+7 (72336) 4-27-00

Қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы - Яна Степановна Абрамовская

abramovskai

Өмірбаян:

Яна Степановна Абрамовская 1982 жылы 01 шілдеде ШҚО Лениногорск қаласында дүниеге келді. 2002 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Шығыс Гуманитарлық колледжін аяқтады. 2005 жылы «әлеуметтік жумыс маманы» мамандығы бойынша Шығыс Гуманитарлық институтын бітірді. 2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде «Незабудка» әйелдерді қолдау Орталығында психолог, әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс атқарды. 2004 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың маусым айына дейін «Үлбі кенттік округінің әкімі» ММ бас маманы болып мемлекеттік қызметте жұмыс атқарды. 2013 жылдың шілдесінен бастап «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарады.

Функционалдық міндеттер:

  • Қала әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Басқармасымен ұйымдастырушылық байланысын қамтамасыз етеді
  • Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, бөлімге басшылықты жүзеге асырады, бөліммен жүргізілуге қатысты мәселелердің шешілуіне жеке жауап береді.
  • Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі және олардың басшылық тапсырмаларын және өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауларын бақылайды.
  • Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату, мадақтау және жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді, жетекшілік ететін мәселелер бойынша, кадрлық жұмыс мәселелерінде бөлім мамандарының қызметтерін үйлестіреді, облыс әкімінің және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды.
  • Қала әкімі аппаратының, қаланың мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызметке өтумен байланысты заңнамалық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
  • Кадрлар резерві тізімін дайындайды және келіседі, басшылық лауазымдарға кадрлар резервімен жұмысты ұйымдастырады, мемлекеттік басқару органы қала әкімінің аппараты болып табылатын мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын, қала әкімі аппаратының қызметкерлерін тағайындауға басшылықтың тапсырмасы бойынша ұсынымдарды, нормативтік құқықтық актілерді дайындайды.
  • Бос лауазымдардың уақытша орнын басу бойынша атқарушы органдардың жұмысын қарайды, оларға тәжірибелік көмек көрсетеді; әкім аппараты мен дербес бөлімдердің қызметкерлерін лауазымынан босату, ауыстыру, тағайындау бойынша құжаттарды дайындаумен, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін,сондай-ақ еңбек кітапшаларын, қызметтік тізімдерін құрумен және жүргізумен айналысады; жоғарғы органдарға статистикалық есептілікті, кадрларды тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату жөніндегі ақпараттар мен мәліметтерді дайындайды және тапсырады.
  • Кадрлар резервін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, кадрлық және мемлекеттік қызметке өтудің өзге де мәселелеріне, бөлімнің өкілеттігіне жататын мәселелерге қатысты қала әкімінің, қала әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды; ай сайын аппарат басшысына өзінің және бөлім мамандарының функционалдық міндеттерін орындау бойынша қызметтік жазбахаттар дайындайды; қала әкімімен берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік қызметшілердің кадрлық ауысуларының, тағайындалулары мен жұмыстан босатылуларының мақсатқа сай екендігі туралы қортындыны дайындайды  және қол қояды.
  • Орталықтандырылған тәртіптік комиссиясының хатшысы болып табылады.
  • Мемлекеттік және еңбек тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады
  • Марапаттар жөніндегі комиссияның, конкурстық, аттестациялық комиссиялардың жұмыстарын үйлестіреді.
  • Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білуі, сапа саласындағы саясатты қолдана алуы. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

Байланыстар:

E-mail: akimat@ridder.gov.kz
Телефон: 8 (72336) 42576
Факс: 8 (72336) 42573

 

Қызметкерлерді басқару бөлімінің бас маманы - Баубекова Елена Викторовна

baybekӨмірбаян:

Баубекова Елена Викторовна 1991 жылғы 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында дүниеге келген. 2013 жылы «Кадастр» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін  тәмәмдаған.  2013 жылғы наурыздан 2013 жылғы  қазан аралығында жеке кәсіпкер Ю. А Рулевта сатушы – консультант болып жұмыс істеді. 2013 жылғы қараша айынан бастап 2014 жылғы тамызға дейінгі кезеңде «Риддер қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ техник.  2014 жылғы тамыз айынан бастап 2014 жылғы қазан айына дейін «Легард-7» ЖШС  ОБП операторы болды. 2014 жылғы қазаннан   2016 жылғы ақпанға дейін Т.А Келлер ЖК «Техника» дүкенінде сатушы – консультант. 2016 жылғы  наурыздан бастап 2016 жылғы маусым аралығында – «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ қоғамдық жұмыстар  бойынша маманның көмекшісі. 2016 жылғы  маусымнан  2016 жылғы қыркүйекке дейін «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ азаматтық хал актілерін тіркеу және мұрағатпен жұмыс  инспекторы болып жұмыс атқарды.   2016 жылғы қыркүйектен  2016 жылғы қазанға дейін «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ  архивариус. 2016 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы желтоқсан аралығында «Риддер қаласы  әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару бөлімі  маманының көмекшісі қоғамдық жұмыста. 2016 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы ақпанға дейін «Риддер қаласы  әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару бөлімі бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2016 жылғы 13 ақпаннан бастап «Риддер қаласы  әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 

 Функционалдық міндеттер:

  • орталықтандырылған конкурстық комиссиясының хатшысы болып табылады
  • ауысу тәртібімен тағайындауды келісу үшін материалдарды дайындайды
  • мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына конкурс өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады
  • өткізілген конкурстар туралы есептерді дайындайды
  • қаланың кадрлар резервінің жағдайын талдайды
  • мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізеді және оларды сақтайды
  • мұрағатқа тапсыру үшін, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істерін құрады
  • еңбек кітапшаларын толтырады
  • мемлекеттік қызметшілердің қызмет ету тізімін бақылауда ұстайды
  • арнайы тексеріс үшін материалдарды дайындайды және жолдайды
  • тәртіптік жазалар бойынша, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Ар-намыс кодексінің сақталуы бойынша есептерді дайындайды
  • мемлекеттік қызметшілермен салық комитетіне декларацияның уақытында тапсырылуына бақылау жасайды
  • қызметкерлерді басқаруды бағалау әдістемесі бойынша жұмысты жүзеге асырады
  • орталықтандырылған аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады
  • мемлекеттік марапаттарды дайындау және тапсыру, марапаттау құжаттарын тіркеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады
  • мемлекеттік қызметшілерді Өңірлік оқыту орталығында және ҚР Президенті жанындағы Академияда оқытуға дайындау және оқыту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады
  • қабылдау-жұмыстан босату және жыл сайынғы еңбек демалыстарын ұсыну бойынша бұйрықтар мен өкімдерді әзірлейді
  • еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылданатын қызметкерлер бойынша бұйрықтарды дайындайды
  • сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды, МС ИСО 9001-2008, СТ РК ИСО 9001-2009 стандарттары талаптарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білуі, сапа саласындағы саясатты қолдана алуы. Басқа бөлімдермен бірлесе отырып қолданыстағы ішкі құжаттарды өзгерту немесе күші жойылғандарын жою туралы ұсыныстар дайындау, ІНҚ әзірлеуге және жақсартуға қатысу, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізу.

Байланыстар:

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 
Телефон: 8 (72336) 42576
Факс: 8 (72336) 42573