+7 (72336) 4-27-00

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы (әрі қарай -Заң) 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа еңгізілді.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

  • 1) Мемлекеттік қызмет істері министрілігі айқындаған тәртіппен тестілеуден өту;
  • 2) Мемлекеттік қызмет істері министрілігінен қорытындысын ала отырып жеке қасиеттерін бағалау;
  • 3) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен  жаңа Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тесітлеуді ұйымдастыру бағдарламалары мен қағидалары бекітілді (әрі қарай- Қағида)

 "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу (әрі қарай – заңңнамаларын білуге тестілеу) үш бағдарламадан тұрады:

Бірінші бағдарлама бойынша: 9 заң, 110 минут, тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша: 8 заң, 100 минут, тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша: 6 заң, 80 минут, тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Кандидат заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өту кезінде жоғары шекті нәтижелерімен, 20 минут ішінде автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуге рұқсат етіледі.

Үміткерлердың жеке қасиеттерін автоматты түрде даму деңгейін анықтау аясында:      бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.

Үміткердің заңнамаларды тестілеудің нәтижелері бойынша сертификат беріледі, жеке қасиеттерін бағалауға қорытынды беріледі.

Олар бір жыл ішінде қолданыста болады және үшінші кезеңде мемлекеттік орган өткізетін әңгімелесу түріндегі жалпы конкурсқа қатысу үшін ажырамас құжаттар болып табылады.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары.

"Б" корпусының лауазымдарына үміткерлердің жеке қасеттерін бағалауға арналған  тестілеу бағдарламасы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).   

 Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) 

 Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.

      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, стратегиялық ойлану – 1,5 балл, көшбасшылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

      2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3,  C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.