+7 (72336) 4-27-00

Жергілікті атқарушы биліктің аса басымды міндеттерінің бір қала құрылысы қызметі болып саналады, яғни адамның мекендеу және өмір сүру әрекетінің материалдық ортасын қалыптастыру бойынша қызметі.

Қаланың аумағы 7752 га құрайды. Тікелей қалалық құрылыс ретінде 2980 га пайдаланылады.

01.01.2007 жылға тұрғындар саны - 50,7 мың адам, 1 кезекте - 55,0 мың адам, есептік мерзімде - 65,0 мың адам. Тұжырымдама бойынша 2035 жылға - 80,0 мың адам.

Риддер қаласының бас жоспары 2008 жылы әзірленіп, бекітілген.

Қаланы аумақтық дамыту деривациялық құбыр жағында оңтүстік-батыс бағытта қарастырылған.Өнеркәсіптік аудандардың сыртқы шекарасы өзгеріссіз сақталынады,ал қоныстандыру аумақтары 2есеге дейін артады.

genplan1

Бас жоспардың негізінде 5 және 6 ықшамаудандардың және Ботаника 3 тұрғын ауданының түбегейлі жоспарлау жобалары әзірленген.

5 және 6 ықшамаудандардың түбегейлі жоспарлау жобасы 81,85 га ауданды қамтиды және тұрғындар саны 10,2 мың адамға есептелген (соның ішінде қолданыстағы құрылысқа 2800 мың адам).

Екі ықшамдаудан бойынша жобаланған тұрғын үй пәтерінің жалпы ауданы 147 500 шаршы метрді құрайды: 5 қабатты жиырма бес, көбінесе 60 пәтерлі (4-құрылыс процесінде, 2-не ЖСҚ дайын)және әртүрлі пәтерлер санымен 9 қабатты бес тұрғын үйлер.Жалпы алғанда, 2020жылға дейін барлық санат бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаждар саны кезінде 1398 адам (отбасылық коэффицент кезінде 3,1-4350 адамға), 5және 6 ықшамаудандар қажеттілікті жабады.

genplan2

Сонымен бірге, құрылыс қарастырылған:

6 ықшамауданның аумағында:

- 600 орындық жалпы білім мектебі;

- бассейні және жасанды мұзы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

- аусымына 300 адамды қабылдайтын емхана;

- аралас тауарлар дүкені, мейрамханасы және дәмханасы бар салтанатты зал;

- 50 орынды қонақжай кешені.

5 ықшамауданның аумағында:

- 1000 оқушыға мектеп;

- 140 орындық екі балалар бақшасы;

- балалар шығармашылық үйі;

- тұрғындарға қызмет көрсету көп функционалдық кешені;

- 50 орындық дәмханасымен сауда орталығы;

- 200 көлік орнына жабық 4 қабатты автотұрақ және басқалары.

Тұрғын құрылыспен қатар инженерлік желілерді жобалау мен салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы Риддер қаласының 6,7 ықшамаудандары үшін магистралдық тораптарды салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны - 257,830 млн. теңге. 6,7 ықшамаудандардың магистралдық және ішкі кварталдық жылу желілерін салуға ЖСҚ әзірленуде (жобаны іске асырудың болжамды құны - 300,0 млн. теңге). Осы аудандарды қамтитын электр желілерін салу жобасына ЖСҚ әзірлеуді және іске асыруды тек электр подстанциясы салынғаннан кейін ғана жоспарлау мүмкін.

genplan3

Ботаника 3 тұрғын ауданының түбегейлі жоспарлау жобасы 2011 жылы әзірленген және өзінің мақсаты бар, бірінші кезекте ЖТС қамту. Аумағы 245 га. Халық саны 6661 адам. Тұрғын үймен қамтамасыз етудің орташа нормасы бір адамға 30 шаршы метр, коттедждер 41 шаршы метр.Тұрғын үй қорын құрылысқа аймақтау (тұрғын үйдің жалпы ауданынан %): 

- үй-жайлық үйлер - 42%;

- коттедждер - 4,3%;

- блоктан жасалған үйлер - 44%;

- 5 қабатты үйлер - 9,0%.

Қолданыстағы тұрғын қорға қосымша 201,24 мың шаршы метр тұрғын үй салу ұсынылған. Әрине түбегейлі жоспарлау жобасымен қажетті әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер тізбесі де қарастырылған.

Қосымша қолданыстағы тұрғын қорға 201,24 мың шаршы метр тұрғын үй салу ұсынылған. Түбегейлі жоспарлау жобасымен әрине қажетті әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер тізбесі қарастырылған.

Сонымен қатар, игеруді бастамас бұрын көрсетілген аудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс, ол үшін ЖСҚ әзірлеу керек. Күрделі салым көлемі, ЖСҚ әзірлеу үшін болжаммен 400,0 млн. теңгені құрайды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына инвестиция көлемі - 4,5 млрд. теңгеге жуық. Мәліметтер болжамды болып табылады және жобалаудың одан арғы сатысында анықталады.