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізеді; Бақылау күнін өткізу жөніндегі құжаттарды дайындайды.
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбалы бланктерін дайындау және сақтау, есепке алу жөніндегі талаптарына сәйкес әкім аппаратының машбюросын және әкім аппаратының қабылхана хатшысы, экспедитор (құжаттардың уақытылы таратылуы) жұмысын ұйымдастырады.
10. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ сапа менеджменті жүйесінде сапа жөнінде жауапты болып табылады, тікелей СБӨ (сапа жөніндегі басшылық өкілі) бағынады және сапа менеджменті жүйесін жетілдіру және оны жұмыс қалпында сақтау, әзірлеу мәселелері бойынша орынбасары болып табылады.
11. Қала әкімі аппаратының жиынтық істер номенклатурасын құрады. Қала әкімі аппаратының бөлімдеріндегі номенклатураға сәйкес құжаттардың істерге қалыптасуын бақылайды.

Байланыстар:

Біздің мекенжайымыз: ШҚО, Риддер қ., Семенова көшесі, 19
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тел.: 8 (72336) 40567
Факс: 8 (72336) 42573

 

Кеңсе бөлімінің мемлекеттік қызметшілері

Лауазымы

Аты-жөні

Қызметтік міндеттері

Қабылдау уақыты,
телефон

Кеңсе бөлімінің бас маманы


peresipko

Пересыпко
Светлана
Александровна

 

1. Бас маман бөлім меңгерушісінің басшылығында жұмыс істейді.

2. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ Электрондық қызмет орталығымен жұмыс жасауға жауапты тұлға болып табылады.

3. Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» Мемлекеттік бағдарламасын қалыптастыруды жүзеге асыру бойынша іс - шаралар жоспарына сәйкес, Қоғамдық қатынау пункттерінің жұмысына бақылауды жүзеге асырады.

4. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының арнайы есеп және құқықтық санақ Басқармасына есептік мәліметтерді түсіру үшін қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде заңды және жеке тұлғалардың Автоматтандырылған Ақпараттық Тұлғалар Өтініштерінің Бірыңғай Есебі Жүйесінің есептік мәліметтерін ай сайынғы жинақтау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

5. Қала әкімі аппаратында, Пригородный ауылдық және Үлбі кенттік округтері әкімдерінің аппараттарында азаматтардың өтініштерінің уақытында тіркелуін және оларды қарау мерзімінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

6.  Орындаушыларға орындалуы бақылауға алынған азаматтар өтініштерін қарастыру мерзімдері туралы апта сайын есіне салады.

7. Кеңсе меңгерушісі болмаған (демалыс, сырқаттану) кезінде оның міндеттерін атқарады

8 (72336) 46285

Кеңсе бөлімінің бас маманы

nigmetjanova

Нигметжанова
Риза
Советовна 

1. Бас маман бөлім меңгерушісінің басшылығында жұмыс істейді.

2. Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес қала әкімі аппаратында жалпы іс қағаздарды жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді.

3. Қала әкіміне, оның орынбасарлары мен бөлім меңгерушілеріне кіріс хат – хабарларды қарастыру үшін уақытында жеткізілуін және дайындалуын жүргізеді.

4. «Ұйымдастыру-өкімдік құжаттары» деректер базасы бөлімінде «Lotus Notes» бағдарламалық қамтамасыз етумен күнделікті жұмыс жүрігізеді.

5. Тоқсан сайын облыстық әкімдіктің бақылаудағы нормативтік актілерінің орындалу барысы туралы есептер дайындайды.

6. Пайда болған өзгерістерге сәйкес, қала әкімі аппараты істерінің жиынтық номенклатурасын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

7. Мұрағатқа сақтауға жататын құжаттарды мұрағатқа жыл сайын дайындауды және өткізуді жүзеге асырады.

8. Қала әкімі аппаратының қызметінде құралатын барлық құжаттардың жіберілуін, сонымен қатар жеткізілуін жүзеге асырады.

8 (72336) 46285

Кеңсе бөлімінің бас маманы-аудармашысы


ardak

Оралбаева
Ардак 
Жанатқызы

1. Бас маман бөлім меңгерушісінің басшылығында жұмыс істейді.

2. Мемлекеттік тілде нормативтік – құқықтық құжаттар мен өкімдік сипаттағы актілерді санауды, мемлекеттік тілде нормативтік – құқықтық актілердің дайындалуына бақылауды жүзеге асырады.

3. Қала әкімі аппаратының қызметінде қалыптасқан құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды жүргізеді.

4. Іс  қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен ауысуына бақылауды жүзеге асырады.

5. Іс  қағаздарын екі тілде ұйымдастыру мәселелері жөнінде қалалық органдарды тексеру жүргізуге қатысады.

8 (72336) 46285