+7 (72336) 4-27-00

Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы - Головина Светлана Борисовна

Golovina1Өмірбаян: 

Светлана Борисовна Головина 1966 жылы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Ленинагорск қаласында дүниеге келді.

1990 жылы инженер-металлург мамандығы бойынша М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтын тәмәмдаған.

1990 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ленинагорск қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашы болып жұмыс атқарды.

1998 жылдан бастап 2000 жылға дейін – «Үлбі кенттік округының әкімі» ММ бас маманы.

2000 жылдан бастап 2012 жылға дейін - Үлбі кенттік округының әкімінің орынбасары.

2012 жылдан бастап 2013 жылғы қараша айына дейін – «Л-ТВК» ЖШС жабдықтау жөніндегі менеджері.

2013 жылғы қараша айынан бастап – «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы.

 

Функционалдық міндеттер:

  • Қала әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Басқармасымен ұйымдастырушылық байланысын қамтамасыз етеді
  • Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, бөлімге басшылықты жүзеге асырады, бөліммен жүргізілуге қатысты мәселелердің шешілуіне жеке жауап береді.
  • Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі және олардың басшылық тапсырмаларын және өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауларын бақылайды.
  • Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату, мадақтау және жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді, жетекшілік ететін мәселелер бойынша, кадрлық жұмыс мәселелерінде бөлім мамандарының қызметтерін үйлестіреді, облыс әкімінің және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды.
  • Қала әкімі аппаратының, қаланың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметке өтумен байланысты заңнамалық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
  • Кадрлар резерві тізімін дайындайды және келіседі, басшылық лауазымдарға кадрлар резервімен жұмысты ұйымдастырады, мемлекеттік басқару органы қала әкімінің аппараты болып табылатын мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын, қала әкімі аппаратының қызметкерлерін тағайындауға басшылықтың тапсырмасы бойынша ұсынымдарды, нормативтік құқықтық актілерді дайындайды.
  • Бос лауазымдардың уақытша орнын басу бойынша атқарушы органдардың жұмысын қарайды, оларға тәжірибелік көмек көрсетеді; әкім аппараты мен дербес бөлімдердің қызметкерлерін лауазымынан босату, ауыстыру, тағайындау бойынша құжаттарды дайындаумен, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін,сондай-ақ еңбек кітапшаларын, қызметтік тізімдерін құрумен және жүргізумен айналысады; жоғарғы органдарға статистикалық есептілікті, кадрларды тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату жөніндегі ақпараттар мен мәліметтерді дайындайды және тапсырады.
  • Кадрлар резервін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, кадрлық және мемлекеттік қызметке өтудің өзге де мәселелеріне, бөлімнің өкілеттігіне жататын мәселелерге қатысты қала әкімінің, қала әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды; ай сайын аппарат басшысына өзінің және бөлім мамандарының функционалдық міндеттерін орындау бойынша қызметтік жазбахаттар дайындайды; қала әкімімен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік қызметшілердің кадрлық ауысуларының, тағайындалулары мен жұмыстан босатылуларының мақсатқа сай екендігі туралы қортындыны дайындайды  және қол қояды.
  • Орталықтандырылған тәртіптік комиссиясының хатшысы болып табылады.
  • Мемлекеттік және еңбек тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  • Марапаттар жөніндегі комиссияның, конкурстық, аттестациялық комиссиялардың жұмыстарын үйлестіреді.

 

Қызметкерлерді басқару бөлімінің бас маманы – Қалиева Айгерим Толеуахметқызы

KalievaӨмірбаян:

Қалиева Айгерим Толеуахметқызы 1988 жылғы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келген.

2005 - 2009ж.  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша  оқыған.

2009 - 2011ж. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Құқықтану»  мамандығы бойынша оқыған.

Күні  Лауазымы, жұмыс орны
Қабылданған Босатылған  
05.11.2010 04.01.2010 Өскемен қаласы әкімдігінің «Істерді басқару» КМҚК қаржы-шаруашылық бөлімінің маманы
01.04.2010 25.02.2013 Өскемен қаласы әкімінің қабылдау бөлмесінің инспекторы
25.02.2013 26.04.2016 Өскемен қаласы әкімдігінің «Істерді басқару» КМҚК №1 филиалының маманы
28.06.2016 28.12.2016 «Риддер қаласы әкімінің аппараты»  ММ іс жүргізу бойынша инспекторы
29.12.2016 Қазіргі уақытқа дейін   «Риддер қаласы әкімінің аппараты»  ММ  ұйымдастыру жұмыс бөлімінің бас маманы  

Функционалдық міндеттер:

  • орталықтандырылған конкурстық комиссиясының хатшысы болып табылады
  • ауысу тәртібімен тағайындауды келісу үшін материалдарды дайындайды
  • мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына конкурс өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады
  • өткізілген конкурстар туралы есептерді дайындайды
  • қаланың кадрлар резервінің жағдайын талдайды
  • мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізеді және оларды сақтайды
  • мұрағатқа тапсыру үшін, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істерін құрады
  • еңбек кітапшаларын толтырады
  • мемлекеттік қызметшілердің қызмет ету тізімін бақылауда ұстайды
  • арнайы тексеріс үшін материалдарды дайындайды және жолдайды
  • тәртіптік жазалар бойынша, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Ар-намыс кодексінің сақталуы бойынша есептерді дайындайды
  • мемлекеттік қызметшілермен салық комитетіне декларацияның уақытында тапсырылуына бақылау жасайды
  • қызметкерлерді басқаруды бағалау әдістемесі бойынша жұмысты жүзеге асырады
  • орталықтандырылған аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады
  • мемлекеттік марапаттарды дайындау және тапсыру, марапаттау құжаттарын тіркеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады
  • мемлекеттік қызметшілерді Өңірлік оқыту орталығында және ҚР Президенті жанындағы Академияда оқытуға дайындау және оқыту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады
  • қабылдау-жұмыстан босату және жыл сайынғы еңбек демалыстарын ұсыну бойынша бұйрықтар мен өкімдерді әзірлейді
  • еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылданатын қызметкерлер бойынша бұйрықтарды дайындайды.